Салынған суреттерді форматтау

Сабақтың тақырыбы: Салынған суреттерді форматтау

Сабақтың мақсаты:   Білімділік

Оқушыларды мәтіндік процессорда салынған суретті форматтауға үйрету.

Дамытушылық.

Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін дамытып жетілдіру. Оларға теориялық білімдерді бере отырып, іс тәжірибеде де алған теорияларын жетілдіру, дамыту.

Тәрбиелік.

Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке,еңбекс үйгіштікке

тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

 

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру

  1. Үй тапсырмасын сұрау
  2. Жаңа сабақ
  3. Компьютермен жұмыс.
  4. Бекіту (компьютермен тест алу)
  5. Қорытынды. Бағалау.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа бағыттау.
  2. Үй тапсырмасын сұрақ – жауап арқылы сұрау.
  • Биәріпті не үшін пайдаланамыз?
  • Бетке колонтитул қлай қоямыз?
  • Сноска не үшін қажет?
  • Абзацтың неше түрі бар және қандай?
  • Жақтау ішіне мәтін енгізу үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
  • Суретті жақтау ішіне қалай енгіземіз?
  • WordArt объектілерін енгізу үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
  • Геометриялық элементтерді қалай бұрамыз?

 

  1. Жаңа сабақ (слайд арқылы және проекторды пайдаланып көрсету)

Салынған суретті форматтау.

Бір автофигураны басқамен алмастыру мүмкіндігі бар. Алмастыратын фигураны белгілеп алған соң, Іс-әрекет – Автофигураны өзгерту командасын орындап, тізімнен қажетті фигураның түрін, одан кейін фигураның өзін таңдаймыз. Автофигураның көлемін өзгерту үшін, оны белгілегеннен кейін жан – жағында пайда болған маркерлердің қажеттісін тышқанның көмегімен жылжытамыз. Автофигураны өзгерту командасын орындаған соң, сол фигураға курсорды орналастырып, тышқанның оң батырмасын  шертсек, түйіндерді қосу, өшіру, өзгертуге байланысты жанама меню ашылады.

Кез-келген суретті салынғаннан кейін немесе автофигураны енгізгеннен кейін оларды форматтауға болады:

  • Сурет тақтасындағы Сызықтың түсі (Цвет заполнения) батырмасы көмегімен контурлық сызықтың тұтастығы мен түсін өзгерту;
  • Тұйық сызықпен қоршалған фигураның ішкі аумағын бояу үшін Ішкі бояу түсі (Цвет заливки) батырмасын пайдалануға болады. Осы батырманы тышқанмен шерткенде түстерді таңдауға мүмкіндік беретін сұхбат терезесі ашылады, онда ұсынылған нұсқалар арқылы (шаблондар) тұйық аймақты белгілі бір өрнекпен толтыру мүмкіндігі де бар.

Салынған суретті толық форматтау немесеформатын өзгерту әрекеті, оның жанама менюінің Сурет форматы (Формат рисунка) командасының көмегімен жүзеге асырылады.

Элементтер тобының құрылуы.

Суретті салу барысында олардың түстерін бір мезгілде өзгерту үшін бірден бірнеше геометриялық элементтерді белгілеп алу қажет болуы мүмкін. Ол үшін, Сурет (Рисование) саймандар тақтасындағы бағыттауыш бейнесі бар батырманы басып, қажетті элементтердіқамтитын тіктөртбұрыш салу керек. Элементтерді біртіндеп те белгілеп шығуға болады. Ол үшін бірінші қажет элементті тышқанмен шертіп, одан кейін Shift пернесін жібермей тұрып, келесі элементтердің де әрқайсысын тышқанмен шертіп отыру керек. Егер де таңдап алынғандардың ішінен бір элементті алып тастау қажет болса, Shift пернесін басып тұрып осы элементті тышқанмен тағы да бір рет шерту жеткілікті.

Кез келген сурет бір енмесе бірнеше элементтерден тұрады. Осындай бірнеше элементтерді біріктіре отырып, оларды бір бүтін аймаққа кіретін етіп, жанама менюдегі немесе Іс-әрекет батырмасын шерткенде ашылған менюдің Топтау (Группировать) командасын орындау керек.

Топтан шығару

Қажетті бір әрекеттерді орындап болған соң, геометриялық элементтер тобын қайтадан бөлек-бөлек элементтерге жіктеугүе болады. Бұл үшін сол біріктірілген топты таңдап алып, жанама менюдегі немесе Іс-әрекет батырмасын шерткенде ашылған менюдің Топты жіктеу (Разгруппировать) командасын орындау керек.

