Информатика 8 сынып «Жұмыс дәптері»

Информатика 8 сынып «Жұмыс дәптері»

Авторы: Жүсіпова Мирамкүл Қараманқызы, Қызылорда қаласы №140 қазақ орта мектебі

 

Кіріспе

 

 

Бұл жұмыс дәптері 8 сыныптың «Информатика» оқулығына негізделіп дайындалды. Дәптерде оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға және пән бойынша игерген білімдерін бекітуге арналған жұмыс түрлері мен тапсырмалар берілген.

 

Оқушыларға арналған «Жұмыс дәптерінің» басты мақсаты – оқушыларды өз бетінше еңбектене отырып, өзінің ойын тұжырымдап, қорытынды жасауға үйрету.

 

Олар сабақты түсіндіру, пысықтау барысында және үйге тапсырма ретінде беріледі.

 

«Жұмыс дәптерін» пайдалану барысында оқушыларда көптеген біліктер қалыптасады:

 

  1. Әр түрлі суреттерді, кестелерді толтыру арқылы оқушылар оқулықтан алған білімдерін молайтады.
  2. Әр түрлі сұрақтарға жауап беріп, көп нүктенің орнына жауап жазу, кестені толтыру арқылы білім деңгейі жоғарылап, белгілі бір қорытындыға келеді.
  3. Берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушының ойлау қабілеті дамып, информатика пәніне деген қызығушылығы артады.

 

 

Мұғалім материалды алған білімді бекітуге де, сонымен қатар  оқушылар білімін тексеруге де пайдалана алады.

 

 

 

     Компьютер сыныбындағы  тәртіп сақтау    ережесі    және  қауіпсіздік   техникасы

  • Электр тогының сымын, қосқыштарын және т.б. электр өткізгіш құралдарын мұғалімнің рұқсатымен қосу керек.
  • Компьютерде ылғал қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды.
  • Қорабы немесе сымдары бүлінген  компьютерде жұмыс істеу қауіпті.
  • Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютер сыныбына кіруге және шығуға болмайды.
  • Сынып ішінде мұғалімнің рұқсатынсыз жүруге болмайды. Компьютердің үстіне кітап,сөмке қоюға болмайды.Үстел үстінде қалам мен дәптер жату керек.
  • Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға  басқа да

іспен айналасуға тиым салынады.

Электр тогынан зиян шеккенде көрсетілетін адамға алғашқы  дәрігерлік көмек

  •    Тоқты ажырату
  • Электр тогына түскен адамды қолда бар заттарды қолдана отырып, токтың әсерінен босату
  • Дәрігер шақыру (мектеп дәрігері болмаса 103-ке хабарлау)
  • Зиян шеккен адамды қарап шығу, жарақаттану дәрежесіне қарай  тиісті жәрдем көрсету.

 

 

 

 

1-тапсырма.     

    

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тапсырма.

Мына  сөздер ақпараттардың қандай түрлеріне жатады?

Үнтаспадағы әуендер, кино, компьютердегі ойындар,

Оқулықтағы мәтін, диктант, әртүрлі сурет, мультфильм,

көбейту кестесі, сызбалар, компьютер суреті

 

Мәтіндік
Сандық
Графикалық
Музыкалық
Бейне ақпарат

 

3-тапсырма.

Сөзжұмбақты шешу.

  1. Көзге көрінетін күрделі объект
  2. Ақпаратты енгізу құрылғысы
  3. Ақпаратты шығару құрылғысы
  4. Қолданбалы бағдарламаның түрі
  5. Ақпаратты шығару құрылғысы
  6. Өлшем типі бойынша ДК бір түрі
  7. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-тапсырма.

Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру

 

  1. Екілік санды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 111101100112       ә)   11011010010012    б) 10011010110012

 

  1. Сегіздік сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 3248    ә) 15768   б) 176528   в) 1368   г) 305078

 

  1. Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстырыңдар:

а) 181,36910           б) 176,52610        в) 700610             г)  12510           д) 22910

 

  1. Оналтылық сандарды, кестені пайдаланып, екілік санау жүйесіне ауыстырыңдар.

а) 1F5A16      б) 4D616    в) 2СЕ16

 

5-тапсырма.

Жұмбақты шешіңдер

  1. Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар. Кілемше үстінде тұрамын,

Ең қажетті құралмын.

