Paint сурет салу редакторы

Сабақтың тақырыбы: Paint сурет салу редакторы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушылардың сурет салу редакторын жұмыс істеу шеберліктерін,

редактордың пайдалану мүмкіндіктерін бақылап, бағалау;

Дамытушылық:

Ойлау қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, редактордың

мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып үйрену, шығармашылыққа

баулу;

Тәрбиелік:

Тәртіптілікке, адамгершілікке, сабырлыққа,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас.(Сабақты бекіту)

Көрнекіліктер: слайд, интерактивтік тақат, тест, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі;

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі: ертегі желісі бойынша сұрау.

Бүгінгі сабақ ерекшеленіп өткелі тұрмыз. Оның себебі, сурет салу патшалығына саяхатқа шығамыз. Өткен тақырыптарда сурет салу бағдарламасы туралы мағлұмат алған болатынбыз. Сол сурет бағдарламасы сурет патшалығының сипатына ұқсас.

Сұрақ –жауап:

  1. Paint  сурет салу бағдарламасы деп …?
  2. Оның меню жолындағы командалары деп…?
  3. Құрал-саймандар тақтасы деп … ?
  4. Палитра деп … ?

 

Компьютер график құруда және графикалық кескіндерді өңдеуде ең қолайлы және қуатты құрал болып табылады. Paint сурет салу программасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға , оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл программаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға  дейін жасауға болады. Paint программасында өзіміз сурет салуымызға, Windows-тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.ДК-дің мәтіндік те, графикалық та ақпаратты өңдеу мұмкіндігі бар. Мұндай ақпаратты өңдеудің қарапайым құралы стандартты Windows операйиялық жүйесі болып табылады. Paint графикалық редакторы дегеніміз, редактор растрлық  бейнелермен (көптеген бөлек түрлі түсті нүктелерден – пикселдерден тұратын) жұмыс істеуге арналған, сондықтан әрбір суретке қатаң анықталған орын беріледі (өлшем). Сонымен бірге бекітілген түстер саны қолданылады. Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған.

Paint суретсалу бағдарламасы патша болып, оның меню жолындағы командалар уәзілері, ал құрал-саймандар тақтасы оның баласы, палитраны қызы деп есептеп ертегі жасаймыз.  Бұл сурет салу бағдарламасының өз халқы және руы болыпты.

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық:

(тестік тапсырмалар орындау) «Не білеміз ?» ойыны.

  1. Графиктік редактор Paint –ті іске қос жолы ?
  1. a) Іске қосу-Paint графикалық редакторы b) Іске қосу-Программалар-Стандартты-Paint графикалық редакторы c) Іске қосу-графикалық редакторы d) Paint графикалық редакторы
  1. Графикалық редактор ?
  1. a) Блокнот b) Word pad c) Power Point d) Paint.
  1. Қате орындалған іс-әрекетті түзету жолы ?
  1. a) Ластикті пайдаланамыз b) Правка-отменить іс-әрекетін орндамыз
  2. c) Отменить d) Вставить.
  1. Тік төртбұрышты салу құралы ?
  1. a) Түзу сайманы b) көп бұрыш сайманы c) тік төртбұрыш сайманы d) қисық сайманы.
  1. Үзіндіні көбейтетін көмекші перне ?
  1. a) Alt +H1 b) ctrl +F8 c) Shift d) Shift +C.

 

IV.Жаңа сабақ:  Күндердің бір күнінде сурет патшалығында Вид уәзірі өзі жүрген патшалыққа қастандық ойлап, патшаның 16 баласын жасырып қояды. Сол 16 баласын табу үшін мына тапсырманы орындайық сонда бізге қайда жасырғаны мәлім болады.

1-деңгейлік тапсырма./5 мин./

Мына төмендегі сурет саламыз.

а)

ә)

Сондағы Вид уәзірі ойланып.16 баласын босатады.

V.Сергіту сәті. Компьютер сыныбында жасалатын арнайы жаттығулар.

 

Вид уәзірі мұнымен тоқталмай, тағы бір қастандық жасайды мұндағы әрекеті сурет патшалығының жалғыз, айдай сұлу, күндей көркем қызы Палитраны жасырып қояды.

2-деңгейлік тапсырма.

Тапсырманы орындау барысында қайда жасырғаны мәлім болады.

Төмендегі суретті саламыз. Көшірмесін жасаймыз.Көбейтіп Вид уәзірін үйрек суретін салып бірнеше үйректерді сыйға береміз. Сөйтіп Палитраны құтқарып аламыз.

Логикалық тапсырма

Мына тұрған объектілерді бейнелеу/бұру командасы арқылы Сурет патшалығының қызы, Палитраның неше қылығы бар екенін анықталады ?

мына фигураны оңға 1800 градусқа бұру;

мына фигураны 90 0 бұру. Сонда сурет патшалының  қызы 28 қырлы, мың сырлы екені анықталады.

Қай жылдары белгісіз Сурет патшалығының отбасына, халқына бақытты, молшылық, игі істерге сәттілік жыл болған екен. Сол қазіргі жаңа жылмен байланысты, ол қандай жыл ? Сонда тақтадан ұлудың суреті шығады. Оқушылар суретін салуға атсалысып, биылғы жаңа жылға өздерінің жақсы тілектерін тілеп, суретке мәтін жазады.

VI.Сабақты бекіту кезеңі. «Сөз жұмбақ»

  1. Меню жолындағы екінші команда.
  2. Қою орысша.
  3. Аты бар байттар тізбегі.
  4. Баспа құралы.
  5. Сурет салу бағдарламасының түстер топтамасы.
ПРАВКА
ВСТАВКА
ФАЙЛ
ПРИНТЕР
ПАЛИТРА

Жауабы: «ПАЙНТ»

Paint сурет салу бағдарламасын топтастыру әдісі бойынша, ауызша бекіту.

VII.Қорытындылау кезеңі:

а) оқушыларды бағалау;

ә) Үйге: Paint сурет салу бағдарламасын қайталау.