Паскаль-программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Паскаль ортасымен жұмыс. Программа мәтінін теру. Анықтама жүйесі. Программаның орындалуы

Тақырыбы:  Паскаль-программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Паскаль ортасымен жұмыс. Программа мәтінін теру. Анықтама жүйесі. Программаның орындалуы

Мақсаты:

Білімділік: Паскаль программалау тілінің алфавитімен таныстыру және алгоритмді программалау тілінде жазу  ережелерін түсіндіру.

Дамытушылық: Жасанды тілдің қалай құрылатынын сезіну.

Тәрбиелілік: Тәртіптілік пен жинақылық дағдыларының қалыптасуына әсер ету.

 

Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, компьютер, Паскаль-программа.

 

Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.

 

І.  Сабақтың барысы: Жаңа сабақ.

 

  1. Паскаль тілі

ПС. Алгоритмнің бәрі формулалармен ғана емес сөздерменде жазылады. Ол сөздерді компьютер қалай түсінеді? Компьютер деген машина болса, ол командаларды қалай орындайды?

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны машинаға түсінікті тілде жазамыз. Ондай тілдер өте көп. Солардың кең тараған бір түрі Паскаль. Одан басқа АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК, ДЕЛФИ… т.с.с болып кете береді. Паскаль тілін 1968-1970 жылдары швейцариялық ғалым Никалус Врит оқып-үйренуге қолайлы тіл ретінде ұсыған.

Паскал тілінде программа үш бөліктен тұрады:

1. тақырып
2. сипаттау бөлімі
3. операторлар бөлімі

Түйінді сөз – мағанасы алдын ала анықталған, Паскаль тілінің құрамына кіретін ағылшын сөзі. (Оқулықтың 39 бетіндегі 2.2 кестені қара)

 

Мыс:  program, var, begin, while…

Идентификатор – айнымалыларды белгілеу үшін және программалау үрдісінде қолданылатын арнайы таңбалар мен белгілер көбінесе латын әріптері және цифрлар).

 

Мыс:

x=9, y01:=0.1, y02:=0.5, mektep:=’Уалиханов’

мұндағы: x, y01, y02, mektep шамалары идентификатор болып табылады.

 

  1. Тілдің алфавиті.

Паскаль – тіл деп аталған соң оның кәдімгі тілдегідей өз алфавиті бар.

Барлық латын әріптері – A … z;

Сандар: 0…9, 2-лік, 16-лық; (16-лық санды шатастырмау үшін оның идентификаторына $ белгісі тіркеліп жазылады, $1F);

Арифметикалық амалдар: +, -, *, /

Бұларды біз математикадан білеміз. Паскалда бұлардан басқа мынадай да амалдар қолданылады:

div — бүтін бөлу (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бөлiндінің бүтін бөлігін табу), мысалы, 10 div 3 = 3.

10 div 3 = 3

mod — қалдықты табу (бүтін сандарды бөлген кездегі бүтін қалдықты табу), мысалы, 10 mod 3 — нәтижесі 1.

Логикалық амал белгілері:

andжәне (логикалық көбейту) операциясы;

orнемесе (логикалык косу) операциясы;

x and y > 0 

notемес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;

true – ақиқат

false — жалған

div – бүтін бөлу. Мыс: 10 div 3 =3 қалдығы еленбейді.

mod – қалдықты табу. Мыс: 10 mod 3 =1  бүтін бөлігі еленбейді.

And – және (логикалық көбейту);

or  — немесе (логикалық қосу);

not – емес (терістеу).

‘ (апостроп) – символдық немесе жолдық шамаларды қоршау (тырнақшаға алу) белгісі

:= — меншіктеу белгісі

;  — операторлар арасын бөлектеу үшін қолданылады.

Бұдан басқа да көптеген таңбалар бар. Оларды болашақ сабақтарымызда қажеттігіне қарай біртіндеп анықтап отырамыз.

Қатыс таңбалары : >, <, >=, <=

 

  1. Сабақты бекіту

Суреттегі жақтағы есептерді талдау, осыған ұқсас ауызша есептер шығару.

 

  1. Үйге тапсырма:
  • 2.1, §2.2 оқу.4-тапсырманы орындау.