«Берілген мәтін үзіндісіндегі ақпарт көлемін бағалау» Компьютер деген не? Программалық жабдықтамалар. Ақпаратты компьютерде сақтау.
Тақырыбы: Практикалық жұмыс №1. «Берілген мәтін үзіндісіндегі ақпарт көлемін бағалау» Компьютер деген не? Программалық жабдықтамалар. Ақпаратты компьютерде сақтау.
Мақсаты: Оқушыларға ақпарт түсінігіне адамның және техникалық көзқарасы бойынша қандай мән берілетінімен таныстыру. Хабарлардың ақпараттық көлемін есептеуге үйрету.
а) білімділік;
Оқушыларға ақпарттың көлемін бағалауды меңгерту
ә) тәрбиелік;
Тазалыққа тәрбиелеймін;
б) дамытушылық;
Ақпар, компьютер, программалық жабдықтар туралы түсініктерін дамыту
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасы
ІІІ Жаңа сабақ
ІІI Үйге тапсырма
І Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыларды белгілеймін.
ІІ Үй тапсырмасы:
- Ақпартты алу көздерін атаңыз.
- Ақпарттық процестер.
- Адам ақпартты қалай алады?
ІІІ Жаңа сабақ
Мақсаты: Ақпаратты бағалау
- Берілген сөздің ақпарттық көлемін анықтаңдар. (Өз аты жөніңді)
Информатика-бұл ақпарат, ақпаратты адамдардың қарым-қатынасында, ЭЕМ жұмысы мен қоғам өмірінде жинау, жинақтау, сақтау мен беру заңдары мен тәсілдері туралы ғылым.Бұл ғылым ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болды, оның дамуы электрондық есептеу техникасынң пайда болуымен байланысты.
| Ақпаратты енгізу | Ақпаратты өңдеу мен сақтау | Ақпаратты шығару |
| Компьютер Пернетақта, маус Адам Сезім мүшелері (Көз, құлақ, сезім мүшелері, иіс сезу мүшесі) | Компьютер ЖБ (процессор, жад) Адам Ми | Компьютер Монитор, принтер Адам Сөйлеу мүшелері (дауыс желбезегі, тіл, ымдау) |
Бағдарламалық жабдықтама (БЖ) арналуы бойынша былай бөлінеді: жүйелік (ЖБЖ), қолданбалы (ҚБЖ), құрал-саймандық (ҚСБЖ). ЖБЖ-ға аппараттық құралдардың жұмыстарын басқаратын және пайдаланушылар мен пайдаланушы қолданбалы кешеніне қызмет ететін бағдарламалар жатады.
-ОЖ;
-драйвелер;
-ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау қолайлылығын қамтамассыз ететін қабықша-бағдаламалар. (NC);
-операциялвқ қабықшалар;
-утилиттер;
-ЭЕМ-ді тестілеу мен диагносьтика құралдары;
-жергілікті желіні басқаратын бағдарламалар.
IІІ Үйге тапсырма: Қайталау