«Шебер қолдар» сайысы

                                                                         Ш. Уәлиханов атындағы  10

орта-мектеп гимназиясының

технология пәнінің мұғалімі

Шукеева Г.К.

 

«Шебер қолдар» сайысы

Мақсаты:

Оқушылардың білімі мен жан жақты ойлау қабілеті мен ой ұшқырлығын сынау. Технология пәні бойынша алған білімдерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, жан жақты дамыған азамат тәрбиелеу,

Құрал-жабдықтар: мата, ине, жіп, қайшы, тарақ, айна, желім, түрлі түсті қағаз.

Жүргізуші. Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар сіздер технология пәні бойынша өткізгелі отырған  «ШЕБЕР ҚОЛДАР»  атты сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.

                                      Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жым отыру жарасама?

Туыс, дос, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды білімді жас талапқа.

Қолыңды бекерге бос, соға берме,

Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме,

Зерделеп, сұрақ-жауап санаңа түй,

Сонда ортақ боласың бар жеңіске.

Бүгінгі сайысымызға оқушылардың ішіндегі алғырлары мен білімділері күш сынасуға келіп отыр, ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. Алдарыңызда

Жұлдыз тобы                    және        Арман тобы

  1. Аукебаев Нуржан Абдрахманова Тоқжан
  2. Досболова Улдана Әшімханова Сәния
  3. Күштүков Самат Абеов Олжас
  4. Қырықбаева Мөлдір Бекмурзанова Жулдыз
  5. Сембаев Еламан Қадырбай Айсултан
  6. Юсупова Аида Сағындыкова Зауре

 

Білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

  1. Сағатбекова Назипа Капанқызы. – директордың оқу – тәрбие жөніндегі орынбасары.
  2. Нусупова Шолпан Айдаржанқызы. – музыка пәнінің мұғалімі.
  3. Урбан Татьяна Борисовна. – технология пәнінің мұғалімі.

 

Жүргізуші; Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз, біздің күнделікті іс әрекеттеріміз  білімге, оқуға, үйренуге бағыттаоған, бірақ менің ойымша бұл қасиеттерге қоса адамға шапшандық, тапқырлық та өте қажет. Сонымен жарысымыздың бірінші бөлімін бастайық.

Үй тапсырмасы. «СӘЛЕМДЕСУ, ӨЗ ТОПТАРЫН ТАНЫСТЫРУ». Ортаға  Арман тобын шақырамыз, келесі Жулдыз тобы.

Әділ қазылардың бағалары.

Жүргізуші;  Екінші бөлімнің шарты; алдарыңызда турған сандықтың ішінен бір зат алып соған жарнама жасау қажет. Жақсы жарнамаға 5 ұпай беріледі.  Сонымен «ЖАРНАМА» бөлімін бастайық.

Міне көзді ашып жұмғанша екінші бөлімімізде аяқталды. Осы бірінші және екінші бөліміміздің жалпы ұпай санын айтуға әділ қазыларға сөз берейік.

Сайысымыздың келесі бөлімі «ШАШТАРАЗ ӨНЕРІ»  ортаға шашы ұзын екі қыз және екі ул бала шақырылады. Шарты шашты әдемілеп өріп, сәндеу қажет.  Келесі сайысымызды бастамастан бұрын әділ қазылардан «ШАШТАРАЗ ӨНЕРІ»  жарысының бағасын беруді сұраймыз.

Ал енді сайыскерлерімізді көп тостырмай  «ЖОРҒА»  сайысын бастайық. Бұл сайыс ең шешуші кезең болып табылады, сондықтан да мұқият болуға тырысыңдар. Жорға жарысының шарты; бір минут аралығында 15 сурақ оқуға тырысамын, дұрыс жауабын білмесеңіз келесі деп жалғастырасыз. Әр бір дұрыс жауап 1 ұпайға ие болады.

Арман тобынан топ басшысын шақырамыз. Ал жорға жарысымызды бастайық.

 

  1. Иық бұйымдарына не жатады?   ( Көйлек, халат, шапан, тон, жейде, камзол.)
  2. Ботқаны неден жасайды?     (Жармадан)
  3. Дене өлшемін өлшеу үшін не қажет? (өлшеүш таспасы)
  4. Мақта матасы неден алынады? (Мақтадан)
  5. Тігін машинасының астынғы бөлшегі? (Шөлмек)
  6. Жібек мата неден алынады? (Тұт құртынан)
  7. Ең көп пайдаланатын асханалық құрал? (Пышақ)
  8. Қалталы аң?   (Кенгуру)
  9. Қалыңдықтың бас киімі? (Сәукеле)
  10. Тойымды мамандық? (Аспазшы )
  11. Жармалардан жасалған тағам? (Ботқа)
  12. Ыстап кептірілген ет? (Сүр ет)
  13. Бәрін тойдырады, ал өзі жемейді. (Қасық)
  14. биенің сүтінен дайындалатын сусын? (Қымыз)
  15. Егде жастағы әйелдің бас киімі? (Кимешек)

 

Ортаға екінші топтың басшысын шақырамыз.

