Ауыл шаруашылық машиналар мен құралдар.

Сабақтың тақырыбы: 

Сабақтың тақырыбы: Ауыл шаруашылық машиналар мен құралдар.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Ауыл шаруашылық машиналардың түрлерін танып білуге үйрете отырып, ауыл шаруашылық машиналар туралы алған білімдерін толықтыру.
  2. Дамытушылық. Оқушылардың ауыл шаруашылық машиналар мен құралдары жөніндегі білімдерін одан әрі дамыту, атқаратын жұмысына қарай жіктелуін оқытып үйрету.
  3. Тәрбиелік. Ауыл шаруашылық машиналар мен құралдары туралы жете танысу, оны заман талабына сәйкес дамыту және  ауыл шаруашылығы мен ауылды сүюге  тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, ребус

Сабақтың өту әдісі: баяндау, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: сызу, әдебиет.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа қажетті материалдарды тексеру. (3 мин)
  2. Үй тапсырмасын сұрау. (10 мин)
  3. Ребус. (Ауыл шаруашылық машиналар мен құралдар) (3)
  4. Жаңа сабақ.

Ребус.

Мына ребустың ішінде жаңа сабақтың аты жасырылған. Сабақтың тақырыбы ұзақ болғандықтан сыныптың ішін 3  топқа бөлемін.

1 деңгей.

‘’      ”        УA  “‘        “

2 деңгей

’   Р

‘‘‘     ”

3 деңгей

”  Ұ     ‘’         “ Д      ‘”’

Жаңа сабақ.

         Адамдар өз істеріне машинаның өте көп түрлерін қолданады. Механикалық қозғалысқа келтіру арқылы энергияны, материалдарды немесе ақпараттарды өзгертетін құрылғы машина жатады.

Машина

         Жұмыстық                                         Энергиялық

Электр двигатель-дері қозғалт-қыштар
Техноло- гиялық
Транс-   порттық
Бу трубина-лары

Технологиялық машина- жұмыс атқару арқылы материалдың пішінін, өлшемдерін өзгертеді. Мысалы, тесетін станок арқылы ағашты тесіп, алғашқы пішіні өзгеріп, тесігі бар пішін пайда болады.

Транспорттық машиналар- жүк немесе адам тасиды және өздері бір орыннан екінші орынға қозғалады. (Мысалы, автомобильдер, теплоходтар, ұшақтар, экскаваторлар және т.б. )

Транспорттаушы машиналар—  олар өздері қозғалмайды (мысалы, транспортерлер, конвейерлер, экскаваторлар т.б.), ал жүк олардың жұмыс органдары арқылы бір орыннан екінші орынға жеткізіледі. Жұмыстық бөлігіне мысалы, лента, шынжырлы цеп, трос, канат т.с.с. жатады.

Есептегіш немесе ақпарат алатын машиналар— клавищтерді басу арқылы нақты мәліметтер алады.

Энергетикалық машиналар (машина-двигательдер)- бір энергияның түрін басқа энергияның түріне айналдырады.

Ауыл  шаруашылығы заман талаптарына сәйкес дамыту мен еңбек өнімділігін арттырудың ең тиімді жолы – машиналар мен күрделі жабдықтарды жетілдіру. Барлық уақытта да жаңа машиналар мен жаңа  тәсілдерді қолдану негізінде құрылған технологиялар еңбек өнімділігін арттырып келеді.

Ауыл шаруашылығы машиналары қолданылу түрлеріне қарай: жер жыртатын, қопсытатын, тырмалайтын, тұқым себетін, суаратын, әр түрлі арамшөптерді жоятын, егінді жинайтын, кептіретін, тазалайтын, дәрілейтін болып бөлінеді.

