Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі.

Күні: 13.02.2014ж                               Сыныбы: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты: а) Әңгіме мазмұнын толық меңгере отырып, кейіпкерлер  бейнесін ашу, жазушының суреттеу тіліне талдау жасау;

Ә) Оқушыны жеке жұмыс жасауға, ізденуге  ойын анық еркін айта білуге үйрету;

Б) Ананың бөбегіне деген киелі махаббатын ұғындыра отырып, ананы құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілік  ізгі қасиеттерге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: білімді жинақтау, қорыту сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, іздендіру.

Сабақтың көрнекілігі: Ғабит Мүсірепов портреті, интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үйге тапсырма сұрау. «Ой толғау» стратегиясы.

Зымыран сұрақтар:

  1. Ғабит Мүсірепов кім?
  2. Әңгіме неге “Ананың анасы” деп аталған?
  3. Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?
  4. Әйтілес кім?
  5. Әңгімедегі оқиға қай кезеңді суреттейді?
  6. Әйтілес қандай әңгіме айтты?
  7. Бала би Жалпақ батырға не деді?

8.Бидің тілегі қандай, батырдың тілегі не?

  1. Сауға деген не?
  2. Қырық жігіт пен Жалпақ батырды тізе бүктірген қандай күш?

ІІІ. Жаңа сабақ:  Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі.

 

Шығарманың құрылысы:

Басталуы1.  Әңгіме қалай басталады?

 

Байланысуы2. Әңгіме қалай байланысады?

 

Шиеленісуі3. Барымташылар қолында кеткен қыз тағдыры  немен аяқталады?

 

Шарықтау шегі4. Ана сөзіне қарсы тұрған кім?

 

Шешімі5. Жалпақ балуан қандай шешімге келді?

 

Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашу.

Мәтінмен жұмыс:

І топ1.      Портрет дегеніміз не?

2.      Ананың портретін тауып оқы

 

ІІ топ1.      Жалпақ балуанға, Кейкіге мінездеме беру

 

ІІІ топ1.      Диалог дегеніміз не?

2.      Ана мен Жалпақ батырдың диалогін тауып оқу

 

Әңгімедегі теңеу, эпитет, дисфемизм, көнерген сөздерді табу.

І топӘңгімедегі теңеуді табу.

Тұрақты тіркесті табу.

 

ІІ топӘңгімеден эпитетті табу.

Географиялық атауларды ата.

 

ІІІ топДисфемизм, көнерген сөздерді табу.

Әңгімедегі салт-дәстүрді ата.

 

Венн диаграммасы

Аңыздағы ана             Ұқсастығы                   Бүгінгі ана

«Әдебиет үйірмесі»

І топАна туралы мақал – мәтелдер жазу.
ІІ топ«Бес жолды өлең» стратегиясы.
ІІІ топ«Әлемдегі асыл жан» (ойтолғау) .

 

 

Ана – жұмысшы, ана-ақын, ана-жазушы, ана – батыр, ана – әнші, ана – дәрігер, ана-депутат, ана – мұғалім, ғалым, ел басқарушы.

Жүректен – жүрекке. Анаға арналған тілектерін жазу.

Үйге тапсырма: «Ана – бәйтерек, ана- аққу, ана — жүрек» тақырыбына шығарма жазу.