Программалық жабдықтаманың сыныптамасы мен жалпы сипаттамасы

Сабақтың тақырыбы : § 8 Программалық жабдықтаманың сыныптамасы мен жалпы сипаттамасы

Сабақтың мақсаты : программамен қамтамасыз ету туралы түсінік қалыптастыру, программалық жабдықтаманың түрлері мен қызметін көрсету; операциялық жүйенің қызметі, оның құрылымы, жүктелу тәсілі туралы ұғым қалыптастыру.

Оқушылар білуі тиіс : «Программамен қамтамасыз ету» ұғымын, оның түрлерге бөлінетін, қызметін, құрамын, «операциялық жүйе», «драйвер» және «утилита» түсініктерін, қолданбалы программалар қызметін, программалау жүйелерін, ОЖ қызметін.

Оқушылар үйренуі тиіс : ПЖ- ны нақты ОЖ –ның бір түріне жатқызуды, ОЖ, драйверлерге, утилит- программаларға, қосымшаларға мысалдар келтіруді.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІV Білімді өзектендіру

Компьютер ақпаратты қалай жіберіп, қалай қабылдап алады ?

Компьютер көп ақпаратты сақтай ала ма , неліктен ?

Адам өз жадында көп ақпарат сақтай ала ма ? Неге ?

Ақпаратты қандай құрылғы өңдейді ?

Қорытынды : Бүгін біз компьютердің ақпаратты қалай өңдейтінін білеміз.

V Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жүйелік программалық жабдықтама

Компьютер іске қосылған соң , ол жүктелгенге дейін біраз күту керек екенін білесіңдер. Бұл компьютерге жүйелік программалық жабдықтаманы жүктеу үшін уақыт керек екенін білдіреді.

Жүйелік ПЖ –ға мына программалар жатады :

Операциялық жүйе . Ол компьютердің қондырғылары мен программалық  жабдықтамаларының жұмысын басқарады. Операциялық жүйені өндіріс орнының директорымен салыстыруға болады.

Драйверлер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар. Мәселен, компьютерге жаңа принтер қостық делік. Операциялық жүйе осы принтермен жұмыс істеуі үшін оған программа-драйвер керек. Драйверді- құрылғының компьютермен араласу тілі десек болады. Әдетте құрылғылардың драйверлері олармен бірге дискілерге жазылып таратылады.

Утилиталар – компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программалар.

Қолданбалы программалық жабдықтама

Саны ең көп және алуан түрлі программалар тобы. Қолданбалы есептерді шешуге арналғандарының бәрі қолданбалы программаларға жатады. Ол мәтінмен орындалатын жұмыстар, фотографияларды қарау, Интернет желісіндегі жұмыс болуы мүмкін. Қолданбалы программаларды қосымшалар деп те атайды.

 

Программалау жүйелері

Жаңа программалар – олар операциялық жүйелер болсын немесе қосымшалар болсын, бәрібір – құру үшін, програмалаушыға арнайы программа керек. Ондай программаларды программалау жүйелері деп атайды.

Операциялық жүйе – компьютердің жұмысын басқаратын басты программа.

VІ Бекіту

Оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды. А деңгейлі тапсырма 3 түрлі нұсқада берілген. Оқушы таңдауды өзі жасайды.

VІІ Қорытындылау

Компьютерді программамен қамтамасыз ету деген не ?

Операциялық жүйе жүйтеуі қашан болады ?

Программалық драйвер не үшін қажет ?

Программалық утилитаға мысал келтір.

 

VІІІ Үйге тапсырма

 

  • 8 , анықтаманы, ПЖ-ның жіктелуін, сызбасын жаттау, сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларын орындау, тест сұрақтарына жауап беру.