Информатика наурыз думаны!

Информатика наурыз думаны!

Тақырыбы: Информатика наурыз думаны!

Мақсаты: Информатика пәнінен алған білімдерін қорытындылау. Ой-өрісін және танымдық , шығармашылық қабілеттерін дамыту.  Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын,ынтасын арттыру

Түрі: сайыс

 Көрнекіліктер: қанатты сөздер «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры», «Компьютерлік сауаттылық-  қазіргі  заман талабы», шарлар, бәйшешектер, плакаттар, проектор, презентациялар

Барысы:

  • жүргізуші : Сәлеметсіздер ме  құрметті ұстаздар, оқушылар, көрермендер, сайыскерлер
  • жүргізуші: Бүгінгі «Информатика наурыз думаны!» атты сайысымызға хош келдіңіздер!

1 жүргізуші: Біздің бұл ойынымыздың бұлай аталу себебі,  Наурыз мерекесіне апталығымыз сәйкес келіп тұр екен.

2 жүргізуші: Аспанда күннің нұры

Мақпалдай жердің түрі

Қуаныш мал мен жанда,

Қыс шыққан өлмей тірі – дегендей Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекеміз құтты болсын!.

1 жүргізуші: Қоғам дамуына байланысты күнделікті өмірімізді компьютерсіз елестету мүмкін емес. Соның ішінде азаматтардың компьютерлік сауаттылығына талаптар күннен-күнге күшейіп келеді.

2 жүргізуші: Осыған орай қоғамды ақпараттандыру жағдайында  оқушылардың жеке тұлғасының қалыптасуына, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім қабылдауында информатика пәнінің маңызы зор. Ендеше сайысымызды бастайық.

1 жүргізуші: Сайысымызды бастамай тұрып, сайыскерлер білімін әділ бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейік

  • жүргізуші: Әділқазы алқасымен таныстырып өтеді.

1 жүргізуші:  Қонақтар жиналған бұл тамашаға

Хош келдің  көрерменім іс-шараға

Сәлемдесу ежелден салтымыз ғой

Сайыскерлер бұл сайыстан тыс қала ма?

 

2 жүргізуші:  Сайысымыздың 1 кезеңі «Сәлемдесу» бұл сайыста топ мүшелері өздерін таныстырып, топ атына байланысты рефераттарын қорғайды.

1 жүргізуші:  Ақпараттар жүйесі

Бүгінгі күн талабы

Тілін оның білмеген

Ертең көштен қалады

Құтты болсын әз Наурыз,

Қазағымның киесі.

Болашағы елімнің,

Біз боламыз иесі.

2 жүргізуші  Келіңіздер меймандар,

Орта толсын айнала

Сіздер үшін дәл бүгін,

Есік ашық айқара

Ендеше кезекті сайыскерлердің таныстыруына берейік

 

1 жүргізуші:   Ұлттық ойын ойналмай

Өсер бала болар ма?

«Қыз қуу» мен «Көкпарсыз»

Күші оның толар ма?

2 жүргізуші: Келесі сайысымыз «Ұлттық ойындар»  деп аталады

Бұл сайыста бір жағында ұлттық ойынның аты жазылады, екінші бетінде информатикадан сұрақтар беріледі. Сайыс шарты ұлттық ойын туралы туралы мәліметтер айтылып, информатикадан сұрақтарға жауап алынады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

Бәйге

Көкпар

Асық

Тоғызқұмалақ

2жүргізуші: Өнеріміз сан қырлы,

Мына біздің, көріңіз.

Өнерпазға, дүлдүлге

Кем болмасын еліміз.

«Өнер» сайысында әр топ өздерінің үйден дайындап келген өнерлерін көрсетеді. Бұл сайыста информатика тақырыбында өлең оқуға, ән , әзілдер  айтуларына болады.

1 жүргізуші:        «Өгіз тартыс» ойынын,

Бақылап бір көріңіз.

Қай жеңгені – мықтыға,

Жүлде – сыйлық беріңіз.

«Өгіз тартыс» ойынында  еркін тақырыпта презентация қорғалады. Бұл сайыста топ басшылары бақ сынасады.

1 жүргізуші:   Кеңес дәуір тұсында

Асық ойнау мін болған.

Оған дейін бұл ойын

Бабаларға сын болған.

«Біртабан» мен «Үштабан»

Мергендіктің мектебі.

Қуантады біздерді,

Ойынның бізге жеткені.

Көрермендер сайысы (асық ойыны). Асық ойынына қатысушының мергендігі сыналады. Егер мергендігін көрсете білсе бірден 1 ұпай алып, қалаған тобына береді. Ал мергендігін көрсете білмесе сұрақ беріледі, сұраққа дұрыс жауап берсе ұпай беріледі.

1 жүргізуші Келесі сайысымыз «Наурыз көже дайындау» деп аталады.

“Ұлыстың ұлы күнінде”

“Оң болсын, — деп , — ұлысың!”

Төс түйісіп көрісер

Көжедегі ырысың

Көпшілікпен бөлісер.

 

2 жүргізуші     Төс түйісу дегені –

Тату болсын ел іші.

Бөліп ішу көжені –

Тоқшылықтың белгісі.

1 жүргізуші:  Сайысты бастамай тұрып өздерің осы наурыз көже туралы қандай мәліметтер білесіңдер?Сайыскерлердің пікірлері тыңдалады.

2 жүргізуші  Ал бұл сайыстың шартына келер болсақ наурыз көжеге 7 түрлі дәм қосылса,  шарт бойынша 7  түрлі пәннен сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға дұрыс жауап берсек наурыз көжеміз дайын деген сөз.

Қазақ тілі

Қазақстан тарихы

Орыс тілі

Математика

Физика

Биология

География

 

1 жүргізуші  «Информатика наурыз думаны» сайысымыз өз мәресіне де жетті.

2 жүргізуші Ендігі кезекті әділқазы алқасына береміз. Әділқазы алқасы қорытындысын шығарғанша «Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй дегендей»- бір ән тыңдасақ.

Әділқазы алқасының қорытындысы. Марапаттау.

  • жүргізуші: Құрметті көрермендер! Сайысымызды тамашалағандарыңызға рахмет.
  • жүргізуші: Осымен сайысты біз аяқтайық!

Жеңімпаз тобымызды мадақтайық.

Үйреніп білмегенді осы жолы,

Білімді болудан біз қашпайық!

 

 

Құрастырғандар:

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы орта мектебі

информатика пәнінің мұғалімдері

Элмира Бакирбаева

Ақпейіл Курманбаева