Ауыл шаруашылығы машиналарының түрлері

Өздігінен жүретін

(астық, мал азығын жинайтын комбайндар)

Бір орында жұмыс атқаратын машиналар (бастырғыштар, астық тазалайтын және сорттайтын)

Ауыл шаруашылық машиналары өсімдік өсіруде атқаратын жұмыстарына қарай бөлінеді

Топырақ  өңдейтін
Өсімдікке күтім жасайтын

Тыңайтқыш енгізетін
Өнімді жинайтын
Себетін және     отырғызатын
Жиналғаннан кейінгі өнімді тазалайтын, сорттайтын машиналар мен құралдар

  1. Топырақ өңдейтін машиналар мен құрал-саймандар

Соқалар          Тырмалар         Қопсытқыштар       Катоктар

  1. Тыңайтқыш енгізуге арналған машиналарға минералды тыңайтқыш шашқыштар құрғақ және сұйық органикалық тыңайтқыш шашқыштар жатады.
  2. Ауыл шаруашылық егісін себуді және отырғызуды іске асыратын машиналар: Сепкіштер (сеялка), отырғызғыштар және көшет отырғызғыш машиналар жатады.
  3. Өсімдікке күтім жасайтын машиналар культиваторлар, тозаңдатқыш, бүріккүштер, жаңбырлатқыш машиналар мен құрылғылар жатады.
  4. Ауыл шаруашылық егісін жинайтын машиналарға шапқыштар (носьика), жаткалар, комбайндар жатады.
  5. Жиналған өнімді сорттайтын, тазалайтын машиналар астық тазалағыштар, сорттағыштар және т.б. машиналар.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Ауылда пайдаланатын ауыл шаруашылық техникалары.

Сабақтың тақырыбы: ТЕХНИКА ТҮРЛЕРІ

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Техника түрлерін танып білуге үйрете отырып, ауыл шаруашылық машиналар туралы алған білімдерін толықтыру.
  2. Дамытушылық. Оқушылардың техника мен құралдары жөніндегі білімдерін одан әрі дамыту, атқаратын жұмысына қарай жіктелуін оқытып үйрету.
  3. Тәрбиелік. Техника түрлері туралы жете танысу, оны заман талабына сәйкес дамыту және  ауыл шаруашылығы мен ауылды сүюге  тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба, сурет, кесте.

Сабақтың өту әдісі: баяндау, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: сызу, әдебиет, физика.

  3. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақ

Мотоблок-1 (Т-15 шағынтракторы).

МБ-1 маркалы мотоблогы әр алуан операциялардың 20 түрін орындайды. Мұндай операцияларға жерді жырту, топырақты қопсыту, шөп шабу, шөпті жинау т.б жатады. Ол үшін мотоблогқа әр түрлі жұмыстарды орындайтын кұралдар мен  машиналар тіркеледі. Бір корпусты аудармалы соқа, төрт копсытқыш,  аспалы шалғы, бір өсті арба тіркеледі. Оған косымша өндірістік маңызы бар картоп қазғыш, топырақ майдалағыш, су сорғысы генераторы,  айналмалы ара, иірлікті (шнекті) қар тазалағыш тіркеледі. МБ-1 мотоблогы пайдалануға ыңғайлы, үнемді, тез реттегіш, қозғалмалы. Бәсеңдеткішке берілетін козғалтқыш қозғал-малы және аспалы күралдары—сапалы ременді,  дөңгелектері пневматикалық топыраққа батпайтын болып келеді.

«Супер-600» мотоблогы. Арнайы беріліс механизмімен жабдықталған және корпусы бұрамдық түрінде жасалған бұл мотоблок кез келген жерде жұмыс істеуге ыңғайлы. Маңызды үш жұмысты орындауға арналған. Мотоблоктың кұрылымдық ерекшелігіне байланысты аса күрделі жұмыстарды, онын ішінде картоп, көкөністі қазуға рұқсат етілмейді. Таулы аудандарға, қиғаш беттерге өте қолайлы, ал далалық тегіс алқаптарда ең көп қолданылатын  техника.  Ол топырақты кесу агрегаттары, құрылғылары дөңгелете кесу аппараттары және басқа да белсенді қондырғылармен сәйкестендіріле жұмыс жасайды.

Егер жүріс берілісін ауыстыру қажет болса, онда пайдаланушының талабы бойынша жүріс бөліктерін, дөңгелегін металдан жасалған дөңгелектерге ауыстыруға болады.

