Су моншақпен гүл жасау

 

 

 

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Төртүй ауылы,

Екібастұз жалпы орта білім беретін мектеп

Технология пәні  мұғалімі  Солтанова Равия Икрамқызы

 

 

Тақырыбы:  Су  моншақпен   гүл жасау

Мақсаты:

Б/к. Су моншақтың  шығу  тарихы туралы   түсініктерін  қалыптастыру

Д/қ. Өз беттерінше  жұмыс істеу  қабілетін  дамыту.

Т/к. Талғампаздық пен шеберлікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Сумоншақтан сәндік бұйымдар жасай алады.
  • Оқушылардың ептілігі, шеберлігі, төзімділігі артады.
  • Халық қолөнерін қолдана біледі.

Сабақтың  әдісі:   баяндау, сұрақ – жауап

Сабақ көрнекілігі:  Интербелсенді тақта, слайдттар, әшекей бұйымдар.

Пән аралық байланыс:  Тарих, химия , математика, бейнелеу.

Қажетті құрал – жабдықтар: сумоншақ түрлері, сым, қайшы.

Сабақтың  барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:   Сәлемдесу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

 Қызығушылықты ояту.

Әдепті де өнерлі

Еңбек сүйгіш баламыз.

Жаңа істің шебері,

Жасаушысы боламыз

Қане, балалар өлең жолын қайталайық. Балалар, үнемі аянбай еңбек етсек, биік шыңға жетеміз.

 

Жаңа тақырыпты  түсіндіру.

  1. Балалар  бисер дегеніміз  не? 

Бисер деген сөздің  өзі ұсақ моншақтарға  берілген  жалпы  түсінік.

Олар  ұсақ  домалақ,  сопақ, әр түрлі  хрусталь  шыны, керамикалы

 

материалдардан жасалады

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға  болады.

Киімдерге, жаға, жең, аяқкиімдерге, камзол, сөмке т.б

  1. Нені талап етеді?

Бисермен  тоқу  көп  уақытты  талап  етеді.

Бисердің   шығу тарихы:

Бисердің  шығу  тарихы  әйнектің  шығу  тарихымен  тікелей  байланысты.

Дегенмен  әйнектің  алғаш  құпиясын ашқан  Финикия  елі  екен. Финикиялықтар  әлемді  жүзіп  жүріп Сирияға   тоқтайды.  Олар жағаға шығып  өздеріне  азық  дайындау   үшін   тас  іздейді.  Ешнәрсе  таппаған  олар кемедегі   селитраның  (натрий  қосындыларының) үлкен   бөліктерін   пайдаланады.  Сол тастарға  қазан  орнатады.  От жағады. Оттың  ыстық температурасынан  селитра  еріп, өзен құмына  араласып , сұйық әйнек болып аққан екен. Кейін  осы Финикиялық көпестер әшекей заттар, шыны ыдыстар  әйнектен жасалған бұйымдар сатқан екен. Бисерді ең көп шығаратын   елдер. Жапония, Италия, АҚШ, Үндістан. Үндістан  әшекей  бұйымды  көп қолданады.

Бисерден   Алқа , сырға, білезік,  тұмарша, сөмке,  ұялы телефон қабын  т.б. заттар жасауға болады

Алқалар

Білезіктер.

Гүл  шоқтары.

Бүгінгі сабағымызда сумоншақ пен моншақтан  гүл  жасап үйренеміз.

Жұмыс орындарының дайындығын тексеру.

Қазір біз жіңішке  сым  қолданамыз.  Мына көрсетілген  үлгі  бойынша жұмыс  істейміз./Мұғалімнің   көрсетуі  бойынша  жұмыс жүргізіледі./

 

 

 

Сарамандық жұмыс.

Қауіпсіздік ережесі.

Сыммен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

  1. Сымның ұшын көзге жақындатуға болмайды.
  2. Сымды жерге тастама.
  3. Сыммен ойнама.

Қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

  1. Қайшыны жолдасыңа тұтқа жағымен бер.
  2. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде көңілін бөлуге болмайды.
  3. Пайдаланбаған кезде қайшыны ашып тастауға болмайды.

Сергіту   сәті.   Жұмбақ  жасыру.

  Жұмысты   аяқтау.

Ой толғау.

  1. Әйнектің ең алғаш құпиясын ашқан ел?
  2. Сумоншақтан жасалатын сәндік бұйымдар?

«Бисер» сөзі қандай сөзден шыққан?

Қорытындылау бөлімі:

Жасаған бұйымдарына, белсенділіктеріне, жылдамдықтарына, шығармашылық , ізденімпаздықтарына, тазалықтарына қарай  сипаттама  беру.

Жұмыс орнын  жинау

Үйге  тапсырма.    

Өз қалауынша әшекей бұйым жасау.

Сумоншақ туралы дерек жинау.