  1. Жұртты өзіне қаратқан,

Ақпаратты сақтап, таратқан.

3.Мәліметті сұраған,

Экранға шығарған.

4.Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн бар да, бір күн жоқ.

Соны есепке алсақ,

Ұзын саны жүз жеті.

5.Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады.

  1. Егер білсең, айта қойшы

Бұл қандай құрылғы

Ақпаратты қағаздағы

Компьютерге енгізеді?

 

6-тапсырма.

Сиқырлы тізбек

Ақпараттың өлшем бірлігін өсу ретімен орналастыр.

Мегабайт; Байт; Килобайт; Гигобайт; Байт

 

7-тапсырма.

Сәйкесін тап

ҚұрылғыларҚызметі
Жүйелік блокАқпаратты қағаз бетіне шығарады
МониторДыбыс енгізетін құрылғы
ТышқанАқпаратты енгізу құрылғысы
ПернетақтаПернетақтаның жұмысын жеңілдетеді
ПринтерГрафикалық ақпараттарды компьютерге енгізеді
КолонкаАқпараттық процестерді жүзеге асырады
СканерАқпаратты шығаратын құрылғы
МодемДыбыс шығаратын құрылғы
МикрафонИнтернет  желісіне қосады

 

8-тапсырма.

І. 1. Microsoft Excel қосымшасын қосыңыз

  1. Кесте құрып, оны толтырыңдар
  2. Қосындыны есептеу үшін (қосынды=саны*бағасы)
  3. Автоқосындының көмегімен (барлығы) есептеңдер
  4. Бір сыйлықтың құнын есептеңдер. (құны=барлығы/сыйлықтардың саны)
АтауыСаныБағасыҚосындысы
Алмалар2,550
Мандариндер2,570
Кәмпиттер30170
Тоқаштар10200
Балмұздақтар10150
Барлығы
Сыйлықтардың саны300
Бір сыйлықтың құны

9-тапсырма.

І. 1. Microsoft Excel қосымшасын қосыңыз

  1. Кесте құрып, оны толтырыңдар
  2. Кірісті есептеу үшін (кіріс=(саны*құны)-(саны*бағасы))
  3. Бағасы мен құны бағаларын белгілеп, ақша форматына ауыстырыңыз.

 

АтауыСаныБағасыҚұныКіріс
Дәптерлер50058
Қаламдар100815
Сызғыштар1001525
Қарандаштар2501015
Клей3655075
Өшіргіштер1001825
Альбомдар189645
Қайшылар3783785
Кітаптар47012045

 

 

 

 

10-тапсырма.

Диаграммалармен жұмыс

Диаграммалар түрлерін жазыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11-тапсырма.

І. 1. Microsoft Excel қосымшасын қосыңыз

  1. Кесте құрып, берілген формулалар бойынша есептеңіз

 

Атауы Бағасы НДС 20%Құны Саны Қосындысы
1Телевизор  <Sony200005
2Телевизор <LG2200010
3Тоңазытқыштар400007
4Кондиционер1800015
5Қыздырғыштар150008
6Компьютер7000010
Барлығы
Ең кіші мәні :
Ең үлкен мәні :
Орта мәні:

3.НДС 20%=бағасы*0,2

4.Құны = бағасы+НДС 20%

5.Қосындысы=құны*саны

 

 

12-тапсырма.

І. 1. Microsoft Excel қосымшасын қосыңыз

  1. Кесте құрып, берілген формулалар бойынша есептеңіз
 

Товар

 

Фирмасы

Сатып алатын бағасыСатып алатын бағасы 

Саны

 

Қосын дысы

 

Кіріс

ТелевизорSamsung320009
ТелевизорLg1850002
ТелевизорSony2400007
МагнитофонLg26000011
МагнитофонSamsung1950004
ТоңазытқыштарSony3100006
ТоңазытқыштарSamsung6300008
ТоңазытқыштарLg8200003
Муз.аспапSony34500012
Муз.аспапSamsung2300007
Барлығы
Ең кіші мәні :
Ең үлкен мәні :
Орта мәні:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. 1. Сатылатын бағасы = (сатып алатын бағасы*1,5)
  2. Қосындысы = (сатылатын бағасы*саны)
  3. Кіріс = (сатылатын бағасы-сатып алатын бағасы)*саны
  4. Кестені формулалар бойынша есептеп, барлығы, ең үлкен, ең кіші, орта

мәндерін есептеңіздер.