«Супер-600» мотоблогы дискілі соқа, шалғы (жан-жакды сегментті және роторлы), топырактың қатты қабаттарын өңдеу, кесу, тырмалау, қопсыту, үю, тегістеу аппараттарын, шөпті шабу және шөмелелеуге арналған, шұңқыр қазу, тыңайтқыштар шашу, сорғы орнату, бір дөңгелекті тіркеме тіркеу, қар тазалау т.б. бағыттағы машиналарды орнатуға арналған.

МТЗ-05 «Беларусь» мотоблогының МБ-1 мотоблогынан айырмасы оның жан-жақты жұмысқа қолайлылығы. МТЗ-05 «Беларусь» мотоблогының белсенді жұмыс тетіктерінің, машиналарды пайдалану кезіндегі агрегаттарының біліктен қуат алу күштілігі таза айналымының минутына 1000 рет айналуына тең. Құрылысындағы кемшілік — дөңгелегінің жалпақтығы және бортының алмалы-салмалы болуы.

Мотоблоктардың техникалық анықтамалары

Параметр аттарыМотоблок аттары
МБ-1Супер-600МТЗ-05 «Беларусь»
1Ңуаты, кВт3,184,…5,2,8
2Жанармай шығыны, г/кВт370488430
3Алымдылығы м/мин400—690332…480400,600,700
4Жолдың кеңдігі, см170165300
5Алдыңғы беріліс саны (1-беріліс)41,72211
62-беріліс103,623,8
73-беріліс9,6
8Арткы беріліс (арткы 1-беріліс)422,5
92-беріліс104,6
10Масса, кг (салмағы )10090135

МТЗ-05 «Беларусь» мотоблогына құрылымдық өзгеріс жасау   үшін алдыңғы   дөңгелек шассилерін 300 мм-ге көтеруге болады. Пайдалану мүмкіндігіне қарай азайтуға да болады. Пайдалану әдісін кейбір жағдайларда өзгертуге де болады. Мотоблокқа ОВП-20 агрегатының шағын дәрі шашу аппаратын тіркеуге болады (7-сурет).

МБ-1, Супер-600, МТЗ-05 «Беларусь» мотоблоктарын 1-кестеде көрсетілген параметрлер аркылы ажыратуға болады.

Шағын трактор деп— екі есті құрылымды техника түрі, өзіндік құрылысы жағынан деңгелек табанды тракторларға ұқсайды. Қолдан жасалған шағынтракторлар дөңгелекті және шынжыр табанды болады. Тәжірибеде байқалғандай, шағын тракторлар шаруа (фермер) жеке шаруа қожалықтарына пайдаланған кезде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін 5—10 есе арттырып, сапасын жақсартады. Кейбір жеке жұмыстарды істегеңде қол жұмысымен салыстырғанда 20—30 есе сапалы жұмыс атқарады.

  Бағалау.

Үйге тапсырма.

Қазақстан—менің Отаным

Мақсаты: оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге төрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Сабақтың әдісі: баяндама, әдеби-сазды монтаж.

1 бастаушы.

Еліміздің рәміздерін, соның ішінде қасиетті Көк байрағымыз бен Елтаңбамызды, Әнұранымызды өз жанымыздай қастерлеу, оған зор құрметпен қарап, түмардай сақтау—бәріміздің абыройлы міндетіміз. Әсіресе, еліміздің ертеңгі болашағы сендер үшін бұдан асқан мақтаныш пен міндет болмаса керек. Сондықтан да сүйікті Отанымыздың осынау рәміздерін мақтаныш тұтып, қастерлеп қана қоймай, ондағы бейнеленген өрнектердің мән-маңызын, түс-реңін жақсы біліп жүрген жөн. 1992 жылдың 6-маусымы Тәуелсіз ел атанып, аяғын тәй-төй басқан Республикамыз бен оның халқы үшін ерекше күн. Сол күні республикамыздың аспанында қазақ елінің өз жалауы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды.

2-бастаушы.

Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан қыран— тыныштықтың, берекелі өмірдің белгісі, ал ою-өрнек қай еддікі екенін аңғартады.

Республикамыздың Көк байрағы әкелінсін.

Ту әкелінеді. 1-бастаушы.

Ортасында шүғылалы күн, оның астында қалықтап үшқан қыран бейнеленген тік бұрышгы көгілдір мата. Күн-шұғыла және қыран бейнесі алтын түсті. Матаның сол жағында қызыл түсті ұлттық өрнегі бар тік жолақ орналасқан.

