СТД-120 Ағаш жону білдегі

 

 

Сабақтың тақырыбы: СТД-120 Ағаш жону білдегі

а) Ұйымдастыру кезеңі

б) Үй тапсырмасын тексеру

с) Өткенді қайталау

д) Жаңа сабақ

е) Қауіпсіздік ережесі  және тазалық сақтау.

Сабақтың түрі:(Теориялық) Ағаш жону білдегінің құрылысымен таныстыру.

Ежелгі заманда қазақтардың шеберлік танытқан салаларын атаңдар?

Бұйымдарды қалай әшекелейді? Т.б сұрақтар қойып, оқушыларды бағалау.

Жаңа сабақ: СТД 120 Ағаш жону білдегі.

Қауіпсіздік техникасының ережелерін ескертіп, журналға қол қойғызып алу.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды СТД-120 білдегімен жұмыс жауға үйрету.

Тәрбиелік мәні: а) Шеберлікке икемділікке үйрету.

б) Оқушыларды қолөнерге үйрету.

Көрнекілік құралдар:Проектордан ағаш жону білдегінің бөлшектерін көрсету.

Сабақтың барысы: Цилиндр, конус, шар тәрізді бүйымдарды жону үшін оларды СТД-120 білдегіне салып жонып, өңдейді. Біздің Отандық өнеркәсібіміз орталықты, қарама-қарсы және орталықсыз жону білдегін шығарады. Орталықты жону білдіктерде салыстырмалы түрде алғандағы диаметрі онша үлкен емес, ұзынша бөлшектер өңделеді. Дайындалған ағаш материалдарды алдыңғы және артқы қыспақтардың орталығы арасына мықтап бекітіледі. СТД-120 қарама-қарсы тік білдектердің көлемі едәуір үлкен, жайпақ бөлшектер өңделеді. Олар алдыңғы қыспақ тығырына бекітіледі. Мұнда білдекте артқы қыспақ тетігі болмайды. Орталықсыз (дөңгелек тақшалы) білдектер цилиндр және конус тәрізді, үлгідегі бөлшектерді жасап шығаруға қолданылады. Білдектің кескіш пышақтарының өткір жүздері ішке қарай бағытталған іші қуыс пышақ бастары болып табылады.

 

Өңдеуге арналған ағаш материалы өз осінен айналатын пышақ басына сәйкес беріледі.

Ағаш өңдейтін СТД-120 м білдегі негізгі бөлігі (ағаш жону білдегінің суреті)

Бағыттаушы тетіктерімен қоса алғанда, шойынның құйылған тіректі негізі (6) болып табылады.

Ол өзінің  екі тіректі табаны (5) станоктың тұрақты әрі берік тұруын қамтамасыз етеді. Оған алдыңғы (7) және артқы (13) қыспақ тетіктер ұстайтын тұтқасы (11) орналастырған. Білдектің жұмыс механизмдері кесу аймағын (жұмыс кеңістігін)