Компакт-дискідегі программаларды орнату және іске қосу

Сабақтың тақырыбы:   Компакт-дискідегі программаларды орнату және іске қосу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды мультемедиа бағдарламаларының жұмысымен таныстыру,

компакт-дискідегі программаларды орнату мен іске қосуды  үйрету;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта. презентация слайд

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер:

Компакт-дискідегі программаларды орнату және іске қосу

Кейінгі кезде компьютерлік программалар компакт-дискілерде таратылады.  Бұл қолданбалы программалар, операциялық жүйелер,  ойындар және т.б. болуы мүмкін. Сондықтан компакт-дискідегі программаны компьютерге дұрыс орната білудің үлкен мәні бар.

Компакт –дискідегі программаны орнатуды қандай да бір ойынның мысалында қарастырайық.

Кейінгі дискілердің көбі автоматты түрде іске қосылады (автозапуск), яғни сендер дискіні  CD-ROM –ға қойсаңдар болды, әрі қарай іске қосу автоматты түрде жүреді. Сендердегі тура осындай дискі делік. Онда пайда болған безендірілген бастамасы бар терезеде Install  батырмасын таңдау керек   немесе  егер мұндай батырма жоқ болса, Setup батырмасында шертіңдер. Орысша нұсқасында бұл батырмалардың кез келгенін орнында Установить батырмасы болады. Егер тіпті бұл батырмалар да болмаса, онда ОК және Cancel  екі батырмасы, орысша нұсқасында  ОК және Отмена батырмалары болады. Бұл жағдайда ОК батырмасын шертіңдер.

Бірақ ойын   Setup.exe.  немесе  Install.exe  арқылы орнатылатын жағдайда автоматты түрде іске қосылмауы да мүмкін, онда дискіден бұл файлдың бірін сендердің өздеріңе іздеуге тура келеді.

Ол үшін:

  1. Мой компьютер қапшығын ашыңдар.
  2. Д: дискінің белгішесін екі рет шертіңдер.
  3. Пайда болған қапшықтың терезесінде 7.8- суретте келтірілген файлдарды іздеңдер.

Егер бұл файлдардың екеуі де бар болса, онда  Install-ды  таңдау керек.

  1. Қондырғыны іске қосу үшін табылған файлды екі рет шертіңдер.

Орнату кезінде онда мынадай батырмалардың үйлесімінің бірі бар:  Yes, No, Agree, No, Да, Нет, Согласен, Не согласен және т.б.  лицензиялық келісім терезесі жиі пайда болады. Бұл жағдайда әрқашан мақұлдап, Yes, Agree,  Да, Согласен деп жауап беріңдер.

Содан соң орнату барысында тек ОК (Жарайды), Next (келесі) немесе Далее (Әрі қарай)  батырмасын басу керек.

 

Үйге тапсырма:    Компакт-дискідегі программаларды орнату және іске қосу

Оқушыларды бағалау.