Оқушы.    Аспан түстес көгілдір,

Тік бүрышты матаның

Ортасында төніп тұр,

Күн жаяды шапағын.

Оқушы.    Астында оның қалқыған,

Қыран құстың бейнесін.

Азат елдің шалқыған,

Көңілі деп білесің.

Оқушы.    Ескі белгі—ұрандар,

Сары алтындай сақталған.

Күн, шұғыла, қыран да,

Алтын түспен апталған.

Сол жағында матаның,

Қызыл түсті жолақ тік.

Мұратындай атаның,

Әсем өрнек ол ұлттық.

2-бастаушы.

Көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сөулесінен тарап уықтар шашылған, оны аңыз әңгімелердегі пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бүрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген сөз бар. Қазақстан мемлекеттік Елтаңбасының рендік белгісі екі түсті: алтын және көгілдір түсті.

Окушы.  Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар, уық бар.

Әсем бейне сен көрген,

Жәй бейне емес, үғып ал.

Көгілдір түс аясы—

Бейбіт дала елесі.

Шаңырақ-жұрт панасы,

Уықтар— күн сөулесі.

Окушы.

Сүйсіндірген өзіңді,

Түсіне біл таңбаны.

Пырақ—халық арқасы

Жоғарыда түсер көз,

Бес тармақты жұлдызға.

«Қазақстан» деген сөз,

Таныс барлық ұл-қызға.

Оқушы.    Мағынасы сымбатты,

Бар осындай бейнеміз.

Маған, саған қымбатты,

Елтаңбалы елденбіз.

1-бастаушы.

Әнұраннан халқымыздың ұлттық мінезі, асыл аңсары тәңірлік тілмен төгіліп жатқанын көреміз. Әнұран тек әуеннен тұрмайды. Оның өлеңі де қасиетті, Әнұранда халқымыздың еркіндік жолында ерлікпен күресіп, тәуелсіздігін сақтап қалғаны, халқының дархандығы, татулық пен достықты ұран еткені айтылған.

Әнұран орындалады.

Хормен:   Қазақстан!

Туымен тұғырлы.

Елтаңбасымен еңселі.

Әнұранымен айбатты.

2-бастаушы.

1991 жылғы желтоқсанның бірінде Қазақстанда Президенттік сайлау болған. Оның қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев президент болып сайланды. Бүл Қазақстан тарихыңда бүкіл халық қатысқан, жасырын дауыс беру арқылы сайланған түңғыш Президент еді.

Оқушы. Шұғылалы ширақ ойлап түрінде,

Биіктерден естіледі үнім де.

Тұңғыш рет Президент сайланып,

Мойындады барлық әлем бүгінде.

Оқушы.

Отан — әр адамның жүрегіне тиер жылы, қасиетті сөз. Отан дегеніміз—адамның туын  өскен жері, туған-туысқандарымен бірге тұратын атамекені. Соңдықтан әрбір адам үшін дүниедегі қасиетті де киелі ұғым—Отан.

Оқушы.    Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен,

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Оқушы.

Мақтанамын мемлекетім барына,

Терезем тең басқалармен неменеге тарылам.

Өз елінің жырын жырлап, мұның мұңдап әрқашан,

Өз елінің қорғаушысы болу керек әр ұлан.

Мен жас ұланмын,

Мемлекеттің қорғанышымын ертеңгі.

Нұрға, гүлге толтырамын,

Өзім туған өлкемді.

Оқушы.

Республика! Ерікті ел—Қазақстан!

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.

Келді алыстан аңсатып, армандатын,

Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.

Мен иемін бүгінге, ертеңіме,

Елдік күйін, ел күйін шертем мен де.

Оқушы.

Мен қазақпын жаныммен, жүрегіммен,

Еңбек өмір, ер өмір, жыр өмірмен.

Алабөтен болмаймын өзгелерден,

Өзгемен бір өзім боп жүремін мен.

Оқушы.

Қандай дүние жетеді бодауыңа!

Бәрі сенің, жан Отан, қалауыңа!

Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып

Қазақстан гербі де, жалауы да.