13-тапсырма.

Деректерді енгізу

С4 ұяшығын белгілеп алып, пернетақтадан «Тақырып» (үлгі) сөзін

жазыңыздар.

 

 

 

 

 

Мәтінді ұяшыққа жазғанда мәтіндік меңзер жарқырайтынына көңіл аударыңдар. Мәтіндік режиммен шығу үшін, онда көптеген әрекеттерді орындау мүмкін емес, келесі тәсілдің бірімен іске асырылады:

  • Enter пернесін басу;
  • Тышқанмен басқа ұяшықты шерту;
  • Басқару меңзерінің көрсеткішін қолдану.

Енгізілген пернені кез келген тәсілмен тірке. Мәтіндік меңзердің жоғалғанына көңіл бөл.

 

14-тапсырма.   

С4 ұяшығын тағы да белгіле. Құрал-саймандар тақтасынан  азат жолды туралау батырмасын тап және беттің ортасы  бойынша туралау батырмасын таңда. Алынған нәтижені ата. Азат жолдың  шеттерін беттің оң жоқ  шеті бойынша туралау батырмасын таңда. Алынған нәтижені ата.

Азат жолдың шеттерін  беттің сол жақ шеті бойынша туралау батырмасын таңда. Алынған нәтижені ата.

Қорытынды жаса. Егер Word редакторында абзацты туралауды теру жолағына қатысты болса, онда Excel-де бөлінген ұяшықтарды туралау ——————

 

15-тапсырма.

Ұяшықтағы деректерді туралау әдісінің анықтамасын алу үшін Анықтама  менюінен Бұл не батырмасын қолдан. Ол үшін Анықтама менюінен Бұл не батырмасын таңдап, абзацтың шеттерін ортасы бойынша туралау батырмасы жайлы қосымша мәлімет алу үшін сол терезенің элементін шерт.

Осы әдіспен басқа да туралау батырмаларының қызметі жөнінде терезе пайда болатын көмекші деректердің мәнін жаз.

Беттің ортасы бойынша——————————————

Беттің жақ шеті бойынша —————————————

Беттің сол жақ шеті бойынша ———————————-

 

16-тапсырма.

Төменде келтірілген мысалдардың әрқайсысы үшін, деректі туралауда қолданылатын құрал саймандар тақтасын белгілеп түзету тәсілдерін ата.

 

НұсқаБатырмаТуралау әдісі

 

17-тапсырма.

Төменде берілген кестенің нұсқасын ерекшелеп, көрсет:

  • Деректері сол жақ шеті бойынша тураланған ұяшықты жасыл түспен;
  • Деректері беттің ортасы бойынша тураланған ұяшықты қызыл түспен;
  • Деректері беттің ені, екі жақ шеттері бойынша тураланған ұяшықты көк түспен.

 

ПКМ атауларыМаркасыТенге/кгҚолдану
Алкид грунд краскасыS 2000640Ағашқа, ьетонға, металға, таттан қорғайтын қоспаға
Универсал грунд краскасыS 20031120Жеңіл және түсті металға
Пентафталь эмальS 2013600Жылтырайтын универсал ағаштарға, металға, бетонға
Тез кебетін элкид эмальS 20291000Жоғары эластикалы жалтырайтын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18-тапсырма.

Пішім (Формат) менюінен Ұяшықтар командасын таңдап Туралау салымын іске қосыңдар. Excel –дің құрал – саймандар тақтасына енгізілмеген батырмаларын, көлденең туралау амалдарының атауын жаз. ——————

 

 

 

19-тапсырма.

С4 ұяшығындағы деректі өшір. Ол үшін:

С4 ұяшығын белгіле.

(Delete) пернесін бас.

Сөйлемді анықта. Ұяшықтағы деректерді өшіру үшін:

3.—————————————————————

4.————————————————————— керек.

20-тапсырма. Төменде келтірілген мысалдан ұяшықты пішімдеуде қолданылған құрал-саймандар тақтасындағы батырманың астын сыз.

 

Мәтін
Мәтін
Мәтін
Мәтін

 

21-тапсырма.

В3 ұяшығын белгілеп, өзіңнің есіміңді жаз.

В4 ұяшығын белгілеп, өз жасыңды жаз (Тек сан түрінде). Сұрақтарға жауап бер. Үнсіз келісім бойынша мәтін (есім) қалай тураланады? Үнсіз келісім бойынша мәтін (жас) қалай тураланады?

