Логиканың негізгі түсініктері

Сабақтың тақырыбы: Логиканың негізгі түсініктері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Логиканың негізгі түсініктері туралы мағлұмат беру

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және     шапшаңдыққа баулу

 Тәрбиелілік: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

 Сабақтың түрі: аралас сабақ

Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, тапсырма сұрақтар,   есептер 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

 -Саламатсыздар ма оқушылар!Орындарыңызға отырыңыздар

 (кезекші арқылы сыныпты түгендеу)

 ақ халаттарын киюін қадағалау

 

  1. II. Үй тапсырмасын тексеру:

 

 Позициялық санау жүйелеріндегі арифметикалық амалдар

 Қосу амалына есептер:

 

   0110      1101     11001      1010     0101       10001      1000

+            +         +              +           +            +              +

   0110     0110      10111    0111      0010       11011      1001

 

Азайту амалына есептер:

 

   11010       1101     1101     1010     0101      10001   1000

 —                —            —            —           —             —            —

   01101      0110      111      0111     0010        1011   0001

 

 

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

 Логика сөзі гректің “Logos” – ой, сана, сөз деген сөзінен шыққан.

 Логика – ақиқатқа, шындыққа, көз жеткізу үшін қалай дұрыс ойлау керектігін, ойлаудың заңдары мен ережелерін зерттейтін ғылым.

 Егер хабарлы сөйлемнің ақиқат немесе жалған екендігі туралы айтуға болатын болса, онда оны пікір деп атаймыз.

 

 

 

 ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

 Пікір деп ақиқат немесе жалған екенін тұжырымдауға болатын, мағынасы бойынша аякталған сөйлемді айтамыз.

 

 

 

Логика — пікірлер жөне олардың байланыстары туралы ғылым.

Ойлау, пайымдау әдістері туралы алғашқы ілімдер Ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды, бірақ оның негізіне грек ойшылы Аристотель құрған ілім жатады. Неміс ғалымы Г.В. Лейбниц (1666 жылы) алғаш рет ойлау, пайымдау заңдарындағы анықталмағандықтың ауызша төрелік етуін және пікірлер арасындағы байланысты математикалық қатынас түрінде анықталатын математика тіліне аударуға тырысты.

 

Жүз жылдан соң ағылшын математигі Джордж Буль математикалық зандылықтарға бағынатын логикалық әмбебап тілді құру туралы Лейбниц идеясын дамытты. Ол өз алдына ерекше алгебраныбарлық объектілерге, атап айтқанда, сандар, әріптерден бастап сөйлемдерге дейін қолдануға болатын белгілеулер мен ережелердің жүйесін ойлап тапты. Джордж Буль логикалық алгебраның атасы болып табылады.

 XX ғасырдын басына дейін логика іс жүзінде дамыған жок, ол тек ЭЕМ теориясының пайда болуынан бастап қана өзінің қарқынды дамуын бастады.

 Әрбір ғылым сияқты логика да бірнеше пәндерді қамтиды. Мысалы, формалды логика, математикалық логика, ыктималдық логика, диалектикалық логика және т.с,с. пәндерді атауға болады.

 Формалды  логика сөйлесу тілімен берілген пікірлерді талдаумен байланысты.

Ықтималдық  логика кездейсоқ параметрлермен жасалатын сынактың бірнеше серияларын қолдануға негізделген. Алынған нәтиженің дәлдігі жасалынған тәжірибелер санына тәуелді. Мысалы, тиынды лақтырғанда «елтаңба» немесе «жазу» жағының түсу ықтималдығы 1/2-ге тең, яғни тиынды лақтыру саны артқан сайын осы ықтималдық нақтылана түседі.

 Математикалық  логика дөлелдеулер техникасын зерттейді. Компьютерлер математика пәні сиякты анықтамалар мен дәлелдеулерде нақтылықты және

 

 

 

қатаң реттілікті талап етеді. Пікірлер алгебрасы математикалық логика аймағы болып табылады.

 Пікірлер алгебрасы—идеал пікірлерге қатысты ақиқат немесе жалған пікір деп тұжырымдауға болатын пікірлерді зерттейтін логикалар алгебрасы. Логикалар алгебрасы пікірдің мағынасына назар аударып, терең қарастырмайды.

 Сондықтан логикалар алгебрасы тек екі мағынаға ие болады, яғни пікірлердің кез келгені «ақиқат» немесе «жалған» пікірлерінің біреуін ғана сипаттайды.

 Қарапайым пікірлер логикалар алгебрасында  латынның бас әріптерімен таңбаланады:

 А = {Абай — қазақ халқының ұлы ақыны}. В = {А.С. Пушкин — ұлы математик}.

 Ақиқат пікірге 1 саны, жалғанға 0 саны сейкес қойылады. Сондықтан А=1, В=0.

 Құрмалас пікірлер табиғи тілде пікірлер алгебрасында логикалық амалдармен алмастырылатын «және», «немесе», «теріске шығару» сөздері арқылы құрылады. Логикалық амалдар ақиқаттық кестесімен беріледі және графикалық түрде Эйлер-Венн диаграммасы көмегімен бейнеленеді.

 

  1. V. Жаңа тақырыпты бекіту:
  2. Пікір сұраулы сөйлем түрінде өрнектелуі мүмкін бе?
  3. Пікірлер алгебрасы нені зерттейді?

 

Пікірлер:

  1. Берілген сөйлемдердің қайсысы пікір болып табылады? Олардың ақиқаттылығын анықтаңыз.

 1) Сканер — ақпаратты енгізу құрылғысы.

 2) Тыңдаңыздар!

 3) 5 = 4 + 1.

 4) «4″ және «1″ сандарының қосындысы «5″-ке тең.

 5) «4″ және «1″ сандарының косындысы «5″-ке тең емес.

 6) 4 + 1 = 5.

 7) 4 + 1 > 5.

 8)  А — алфавиттін бірінші әрпі.

 

 VI.Қорытындылау,бағалау: Сабаққа толық қатысып, белсенді араласып отырған оқушыларды «5»деген бағамен бағалаймын, белсенділігі орташа оқушыларды «4»бағамен бағалаймын.

 

VII.Үй тапсырмасын беру:

 Тақырыптың соңындағы 2 –мысалды орындап келу(20-бет).

  • 3.1 оқып келу