Сабақтың тақырыбы: Астық жинайтын комбайнның жалпы құрылысы.

Сабақтың мақсаты: астық жинайтын әмбебап комбайнның жалпы құрылысымен, негізгі бөліктерімен танысу. Астық ору тәсілдерінен түсінік беру. Комбайндарға қолданылатын қозғалтқыштардың қуат күштері мен айналыс сәттері туралы және комбайнның жалпы құрылысы туралы мәлімет беру.

Сабақтың білімділігі: өнім жинау кезіндегі әмбебап комбайнының ысырапсыз қыруар істі атқаратындығы, қажеттілігі, механизмдері туралы білімін арттыру және оқушылардың техника тіліне қабілетін машықтандыру.

Дамытушылығы: ата-кәсіпке сүйіспеншілікті ояту, мамандыққа баулу.

Сабақтың түрі: баяндау, талдау, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: плакат, суреттер, талдамалық схемалар.

Пәнаралық байланыс: химия, физика, сызу және сурет.

Үй тапсырмасын бекіту: тест сұрақтары арқылы оқушылардың білімін бағалау.

1.Дизельдік қозғалтқыштың тұтануы қалай аталады?

а)      электр жарқылымен;

ә)      газ қысымының ұлгаюымен;

б)      ауа қысымының қызуынан.

2.Дизельде қоспа қай жерде түзіледі?

а)      цилиндр ішінен тыс жерде;

ә)      цилиндр ішінің толық көлемінде;

б)      сығылу камерасында.

3.Сеңгіршік қандай қызмет атқарады?

а)      электр жарқылын шығарады;
ә)      таза ауа енгізеді;

б)      жанармай бөлігін бүркиді.

  1. Сеңгіршік инесі ұяшықтан ненің әсерінен шығады?

а)       пружина серпілісі әсерінен;
ә)       ауа қысымының әсерінен;

б)      жанармай қысымының әсерінен.

5.Сеңгіршікке жанармай қай жері арқылы келіп құйылады?

а)      төбе тесігі арқылы;

ә)      шүйде саптамасы арқылы;

б)      ине үяшығындағы тесіктен.

6.Сеңгіршік   тетіктері   қай   жеріне жинақталады?

а)      жақтауларына;
ә)       төбесіне;

б)      тұрық тетіктеріне.

7.Сеңгіршікке жанармай қайдан келеді?

а)      төменгі қысымды сорғыдан;
э)       қол сорғыдан;

б)      жоғарғы қысымды сорғыдан.

  1. Жоғарғы жанармай қысымын қалыптастыратын тетік

а)      поршен;
э)       плунжер;

б)      сықпақ (шток).

9.Сытылма  жанармай   қайда   барып құйылады?

а)      төменгі      қысымды      сорғының құйылмасына;

э)      нәзік сүзгі тостағанына;

б)      жанармай багына.

  1. Цилиндр ішіне жанармай кай жерден бүркіледі.

а)       бүріккіш инеден;
э)       бүріккіш қуыстан;

б)      бүріккіш тесіктен.

  1. Бүріккіштік қызметіне қарай форсунканың атауы қазақтың қай сөзіне сәйкес келеді?

а)      сарпыншақ;

э)      бүркіншек;

б)      сеңгіршік.

Астық жинайтын комбайнның жалпы құрылысы

Өздігінен жүретін комбайнның негізгі бөліктері алты бөліктен тұрады: жаткыдан (хедерден), молатпадан, шөмелеуіштен, жүру бөлігінен, қозғалтқыштан және жинауыштан.

Жаткы келесі негізгі бөліктер мен механизмдерді қамтиды: бағдарлауыш башмақтары мен жаткы тұркын, малтығыш тасмалдауышымен көлбеу тұрқын, теңселме механизмі мен деңгейлеуішін, реттегіш механизмі мен қалбағайын және вариаторын, тегершігімен кескіш аппаратын, жетектегіш механизмімен иірлігін.

Молатпаның құрылысы келесі бөліктерден құралады: бастыру құрылғысынан, сабан сіліккіштен, тазалайтын және тасымалдайтын құрылысынан (иірлік пен элеватордан), беріліс системасынан, басқару аймағынан (кәбеңкеден), гидравликалык жүйеден және электр жабдыктарынан.

