Құрама кестенің тұрғызылуы

Құрама кестенің тұрғызылуы

 

  1. Excel программасын іске қосып, ертеде құрылған Кітап.xls жұмыс кітабын ашыңыз.
  2. Жеткізуші туралы мәліметтер жұмыс парағын ашыңыз.
  3. Мәліметтер базасы ішіндегі кез-келген ұяшықты ағымдық етіп алыңыз. Мәліметтер→Құрама кесте (Данные→Сводная таблица) командасын орындаңыз.
  4. Тізімде немесе Microsoft Excel мәліметтер базасында Құрама кесте (Сводная таблица) ауыстырып-қосқыштарының орнатылғанына көзіңізді жеткізіңіз. Ары қарай (Далее) батырмасын шертіңіз.
  5. Мәліметтер базасы ауқымының дұрыс таңдалынғанына көз жеткізіңіз. Ары қарай (Далее) батырмасын шертіңіз.
  6. Жаңа бет (Новоя страница) ауыстырып-қосқышы орнатылғанын көресіз. Макет батырмасын шертіңіз.
  7. Батырмаларды құрама кесте макетінің тиісті аймақтарына әкеліңіз: Ай батырмасын – Бет(Страница) аймағына, Жеткізуші – Бағана (Столбец) аймағына, Жиһаз батырмасын – Жол (Строка) аймағына, Саны батырмасын – Мәліметтер (Данные) аймағына.
  8. Мәліметтер (Данные) аймағындағы батырма Саны өрісінің қосынды түрін иемденеді. Бұл бізге қолайлы. ОК батырмасын шертіңіз.
  9. Параметрлер батырмасын шертіңіз. Атау өрісіне Жеткізудің құрама кестесі мәтінін енгізіңіз. ОК батырмасын шертіңіз. Сонан соң Дайын (Готово) батырмасын шертіңіз.
  10. Құрама кесте жұмыс парағының атын, оның түбіртегін екі рет шерту арқылы ауыстырыңыз.
  11. Дайын болған құрама кестеге көңіл аударыңыз. Ол нақты жеткізушіден жеткізу уақытына тәуелсіз, нақты қанша жиһаз келгенін көрсетеді. Осы ұяшықтағы мәліметтер негізінде құрылған жазбаларды жаңа жұмыс парағына көру үшін құрама кестенің кез-келген ұяшығына екі рет шертіңіз.
  12. Кесте өрісі атауларының тұсынан ашылатын жебелік батырмалар сәйкестендірілген өрістерде сұрыптау жүргізуге мүмкіндік береді. Қажетті айға байланысты мәліметтерді көру үшін, Ай тізімінен нақты айды таңдаңыз.
  13. Ай батырмасына Баған аймағына, ал Жиһаз батырмасын – Бет аймағына әкеліңіз. Құрама кесте шұғыл түрде жаңа құрылымға байланысты құрылады.
  14. Саны өрісінің қосындысы батырмасына екі рет шертіңіз. Ашылған Құрама кесте өрінің есептеулері (Вычисление поля сводной таблицы) сұхбат терезесінің Қосымша (Дополнительно) батырмасын шертіңіз. Ашылған Қосымша есептеулер тізімімен Жол бойынша қосындының үлесі бөлімін таңдаңыз. ОК батырмасын шертіңіз.
  15. Құрама кестенің жаңа түріне көңіл аударыңыз. Кестенің ішінен бүкіл жеткізу ағымында әрбір жеткізушінің қандай үлес алатындығын анықтадық.
  16. Кітап.xls жұмыс кітабын сақтап қойыңыз.