Файлдарды архивтеу

Сабақтың тақырыбы:    Файлдарды архивтеу

Сабақтың  мақсаты:  

           Білімділігі:   Компьютерлік ақпартты қорғау, ДК-ді қорғау ерекшеліктері. Компьютерлік вирус, Антивирустық құралдар туралы білімдерін қалыптастыру.

           Тәрбиелігі:  Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы:  Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру

Сабақтың түрі:    практикум элементтерінің көмегімен десонстрациялау, баяндау арқылы

түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:  компьютерлер, интерактивті тақта, электронды оқулық .

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымадстыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Файлдарды архивтеу

 

Резервтік (Қорда сақталатын) көшірмені құру үшін немесе компьютерлік желілер арқылы жылдам беру үшін файлдар архиватордеп аталатын арнайы программалардың көмегімен архивтеледі. Программалар –архиваторлар бір немесе бірнеше файлдың орнына бір архивтік файл құрады. Архивтеу компьютер жадында орынды үнемдеуге  ғана емес, сонымен қатар ақпараттарды сенімді сақтау үшін де қажет.

Файлды архивтік файлға жазу процесі архивтеу (буып –түю, сығу), ал файлды архивтен алу- архивтен шығару деп аталады. Буып-түйілген (сығылған) файл архив деп аталады.

Ақпараттар көлемі кішірейетін, ал ақпарат саны сол қалпында қалатын әр түрлі архивтеу алгоритмдері бар.  Мәтіндік және графикалық файлдар жақсы сығылады, ал іс-жүзінде архивтер файлы сығылмайды.

Кейбір архиваторлар архивтегі файлдарды бұрынғы қалпына келтіру үшін   архиватор-программаны қажет етпейтінімен өзгешеленетін, архивтерден арнайы программасыз өзі шығаратын  архивтерді құра алады.

Программашылар көптеген әр түрлі архиваторларды құрды,  олардың ішінде кеңінен тарағаны WinRar және  WinZip, сол сияқты Windows операциялық жүйесіне деректерді Архивтеу қызметші программасы кіреді. Архиваторды таңдағанда олардың әмбебаптығы және сенімділігі басшылыққа алынады, бірақ, әрине, оның негізгі параметрлерін – сығу сапасы және жылдамдығын ұмытпаған жөн.

Архивтерді құру және оларды басқарудың бірден-бір кеңінен тараған әйгілі құралына, орыс тіліне толығымен көшірілген архиватор WinRar жатады.

WinRar   RAR  және   ZIP архивтермен жұмыс  жасауға мүмкіндік береді, жоғары нәтижелі деректерді сығу алгоритмін пайдаланады, көптомдық және архивтен өзі шығаратын архивтерді           ( SFX, ағылшын тілінде Self-extracting)   құрады және т.с.с.

Көптомдық архивтер –бірнеше бөліктен тұратын архивтер. Жалпы томдар үлкен архивті бірнеше дискетада немесе басқа сменалық тасушыда сақтау үшін пайдаланылады.

Windows  үшін  WinZip  программасы архивтік файлдармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін кең тараған архиватор болып табылады.

Үйге тапсырма беру:    Файлдарды архивтеу

 Оқушыларды бағалау.