Жүру бөлігі өзіне вариаторлы және жүргізгіш мостымен бағыттаушы доңғалактарды қамтиды. Жүргізгіш мост доңғалақтары, өз кезегінде тізбектегіштен, қорапты берілістен, дифференциалдан (бұлтылдақтан), екі бортты редуктордан, доңғалақтардан және тежегіш жүйесінен құралады.

Комбайндарда есепсіз қайта жабдықталған тракторлық қозғалтқыштар қолданылады. Мысалы, СК- 4 комбайнында СМД-14К немесе СМД-15К қозғалтқышы койылған, бұлардың әркайсысы өзіне ДТ-75 шынжыр табанды тракторға орнатылған СМД — 14 қозғалтқышының үлгі-пормына негізделген. Қозғалтқыштың маркасына жазылған «К» қарібі комбайнға арнап жабдықталғандығын білдіреді. Қозғалтқыштың 75 а.к. тең, айланыс сәті 1700 об/мин.

СКД-5, СК-5, СКД-5Р, СКПР-5 комбайндарында СМД-17К жэне СМД-18К қозғалтқыштары орнатылған — екеуінің де қуаты 100 а.к. тең, ал айланыс сәті 1900 об/мин.

СМД-14К жэне СМД-18К қозғалтқыштарын босату үшін, екі тактілі карбюраторы бір цилиндрлі қозғалтқышты (босатқышты) қолданады, оның — қуаттылығы 10 а.к. тең, айланыс сәті 3500 об/мин. босатқышты шығарғанда қуаты 0,6 а.к. пара-пар электр стартерімен бірге шығарады.

СМД-15К және СМД-17К дизельдерін қуаттылығы 8 а.к. тең болатын. СТ-100 электр стартерімен бірге жабдықтап шығарады. СК-6 және СКПР-6 комбайндарында 4 қозғалтқышын қолданады, оның қуаты 150 а.к. тең, айланыс сәті 1900 об/мин. Біздің елімізде көп жылдық тәжірибеден өткізген тәсілдер бойынша астық екі тәсілмен орындалады: төте орып жинау және бөлшектеп жинау. Төте орып жинауада комбайн егістікпен бір орып жүрген кезде, барлық жинау процестерін атқарады: бір мезгілде орып, бастырып (масақтан дәнді ажыратып), астықты тазалап, сабағын шөмелеуішке жинап, шөмеге түсіріп отырады. Бұл тәсіл өте тиімді, бірақ оны піскен құрғақ егістікте қолданады. Егістік пісіп жетілмей ылғалы көп жағдайда оны орып жалға тастауға және бірнеше күн кептіруге тура келеді.
Мұндай жағдайда бөлшекті тәсілді қолданады. Сондықтан бұл тәсілді бөлшектік немесе екі фазалы тәсіл деп атайды. Әдетте комбайн
жаткысы комбайн алдына теңселмелі етіп орнатылған, ол тура оруға арналған. Комбайн жатқысын кейде хедер деп те атайды. Бөлшекті
оруға дестелегіш жаткыны қолданады. Оны комбайн көтеріп жүреді, кейде тракторға тіркейді. Дестелеп жалға тасталған астықты кепкеннен    кейін    сағдарлап         алуға жинауыштарды қолданады. Елімізде осы екі  тәсіл   де   кеңінен колданылады.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Менің елім — Қазақстан!

Мақсаты: Қазақстан Республикасының тарихына шолу жасау, негізгі оқиғалар туралы баяндап өту, «тәуелсіздік» ұғымын оқушыларға түсіндіру.

Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.

Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру. Топта жұмыс істеу арқылы өзгелерді тыңдап, өз ой-пікірін білдіре білетін оқушыны төрбиелеу.

Көрнекілігі: ҚР-ның картасы, шарлар, плакатқа жазылған сөздер.

Жоспары:

  1. Ұйымдастыру.
  2. Кіріспе сөз.
  • Топтардың өзін-өзі таныстыруы.
  1. Ассоциативтік картамен жұмыс.
  2. Поэзия минуты.
  3. Мақал-мәтелдер айту.
    VІІ. Тілек айту.

