Астық жинайтын комбайнның жалпы құрылысы.

Сабақтың тақырыбы: Астық жинайтын комбайнның жалпы құрылысы.

Сабақтың мақсаты: астық жинайтын әмбебап комбайнның жалпы құрылысымен, негізгі бөліктерімен танысу. Астық ору тәсілдерінен түсінік беру. Комбайндарға қолданылатын қозғалтқыштардың қуат күштері мен айналыс сәттері туралы және комбайнның жалпы құрылысы туралы мәлімет беру.

Сабақтың білімділігі: өнім жинау кезіндегі әмбебап комбайнының ысырапсыз қыруар істі атқаратындығы, қажеттілігі, механизмдері туралы білімін арттыру және оқушылардың техника тіліне қабілетін машықтандыру.

Дамытушылығы: ата-кәсіпке сүйіспеншілікті ояту, мамандыққа баулу.

Сабақтың түрі: баяндау, талдау, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: плакат, суреттер, талдамалық схемалар.

Пәнаралық байланыс: химия, физика, сызу және сурет.

Үй тапсырмасын бекіту: тест сұрақтары арқылы оқушылардың білімін бағалау.

1.Дизельдік қозғалтқыштың тұтануы қалай аталады?

а)      электр жарқылымен;

ә)      газ қысымының ұлгаюымен;

б)      ауа қысымының қызуынан.

2.Дизельде қоспа қай жерде түзіледі?

а)      цилиндр ішінен тыс жерде;

ә)      цилиндр ішінің толық көлемінде;

б)      сығылу камерасында.

3.Сеңгіршік қандай қызмет атқарады?

а)      электр жарқылын шығарады;
ә)      таза ауа енгізеді;

б)      жанармай бөлігін бүркиді.

  1. Сеңгіршік инесі ұяшықтан ненің әсерінен шығады?

а)       пружина серпілісі әсерінен;
ә)       ауа қысымының әсерінен;

б)      жанармай қысымының әсерінен.

5.Сеңгіршікке жанармай қай жері арқылы келіп құйылады?

а)      төбе тесігі арқылы;

ә)      шүйде саптамасы арқылы;

б)      ине үяшығындағы тесіктен.

6.Сеңгіршік   тетіктері   қай   жеріне жинақталады?

а)      жақтауларына;
ә)       төбесіне;

б)      тұрық тетіктеріне.

7.Сеңгіршікке жанармай қайдан келеді?

а)      төменгі қысымды сорғыдан;
э)       қол сорғыдан;

б)      жоғарғы қысымды сорғыдан.

  1. Жоғарғы жанармай қысымын қалыптастыратын тетік

а)      поршен;
э)       плунжер;

б)      сықпақ (шток).

9.Сытылма  жанармай   қайда   барып құйылады?

а)      төменгі      қысымды      сорғының құйылмасына;

э)      нәзік сүзгі тостағанына;

б)      жанармай багына.

  1. Цилиндр ішіне жанармай кай жерден бүркіледі.

а)       бүріккіш инеден;
э)       бүріккіш қуыстан;

б)      бүріккіш тесіктен.

  1. Бүріккіштік қызметіне қарай форсунканың атауы қазақтың қай сөзіне сәйкес келеді?

а)      сарпыншақ;

э)      бүркіншек;

б)      сеңгіршік.

 

Астық жинайтын комбайнның жалпы құрылысы

Өздігінен жүретін комбайнның негізгі бөліктері алты бөліктен тұрады: жаткыдан (хедерден), молатпадан, шөмелеуіштен, жүру бөлігінен, қозғалтқыштан және жинауыштан.

Жаткы келесі негізгі бөліктер мен механизмдерді қамтиды: бағдарлауыш башмақтары мен жаткы тұркын, малтығыш тасмалдауышымен көлбеу тұрқын, теңселме механизмі мен деңгейлеуішін, реттегіш механизмі мен қалбағайын және вариаторын, тегершігімен кескіш аппаратын, жетектегіш механизмімен иірлігін.

Молатпаның құрылысы келесі бөліктерден құралады: бастыру құрылғысынан, сабан сіліккіштен, тазалайтын және тасымалдайтын құрылысынан (иірлік пен элеватордан), беріліс системасынан, басқару аймағынан (кәбеңкеден), гидравликалык жүйеден және электр жабдыктарынан.

Жүру бөлігі өзіне вариаторлы және жүргізгіш мостымен бағыттаушы доңғалактарды қамтиды. Жүргізгіш мост доңғалақтары, өз кезегінде тізбектегіштен, қорапты берілістен, дифференциалдан (бұлтылдақтан), екі бортты редуктордан, доңғалақтардан және тежегіш жүйесінен құралады.

Комбайндарда есепсіз қайта жабдықталған тракторлық қозғалтқыштар қолданылады. Мысалы, СК- 4 комбайнында СМД-14К немесе СМД-15К қозғалтқышы койылған, бұлардың әркайсысы өзіне ДТ-75 шынжыр табанды тракторға орнатылған СМД — 14 қозғалтқышының үлгі-пормына негізделген. Қозғалтқыштың маркасына жазылған «К» қарібі комбайнға арнап жабдықталғандығын білдіреді. Қозғалтқыштың 75 а.к. тең, айланыс сәті 1700 об/мин.

СКД-5, СК-5, СКД-5Р, СКПР-5 комбайндарында СМД-17К жэне СМД-18К қозғалтқыштары орнатылған — екеуінің де қуаты 100 а.к. тең, ал айланыс сәті 1900 об/мин.

СМД-14К жэне СМД-18К қозғалтқыштарын босату үшін, екі тактілі карбюраторы бір цилиндрлі қозғалтқышты (босатқышты) қолданады, оның — қуаттылығы 10 а.к. тең, айланыс сәті 3500 об/мин. босатқышты шығарғанда қуаты 0,6 а.к. пара-пар электр стартерімен бірге шығарады.

СМД-15К және СМД-17К дизельдерін қуаттылығы 8 а.к. тең болатын. СТ-100 электр стартерімен бірге жабдықтап шығарады. СК-6 және СКПР-6 комбайндарында 4 қозғалтқышын қолданады, оның қуаты 150 а.к. тең, айланыс сәті 1900 об/мин. Біздің елімізде көп жылдық тәжірибеден өткізген тәсілдер бойынша астық екі тәсілмен орындалады: төте орып жинау және бөлшектеп жинау. Төте орып жинауада комбайн егістікпен бір орып жүрген кезде, барлық жинау процестерін атқарады: бір мезгілде орып, бастырып (масақтан дәнді ажыратып), астықты тазалап, сабағын шөмелеуішке жинап, шөмеге түсіріп отырады. Бұл тәсіл өте тиімді, бірақ оны піскен құрғақ егістікте қолданады. Егістік пісіп жетілмей ылғалы көп жағдайда оны орып жалға тастауға және бірнеше күн кептіруге тура келеді.
Мұндай жағдайда бөлшекті тәсілді қолданады. Сондықтан бұл тәсілді бөлшектік немесе екі фазалы тәсіл деп атайды. Әдетте комбайн
жаткысы комбайн алдына теңселмелі етіп орнатылған, ол тура оруға арналған. Комбайн жатқысын кейде хедер деп те атайды. Бөлшекті
оруға дестелегіш жаткыны қолданады. Оны комбайн көтеріп жүреді, кейде тракторға тіркейді. Дестелеп жалға тасталған астықты кепкеннен    кейін    сағдарлап         алуға жинауыштарды қолданады. Елімізде осы екі  тәсіл   де   кеңінен колданылады.

 

Бағалау.

 

Үйге тапсырма.