«Оригами» өнері «Аққу, Үкі» құстарын қағаздан жасау технологиясы

 

 

      Сабақтың тақырыбы:

                                       «Оригами» өнері «Аққу, Үкі» құстарын қағаздан жасау технологиясы

       Сабақтың мақсаты:   

Оқушыларға «Оригами» өнері туралы түсінік бере   отырып. Қағаздан «Аққу, Үкі» құсын жасау әдістерін    үйрету. Оқушыларға қағазды бүктеу, қию, құрастыру әдістерін үйрету.

       Білімділік мақсаты:

Оқушылардың қағаздан бұйым жасаудағы шеберлік деңгейін арттыру арқылы, қолөнердің бір түрі «Оригами» өнері туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

       Тәрбиелік мақсаты:

Оқушыларды эстетикалық талғамға, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, өз бетінше жұмыс істей білуге, өнерге баулу.

        Дамытушылық мақсаты:

Қағазды құрастыру жұмыстары арқылы іскерлікке, қағаздан бұйым жасауға үйрету. Шығармашылық ой-өрістерін, шеберлік қабілеттерін дамыту.

       Сабақтың түрі:

                                               Аралас, сарамандық сабақ

       Сабақтың әдісі:

Топпен жұмыс, қағаздан бұйым жасап көрсету арқылы түсіндіру,  үйрету.

       Пәнаралық байланыс:

Бейнелеу өнері, математика т.б.

       Сабақтың көрнекілігі:

                                               Сызба, қағаз А4 , сызғыш, қарындаш, қайшы

       Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
  2. Оқушыларды түгендеу.
  3. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  4. Жаңа тақырып:
  5. Теориялық түсінік:

Жалпы қағаздың қарапайым түрі II ғ. Қытай елінде пайда болған. Оны Цай Лунь ойлап шығарған. Бұл ұзақ уақыт құпия сақталып келіп, VI ғасырда жапонияға, VI-VIII ғасыр шамасында басқа да біраз Азия елдеріне тараған. Кейінірек испания, Италия,Франция, Англия, Голландия, Германия, Россияда пайда болған.

Жалпы қағазды кітап шығаруға қолданумен қатар ұлы суретшілер оны сурет салуға пайдаланды. Кейін келе суретші конструктор, дизайнерлер түрлі қағаздан әдемі заттар мен бұйымдар жасауды ойлап шығарды. Жапон елінде қағаз пластикасы пайда болды.

Оригами өнері Жапонияда пайда болған, мұнда жер сілкінісі жиі болып тұрады, сондықтан жапондықтар арзан материалдан жасалған заттардың ең аз бөлігін ғана пайдаланып, қарапайым ғана өмір сүруді біледі. Ертеде олар тұрғын үй салу үшін кәдімгі қағазды қолданған. Оны ағаш рамаға керіп қоятын болған, сөйтіп қағаз жапон үйінде қабырға орнында тұрған.

Жапон қағазы — айырықша қағаз. Оны шығаратын кішкене зауыттарда электр қуатының орнына су, күн және жел қуатын пайдаланады. Қағаз жасау үшін ерекше бұтанының шыбықтарын кесіп жасайды. Олардың қабығын аршып алады да, қабығын ағын суда жуып, одан соң әбден ағарғанша желде ұстап кептіреді. Содан соң қабықты қоймалжың массаға айналдырады, олардан арнайы қалқандарға қағаз парақтарын қалыптастырады. Содан соң дымқыл парақтарды ыстық металл пластиналарға салады, содан қағаз дайын болады. Оның қалың немесе жартылай мөлдір, ақ, түрлі-түсті де болуы ықтимал, соның бәрінде де ол әрдайым өте мықты, майысқақ және жұмсақ боллып келеді.

Жапондықтар қағазды қолданудың көптеген тәсілін ойлап тапқан: қағазға жазу жазады, кескіндемелер салады, одан желпуіштер, ыдыс-аяқ, киім бөлшектерін жасайды. Сондықтан да оригами – қағаздан бүктеп мүлік жасау өнері тура осы елде пайда болды деуге болады.

Соңғы уақытта тек Жапонияда ғана емес сондай-ақ дүние жүзінің көптеген елдерінде нағыз оригами шеберлері пайда бола бастады. Өнердің осы түріне арналған газеттер, журналдар шығады, интернетте сайттар ашылуда.

 

 

  1. Сарамандық жұмыс:
  2. Аққу мен Үкі құсын жасаудың сызбасы арқылы қағазды қию, бүктеу әдістерін үйету.

 

  1. Сызба бойынша жасаған қағаздан Аққу, Үкі бейнесін құрастырып үйрету.

 

 

 

  • Сабақты бекіту:
  1. Оқушыларды жасаған жұмыстарын тексеріп, жіберген қателерін тексеріп түзету.
  2. Оқушыларды бағалау.
  3. Үйге тапсырма.