VIII. Қорытындылау.

І. Үйымдастыру.

ІІ. Кіріспе сөз.

Мұғалім: Қайырлы күн, қүрметті қонақтар, қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Мемлекетінің құрылған, азаттық алған күні — әр елдің айтулы, ең басты мерекесі. Осыдан тура 16 жыл бұрын Қазақстан өзінің тәуелсіз ел екендігін барша әлемге паш етті. «Тәуелсіздік» деген тәтті ұғым, қастерлі сөз. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі — оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы да мүмкін емес. Қысқа мерзім ішінде Қазақстан әлемдік аренада тәуелсіз мемлекет ретінде орнығып, халықаралық, дүниежүзілік ұйымдар мен қауымдастықтарға толыққанды мүше болды.

Қазақстан! Туды алтын дәуірің,

Алғандайсың жүлдыздардың жарығын.

Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, Алыбым.

Бүгін сіздердің назарларыңызға «Менің елім — Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды үсынымыз.

Тәрбие сағатымызға екі топ қатысады:

Бірінші топ  — » Ұландар»

Екінші топ — «Қырандар».

Бүгінгі сайысымызға баға беретін әділқазылар мүшелерімен таныс болыңыздар.

Әділқазылар: МАтбеков Қ.,  Сүлеева А.,  Сейтжаппаров П.

III.    Топтардың өзін-өзі таныстыруы.

Екі топ бірге: Біз жас кыран самғаған білім көгіңде, Мақтанышы боламыз туған елімде, Алғырмыз, оқимыз, Көңілге бәрін-бәрін тоқимыз.

Қайырмасы: Ай-хай, ұландарым-ай, Қырандарым-ай. Шарықтасын ай-хай, Ұрандарың-ай!

  1. IV. Ассоциативтік картамен жүмыс.
    Мүғалім:
    Отан — адамның түп-тұқияны, ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп-өніп келе жатқан жері. Сондықтан да қай елдің адамы болсын өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулысы — анасына балайды.

Балалар, сендер, «Отан», «Тәуелсіздік» сөздерін естігенде көз алдарыңа нені елестетесіндер?

Алдын ала ілінген схемамен окушылар жұмыс атқарады. Өз ойларын ортага салады.

1-окушы:  Асыл елім, жан жүректі үғысқан.

Ата-бабам аңсап өткен бақытым,

Алтын бесік — Қазақстан гүлстан.

Жүр барайық, ашайық ән арнасын,

Жырау толғап домбырасын қолға алсын.

Дастархандар көзді тартып жайнасын,

Қыпша белді қыздар биден талмасын.

Би: «Жұлдыздар»

Мұғалім: Қазақтың мандайына біткен ұлы, түңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағамыз достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың көк туын берік ұстап, тасқа тұяғын қашаған тұлпар мінген батырларша халқына тыныштық пен жігер беріп келеді.

Топ мушелері бір-бірлеріне Қазақстан Республикасы бойынша сурақтар қояды.

  1. V. Поэзия минуты.

Өз елін мақтанышпен жырлаған ақын -жазушылар қаншама?! Келесі сайысымызда оқушылар өленді мәнерлеп оқу бойынша бақ сынасады.

2-оқушы: Арнау

Бар дауыспен жар салдым еркін заман,

Мен қоғамның асқынған дертін жазам.

Тәуелсіздік ту тікті түғырында,

Ай да оңына жарқырап туды білем,

Неше ғасыр тылсымда булығып ең,

Кең жазықта көсілтер кезең келді,

Сан жыл баптап жаратқан жүйрігіңмен.

Ата заңың, өзіндік бағытың бар,

Бұла күшті бойдағы ағытыңдар.

Қазақстан тәуелсіз ел екенін

Төрткүл әлем жүзіне танытындар.

Өмір көшін кері ешкім қайтара алмас,

Ел тағдырын ойлаған жай таба алмас.

Әнүраның, Елтаңбаң, Көкбайрағың —

Бостаңдығың — бақытың қайталанбас!

Т. Сулейменов

3-окушы: Мен — қазақпын

Мен — қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мүң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн түтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен — қазақпын, бір биік белеспін мен,

Европа да, Азия да емеспін мен.