 

  1. Винегрет салатына қосылатын негізгі көкөніс?  (Қызылша)
  2. Қойдың етін неше мүшеге бөледі? (12 мүшеге)
  3. Тігін машинасының неше түрі бар? (Ұш, қол, аяқ, тоқ машинасы)
  4. Қазіргі замандағы машинаның негізін салған американдық инженер? (Исаак Зингер)
  5. Малдың сүтінен дайындалатын, ұзақ уақыт сақталатын тағам? (Құрт)
  6. Қамырдың барлық түрін әзірлеудің негізгі шикізаты?  (Ұн)
  7. Сүт тағамдарына не жатады? (Сүт, айран, қатық, кілегей, шубат,

                                                             қымыз, ірімшік, құрт, шалап.)

  1. Шулық пен қолғаптың резинкасын қандай шалулармен тоқийды? (Оң, теріс).
  2. Тігін машинасының ең алғашқы жобасын кім усынды? (Леонарда да Винчи)
  3. Инені матаға кіргізү үшін не қажет? (Оймақ)
  4. Қолдануына қарай бұйымдар қандай түрге бөлінеді? (Тұрмыстық,           күнделікті, салтанатты)
  5. Көкөністерден жасалған тағам? (Салаттар)
  6. Ер адамның ұлттық аяқ киімі? (Етік, мәсі, саптама)
  7. Қой терісінен тігілген ер адамның сырт киімі? (Тон)
  8. Жармалардан жасалған тағам? (Ботқа )

 

Жүргізуші; Осымен жорға жарысы да бітті, екі сайыскеріміздің жалпы жинаған упай санын білу үшін әділ қазыларға сөз берейік.

Келесі сайысымыз «ҚОЛ ӨНЕРІ», бұл жарыстатоп мүшелері 3 минут аралығында бар заттан әр түрлі зат шығару қажет. Әр бір затқа 5ұпайдан беріледі. Іске сәт. Әділ қазылардың бағалары.

Жүргізуші; Келесі сайысымыз «ШЕГЕ ҚАҒУ»  осы сайысымызға әр топтан бір қыз баланы шақырамыз, берілген уақыт ішінде шегені қағып көрсетесіңдер, дұрыс қағылған шегеге 5 ұпай беріледі.  3 минут Ал қыздар іске сәт.

Жүргізуші; келесі сайысымыз  «ТҮЙМЕ ТАҒУ»  енді кезекті улдарға берейік, берілген уақыт ішінде түймені дұрыс тәсілмен қадау керек, дұрыс тағылған түйме үшін 5 ұпай беріледі. (3 минут)

Әділ қазыларға сөз берейік.

Жүргізуші;      Шебердің саусағы алтын.

Өнерлінің қолы алтын.

Келесі сайысымыз  «ХОББИ»  бұл сайыста әр топ үйлерінде дайындаған көйлек үлгілерін, қол өнерін, тағам пісіру өнерлерін көрсетеді. Ал енді сонғы жарысымызды тамашалайық. (5 ұпай)

 

Жүргізуші;           Білім деген байлық бар,

Еш байлық оған жетпейді.

Жасында оқып, жиып ал,

Тепкілесең кетпейді.

Құрметті көрермендер, қатысушылар енді жалпы ұпай санын есептеп жарыста жеңген

жеңімпаз топты марапаттау үшін әділ қазыларға сөз берейік.

 

Топ эмблемалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әділ қазылардың ұпай санау парағы

 №Реттілігі7 а Арман7 б Жұлдыз
1Сәлемдесу, өз — өзін таныстыру
Жалпы ұпай
2Жарнама
Жалпы ұпай
3Шаштараз өнері
Жалпы ұпай
4Жорға  (сұрақтар)
Жалпы ұпай
5Қол өнері
Жалпы ұпай
6Шеге қағу
7Түйме қадау
Жалпы ұпай
8Хобби
Жалпы ұпай саны

 

Түйме қадау көрінісі

 

Шеге қағу көрінісі

 

 

               Марапаттау рәсімі