В3 ұяшығын белгілеп алып, (Пішін-ұяшық) командасын орындап, Туралау салымынан үнсіз келісім бойынша көлденең мәтінді туралау әдісін тауып, жаз.

В3 ұяшығын белгілеп алып, (Пішін-ұяшық) командасын орындап, Туралау салымынан үнсіз келісім бойынша көлденең санды туралау әдісін тауып, жаз.

Сен көлденең туралау әдісі бірдей көрсетілгенімен, алынатын туралаудың нәтижесі әртүрлі екенін қалай түсіндіресің?

Сен қалай ойлайсың, неге сан үшін тек осы туралау амалы жиі қолданылады?

Екі ұяшықтағы деректерді өшір.

 

22-тапсырма.

D5 ұяшығына «Ақпараттық технология» мәінін енгіз. Бұл жағдайда ұзын көлемдегі мәтін бос көрші ұяшықтарға жайылып кететініне назар аудар.

 

 

 

D6 ұяшығын белгілеп оған күзгі ай аттарын жаз.

 

 

 

Сонымен Формула жолының  тағы бір қызметі – кестенің ұяшығына сыймайтын мәтіндерді көрсету.

Сонымен бірге Формула жолының көмегімен, (Enter пернесін басудың орнына) егер де Формула жолынан батырмасын таңдаса ұяшыққа енгізілген деректерді көруге болады. Осы мезетте, ұяшыққа деректер енгізгенде, Формула жолында бірнеше батырмалар пайда болады, оның біреуі деректерді белгілеу қызметін атқарады.

 

23-тапсырма.

Е8 ұяшығына енгізген мәтінді Формула жолынан батырмасын таңдап белгіле. Алдыңғы қолданылған белгілеуден бұл тәсілдің айырмашылығы неде? Әрбір жағдайда ұяшықта қандай өзгеріс болады?——————————————-

Егер де деректермен бағандарды толтырсаң, белгілеудің қай әдісі тиімді болады?

Деректерді енгізгеннен кейін бұл ұяшықты пішімдейтін болсаң, белгілеудің қай әдісі тиімді болады?————————————————————-

Жұмыс аймағының әр жағында орналасқан деректермен жеке ұяшықтарды толтыратын болсаң, белгілеудің қай әдісі тиімді болады? ——————

 

24-тапсырма.

Тақпақтың  жалғасынан үзінді жазуға тырыс.

Сен де бір кірпіш дүниеге….

Бірінші талаптану

Ұяшықты белгілеп, үзіндінің бас жағынан пернетақтадан үзіндінің соңын енгіз.

Нәтижесінде жаңа мәтін алдыңғы мәтінді ауыстырады.

 

Есте сақта: ұяшықты белгілеу, деректер мен жаңа ақпаратты енгізу үшін, алдыңғы деректер жоғалып ол жаңа деректермен ауыстырылады.  Басқаша айтқанда, жаңа деректерді енгізу үшін ескі деректерді өшіру қажет емес, тек ұяшықты белгілеп оған жаңа деректер жазу жеткілікті.

Деректерді пішімдеу үшін:

  • В8 ұяшығын белгіле;
  • Тышқан көрсеткішін Формула жолындағы үзіндінің қажетті тұсына қой;
  • Тышқанды Формула жолына қойып, мәтіндік меңзерді шертіп қой;
  • Мәтіннің жалғасын жаз.

Сонымен, Формула жолының көмегімен деректерді пішімдеуге болады. Ол оның тағы да бір атқаратын қызметіне енеді. Ал символдарды өшіру үшін өте қарапайым әдіспен орындалады, Delete және Backspace перналері қолданылады.  Берілген сөзді басқа сөзге ауыстырып жазыңдар. Бірақ деректерді белгілеуді ұмытпаңдар. Соңғы әрекетті болдырмау үшін Болдырмау батырмасын қолдану.

 

               25 — тапсырма.

Суретте Формула жолы мен Аалу алаңымен бірге Excel ерезесінің бөлігі ғана көрсеілген. Осы мезетте белгіленге ұяшық көрсетілмеген, бірақ та сұраққа жауап беруге тырысыңдар.