Аралықпын жетінші материктей,

Бірақ барша адаммен тең өстім мен.

Ж. Молдагалиев

  1. Мақал-мәтелдер айту.

Мұғалім: Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту — қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бүл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Біздің ұшан-теңіз ертегі аңыздарымыз, ұзақ дастандарымыз бен жырларымыз, мақал-мәтелдеріміз, ұлы жырауларымыз бен шешендеріміздің нақылдары туған жерді, Отанды ардақтауға толы. Олардың өзі қандай терең мәңді, көркем сөз маржандары десеңізші!

Келесі сайысымызда топтар Отан, туған жер, ел туралы мақал-мәтелдер айтып жарысады.

4-оқушы: Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Арың үшін арпалыс, өлмейсің.

5-оқушы: Ер жігіт өзі үшін туады,

Елі үшін өледі.

6-оқушы: Елдің көркі елімен,

Отан көркі жерімен.

7-оқушы: Ел барда ер қор болмас,

Ер барда ел қор болмас.

VII. Тілек айту.

Окушылар бір-біріне тілектер айтып, ҚР-ның картасын іледі.

VIII. Қорытынды.

8-оқушы: Он алты жыл тәуелсіз еліміз!

Бүл көп асу,

Өзің үшін болашакқа жол ашу.

Өзге елдермен терезең тең болмаса,

Тар кезеңде бекер болар,

Тәуекел деп таласу.

9-оқушы: Он алты жыл тәуелсіз еліміз!

Бұл көп асу,

Алыс-жақын мемлекеттермен жарасу.

Құдай өзі қоңсы қылған елдермен,

Барлық мемлекеттермен,

Тең жағдайда санасу.

10-оқушы: Он алты жыл тәуелсіз еліміз!

Бұл көп асу,

Болашақтың ірге тасын қаласу.

Халқымызға хақ тағала жар болса,

Ұлы тарих көшімен,

Қол ұстасып әрі асу.

11-оқушы: Бұл — гүлденіп жайнаған,

Гүлстаңдар Отаны!

Бірін-бірі сыйлаған

Туысқандар Отаны!

Бұл — ғажайып мұратты

Халықтардың Отаны!

Алтын заман құратын

Алыптардың Отаны!

Сол алыптың бірімін —

Отанымның ұлымын!

Мұғалім: Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек.

Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!» деген Абай өсиетін естеріңе мықтап ұстаңдар!

14.01.08.Сынып жетекшісі Сейтжаппаровтың сынып сағатына қатыстым.

15.01.08. Сыныппен таныстым.

16.01.08. ІІ тоқсан қорытынды жасау ата-аналар жиналысына қатыстым.

17.01.08. Сыныпқа сабақ  беретін қазақ тілі пәнінің сабағына қатыстым.

18.01.08. Оқушылармен үйірме жұмыстары жөнінде әңгімелестім.

19.01.08. Мектеп ішілік орыс тілі апталығының қорытынды кешіне қатыстым.

21.01.08. Сынып сағатына қатыстым.

22.01.08. Себепсіз келмей жүрген оқушылардың үйін араладым.

23.01.08. Сыныптың дәптер кітап күнделіктерін бақылап зерттедім.

24.01.08. Іс тәжірибесі көпке үлгілі сыныпжетекшінің тәрбие сағатына қатыстым.

25.01.08. Жалпы құқықтық білім беру жиналысына қатыстым.

26.01.08. Әлмдік қауымдастық терроризмге қарсы күрес атты іс-шараға қатыстым.

28.01.08. «Менің елім – Қазақстан» ашық тәрбие сағатын өткіздім.

29.01.08. Жалпы ата-аналар жиналысына қатыстым.

30.01.08. Сыныптағы оқушылардың қоғамдық белсенділігін айқындау тәрбиелік мәнін талдау жиналысына қатыстым.

31.01.08. Тәртібі қиын оқушыларды анықтау және олармен жеке дара жұмыс түрлерін белгілеп бекіту.

01.02.08. Мектепішілік Өнерлі Ұстаз- 2008 байқауын көрдім.

02.02.08. Сыныптың тазалық күнін өткізуін қадағаладым.