Геометриялық элементтерді басқа орынға жылжыту

Геометриялық элементті басқа орынға жылжыту үшін, оны белгілеп алған соң тышқанмен іліп алып, қажетті орынға жылжыту керек. Бірден бірнеше элементтерді де бірден жылжытуға болады. Ол үшін олардың бәрін де белгілеп алып, сосын бірін тышқанмен ұстап тұрып жылжыту керек, сонда онымен бірге қалғандары да жылжиды. Сондай-ақ бірнеше элементті жылжыту үшін, олардың бір ірі топқа біріктіру тәсілін де қолдануға болады.

Егер де геометриялық  элементтерді тік бағытта (вертикаль) немесе көлденең (горизонталь) жылжыту қажет болса, онда оларды жылжыту барысында Shift пернесін жібермей тұру қажет.

Геометриялық элементтерге әртүрлі масштаб қолдану.

Геометриялықэлементтерді әртүрлі масштабпен бейнелеу үшін, сегіз төртбұрышты элементтері бар жақтау қолданылады. Ол қажетті элементті немесе элементтер тобын таңдап алғанда пайда болады. Бұл тіктөртбұрыштарды тышқанмен жылжыту арқылы бейнелеу масштабын үлкейтуге немесе кішірейтуге мүмкіндік бар.

Егер масштабын өзгерту кезінде Shift пернесін басып ұстап тұрсақ, өзгертулер пропорцианалды түрде екі бағытта (тік және көлденең) жүргізіледі. Бұл мүмкіндік квадраттар мен шеңберлер масштабын өзгертуге олардың пропорцияларын сақтап қалу үшін, яғни өзгерткеннен кейін шеңбер – шеңбер болып, квадрат – квадрат болып қалуы үшін қолданамыз.

Егер де масштабтау кезінде Ctrl пернесін басып, оны жібермей ұстайтын болсақ, масштабын өзгерту процесі геометриялық элементтің центріне байланысты жүргізіледі.

Геометриялық элементтердің көшірмесін алу және оларды өшіру

Геометриялық элементтердің көшірмесін алу және өшіру үшін, мәтін фрагменттерінің көшірмесін алуға және оларды жоюға арналған Түзету (Правка – Edit) менюі командаларын қолдануға болады.

Геометриялық элементтердің орналасуы

Егер графикалық элементтер бір-бірін жауып тұратын болса, қай элементтің беткі жағында (үстінде), ал қайсысының астыңғы жағында орналасуы керекктігін анықтап көрсету мүмкіндігі бар. Бұл үшін элементті белгілеп алып, Іс-әрекет батырмасын шерткенде ашылған менюдің немесе жанама менюдің Реті (Порядок) командасының қажетті төменгі сатылы командасын орындау қажет.

  1. Компьютермен жұмыс.

Тапсырма:

(проектордан «Титаник» суретин шығарып, барлық геометриялық элементтерді қолдана отырып, сабақта өткен материал бойынша тапсырма орындату)

Ерте орындап бітірген оқушыларға төмендегідей қосымша тапсырма беру:

  1. Word редакторында жаңа құжат құрыңыз.
  2. Шамамен 5 см болатын түзу сызық сызыңыз. Осы сызықты 10 см-ге ұзартып, қайтадан 3 см қызыл сызық түріне келтіріңіз. Сызықтың қалыңдығын өзгертіңіз.
  3. Шеңбер, элипс, көпбұрыш салыңыз. Шекара сызықтарын басқа, іштерін басқа түстерге бояңыз. Оларды бірінің астына бірін орналастырыңыз.
  4. Бұрудың барлық командаларын орындап, қай команда қайсы фигураға қолданғанда анық көрінетінін анықтаңыз.
  5. Әрқайсысының тұсына аттарын жазып, бағыттауыштармен көрсетіп қойыңып, топқа біріктіріңіз.
  6. Қисық сызықпен кез келген тұйық фигура салыңыз.Сызықты, фигураның ішін өзіңіз қалаған түске бояңыз.
  7. Осы сурет саймандар тақтасын пайдаланып «Алғыс хат» жаса.

 

  1. Бекіту (компьютермен тест алу)

 

     

 

 

6 . Қорытындылау, үйге тапсырам беру, бағалау.