Тышқан қасиеттерін баптау

Тақырыбы: Тышқан қасиеттерін баптау

  1. Қасиеттер: Тышқан(Свойства:Мышь) сұхбат терезесін ашыңыз (Пуск→Настройка→Панель управление→Мышь).
  2. Тексеру аймағы (Область проверки) басқару элементіне екі рет шертіңіз. Екі рет шерткенде элемент орындалады, ал ортасында үзіліс жасап шерткенде элементтің орындалмайтындығына көзіңізді жеткізіңіз.
  3. Екі рет басылудың жылдамдығы жылжымасын ең шеткі оң жаққа орнатыңыз. Осылайша екі рет шертудің арасындағы уақыт интервалы төмендетіліп, екі бірдей шертуді орындау қиынға түсетініне көз жеткізіңіз.
  4. Тәжірибе жасай отырып, өзіңізге ыңғайлы жылжыма жағдайын таңдаңыз.
  5. Қасиет: Тышқан (Свойства:Мышь) сұхбат терезесін жабыңыз.