Ұяшыққа  қандай мәтін енгізілген?—————————————————
Белгіленген ұяшықтың орналасқан жері қандай? ———————————

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша сұрақ: Формула жолының көмегімен, белгілеген ұяшықтағы деректі табуға бола ма, әлде жоқ па? ————————————————————-

Осы сұраққа Құрал саймандар және Пішімдеу ақаларының активті және активендірілмеген батырмалары қажет пе? ——————————————-

 

26 — тапсырма.

D5 ұяшығын белгіле. Оны оң жақ шеті бойыша турала. Мәтіннің орналасуы қандай жағдайда өзгереді? ———————————

Ұяшықтағы деректі Жартылай қарайтылған және Қисайтылған стилге ауыстыр.

Times New Roman Cyr қарпін таңда. Қаріптің өлшемін таңдап,  16-ға қой. Жолдың биіктігі өзгерді ме? Қандай амалмен?

Өз нәтижелеріңді суретпен салыстыр.

Деректер бірде бірнеше ұяшыққа созылып кеткеніне, көңіл аударыңдар. Бір қарағанда мәтіннің қай ұяшыққа енгізілгенін анықтау қиын.  Сол жақ шеті бойынша туралағанда  В8, оң жақ шеті бойынша туралағанда В10, ал беттің ортасы бойынша туралағанда В9 болуы да мүмкін.

Мәтіннің қай ұяшыққа енгізілгенін анықтау үшін, мүмкін деген үяшыұарды кезекпен белгіле. Деректерді көшірмесі Формула жолында пайда болса, деректер сол ұяшыққа егізілген болады. Осы әдіспен, Формула жолының тағы да бір қызметін – деректер егізілген ұяшықтарды анықтадық.

Барлық деректерді өшір. Үлкейтілген жолдар бастапқы түріне қайта келді ме?

27 — тапсырма.

Егер де құрал-саймандар тақтасы келесі түрде берілсе, белгіленген ұяшықтағы деректерді қалай пішімдеуге болатынын анықта.

Қаріп —————————————————————

Қаріптің өлшемі—————————————————

Қаріптің безендірілу стилі (жартылай қарайылған, курсив)—————————-

Туралау әдісі ——————————————————

 

 

                28 — тапсырма.

Егер де құрал-саймандар тақтасы келесі түрде берілсе, белгіленген ұяшықтағы деректерді қалай пішімдеуге болатынын анықта.

 

 

 

Қаріп —————————————————————

Қаріптің өлшемі—————————————————

Қаріптің безендірілу стилі (жартылай қарайылған, курсив)—————————-

Туралау әдісі ——————————————————

Белгіленген ұяшықтың мекені бар

 

 

 

29 — тапсырма.

Егер де құрал-саймандар тақтасы келесі түрде берілсе, белгіленген ұяшықтағы деректерді қалай пішімдеуге болатынын анықтаңдар?

 

 

 

 

 

 

30 — тапсырма.

Жұмыс барысында тышқанның көрсеткішіне назар аудар, қандай операцияларды сол кезеңде немесе басқа кезеңде орындауға болатынына ол үнемі қосымша көмек бере алады. Әр түрлі бөлімдегі тышқан көрсеткішінің формасын анықта.

 

Ұяшықтың ортасына тышқан көрсеткішін қойып, оның түріне бейнеле
Формула жолына тышқан көрсеткішін ауыстырып, оның түрін бейнеле.
Құрал – саймандар тақтасының бір батырмасына тышқан көрсеткішін қойып, оның түрін бейнеле
Баған атауына тышқан көрсеткішін қойып, оның түрін бейнеле
Сырғытпа жолағына тышқан көрсеткішін қойып, оның түрін бейнеле

 

Енді өздерің  не білетіндеріңді тексеріп, оны көздеріңді жеткізіңдер:

  • Ұяшыққа деректерді қалай енгізеді? Қандай әдіспен деректерді белгілеуге болады?
  • Ұяшықтағы деректерге жартылай қарайтылған, қисайтылған және асты сызылған стилді қалай қолдануға болады? Ұяшықтағы деректерді туралау қалай жүргізіледі?
  • Ұяшықтағы деректерді қалай өшіреді?
  • Үнсіз келісім бойынша мәтін мен сан қандай амалмен тураланады?
  • Формула жолы қайда орналасқан?
  • Формула жолын қолданудың кейбір нұсқаларын ата ?
  • Деректерді қалай пішімдейді?