«Ертегілер»
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы Заградовка ауылы
Заградовка орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Айнагүл Қадыркенқызы Тыштықаева
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер»
Мақсаты: ертегілер және оның түрлері туралы түсінік алу, тіл байлығын дамыту, оқушылардың ертегі оқуға деген қызығушылықтарын арттыру
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекіліктер, жартылай-ізденушілк.
Сабақтың байланысы: тарих, қазақ тілі, бейнелеу өнері
Оқыту технологиясы: Блюм таксономиясы, өрмекші кластері, фашбаун, тірек сызба, гениологиялық ағаш.
Ресурстары: интерактивті тақта, 6 сыныптық оқулығы Тұрсынғалиева С.Ч., Қ.Әбдезұлы «Арман ПВ» баспасы 2009 жыл. «Қазақ ертегілері» жинағы «Алматыкітап» ААҚ 2004 жыл.
Мазмұны: 1. «Ертегілер»
Морфологиялық карта
| №р/с | Тақырыбы | Өмірге қажетті ақпарат | Басқа пәндерде кездесетін ақпарат | Жалпы ой-өрісін дамыту үшін ақпарат |
| 1. | «Ертегілер» | Ертегінің көркем, бай тілі арқылы шешен сөйлеуге, өз ойын әдемі баяндау үйренеді. | Қазақ тілі, тарих, сөздер түсінігі, | Танымдық қабілетін, ой-қиялын,тіл байлығын дамыту |
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
- Ұйымдастыру: а)Амандасу ә) Түгендеу б) Ой қозғау
- Тақырыпқа енгізу «Қане жауап ізделік»
— Халық ауыз әдебиеті қалай тараған?
— Ауыз әдебиетін халық не үшін пайдаланған?
— Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?
— Өзге халықтарда ертегілер бар ма?
— Ертегілер қалай басталып немен аяқталады?
— Жұмбақ ауыз әдебиетінің қандай түрі?
— Қалай ойлайсыңдар, ертегілерде мақал-мәтелдер, жұмбақтар кездесе ме?
- Мына мақалдардың мағынасын қалай түсінесіңдер? Өз сөздеріңмен білдіріңдер.
— Жолдасы жақсы жолды болар,
Жолдасы жаман қолды болар
— Өнер алды – қызыл тіл
— Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
(әр қатарға 1 сұрақтан)
ІІІ. Өрмекшіні құру халық ауыз әдебиеті
(Тақтада «халық ауыз әдебиеті». Тармақтарын оқушылар толтырады.)
мақал – мәтелдер жұмбақтар Батырлар жыры
Тұрмыс салт — жырлары аңыз әңгімелер төрт түлік туралы жырлар
Талдау
Суреттерде ауыз әдебиетінің қандай түрі бейнеленген деп ойлайсыңдар?
Ғажайып ертегілер халық ауыз әдебиетінің ең көне мұрасы. Ертегіде ғасырлар ізі жатыр.Ертегіде халықтың тыныс-тіршілігі,тарихы, салт-санасы, әдет ғұрпы,мұң-шері, арман-мұраты жатыр
Ғажайып ертегілер дегеніміз не? Оны қалай түсініп келдіңдер?
Қандай ертегілерді білесіңдер?
Оқулықпен жұмыс
Тақырыпты оқып шығып, ертегінің түрлерін ажыратып, топтастыр.
Олардың айырмашылығын тауып, дәлелдеп, кестені толтыр
Ертегілер
| Хайуанаттар туралыертегілер | Қиял – ғажайыпертегілері | Шыншыл ертегілер |
ІV. Синтез
Шежіре ағашы
Тамырлары — Қалай ойлайсыңдар, адамдар неге ертегіні ойлап шығарды? (адамдардың ауыр тұрмысы: көліктің, жарықты жоқтығы).
Діңі – Тұрмыстары қиын болғаннан адам әрқашан армандаған( мәселе – адамдардың арман-тілегі, мұң-мұқтажы)
Сабағы – ертегілердегі жоқшылық, қиыншылық қазір қалай өзгерді? (көлік, жарық, су, телефон, ұшақ, газ т.б.)
- Үйге тапсырма. Өздеріңе ұнаған ертегілерге шағын шығарма жазып келу.
VІ. Бағалау