Шаңырақ шуағы. /семинар – тренинг/

Шаңырақ шуағы. /семинар – тренинг/

 

«ХХІ ғасырда отбасы тату, өнерлі болуы тиіс»

Н.Ә.Назарбаев

Мақсаты: Ата – ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. Ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару. Ата – ананың бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық білімдерін толықтыру.

Сабақтың барысы:

  1. Психологиялық дайындық.

Қане, қане, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ үлкен шеңберге

Алақанға ұрайық.

Психологиялық сәт. «Еркелету» жылулық шеңбері. (ата-аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін айту).

  • Балалар, біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?

Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер – сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?

«О» — әріпіне ұқсайды.

«О» — әріпінен басталатын сөздер айтайық. («Отан», «Отбасы» т.б.)

Бала десе елжіреп, еміренбес жүрек болар ма? Жас ұрпақты тәрбиелеп өсіруде ата-аналардың атқаратын қызметі зор. «Баланы таба білсең, баға біл», «Баланы сүйсең тәрбиесін сүй», «Баланы мақтау жетілдірмейді, тәрбиелеп баптау жетілдіреді» — деген мақал-мәтелдер баланы құр айналайын дей бермей, оны бесіктен тәрбиелеу қажеттілігі, тәрбие отбасынан, ата-анадан басталатындығы белгілі.

Отбасы – адамның эмоциясы, күйзелісі, көзқарасымен, қатынасымен байланысты емес, ол – ерекше фономен. С.И.Голод (1998) пікірінше, отбасы фономенінде құрылымдық өріс ерлі – зайыптылар және ата-ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол әрдайым отбасының яғни ата-ананың қамқорлығын қажет етеді.

 

  1. Танысу. Адам есімінің түстері.

Мақсаты: Адамның есімі маңызды екенін сезіндіру, өздерінің және басқа адамдардың есіміне құрметпен, сүйіспеншілікпен қарау, әрбір адамды дұрыс сезініп, оны тек жақсы жағынан көруге және қабылдауға, алған әсерін ашық айтуға шақыру. Қиялды, шығармашылық қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: түрлі-түсті қарындаштар, қағаздар, жұлдызша.

Қызыл түс – энергия түсі, ол адамды іс-әрекетке итермелеп, үнемі жігерлендіріп ротырады. Жоғары сезімді, жігерлі, күшті, мінез-құлқы батыл тұлға.

Сары түс – көңілді түс адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті таңдап алған адамдар – іскер, мінез-құлқы мықты, жаратылыстану пәндеріне жақын.

Қызғылт сары түс – шығармашылық, белсенділіктің түсі. Осы түсті таңдап алған адамдар – жауапкершілігі мол, өз сезімдеріне мықты.

 Жасыл түс – адамның өз-өзіне деген сенімділігін арттырып, жүрген ортасында белсенді болуына ықпалын тигізеді. Осы түсті таңдап алған адамдар мейірімді, ақ көңіл, табиғатты сүйеді.

Көгілдір түс – сенімділік, үйлесімділік, тыныштық түсі. Бұл түсті таңдап алған адамдар — өз-өзіне сенімді, рухани байлығы мол.

Қоңыр түс – еңбекшіл, мейірімді, қолдарынан бәрі келеді.

Қара түс – ақ көңіл, шыншыл.

Ақ түс — өз мақсатына жетеді, дарынды әрі мәдениет саласында өнерлі.

Мына жүрекше қағаздарға өздеріңіздің ұнататын түстеріңіз бен есімдеріңізді жазыңыздар. Әр түске қарап сіздің қандай қасиет, қабілеттеріңіз бар екенін айтып береміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ойын. «Тату – тәтті» отбасы.

Музыка ырғағымен билеу, билеп тұрып «Тату-тәтті отбасында» (2,3,4,5) адам деген кезде бірігіп құшақтап немесе қол ұстасып тұра қалады. (2-3 рет).

 

  1. «Менің отбасым қазір және болашақта» жаттығуы.

Қатысушыларға осы тақырыпқа  екі коллаж жасау ұсынылады. Коллажбен жұмыс істеу картонның үлкен парақтары немесе батман және түрлі қағаз, түрлі-түсті газеттер, журналдар, ашық хаттар, жарнамалық қағаздар, ескі кітаптар. Әдетте жеткіншектерге коллаж жасаған ұнайды, бірақ ұсынылған тақырыптар кейде қиындық тудырады. Жеткіншек өзін жалғыз сезінуі мүмкін. Тек өзі ғана отбасын белгілейтіндей болып көрінеді. Бұл жағдайда жетекші жеткіншекке қолдау көрсетіп, оның назарын басқа жақын адамдарына аударуға ұмтылу қажет. Коллаж жасап болғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстары жайлы әңгімелеп бере алады. Немесе тағы бір нұсқаны қолдана алады. «Біздің отбасы» тақырыбында жаттығу барысында құрылған отбасы мүшелері біріге отырып, коллаж жасайды.

 

  1. «Сіз қандай ата-анасыз?» тесті.

Бұл сұраққа жауапты кім білгісі келмейді? Осыған орай, балаңызбен қарым-қатынаста сіз төмендегі фразалардың қайсысын жиі қолданатыныңызды белгілеңіз:

 

  1. Саған қанша рет қайталап айтамын? (2-ұпай)
  2. Маған ақылыңды айта қойшы. (1-ұпай)
  3. Мен сенсіз не істер едім? (1-ұпай)
  4. Сонша кімге тартқансың? (2-ұпай)
  5. Сенің достарың қандай тамаша! (1-ұпай)
  6. Туу, ұқсағансың…. (2-ұпай)
  7. Мен сендей кезімде… (2-ұпай)
  8. Сен менің тірегім мен көмекшімсің ғой. (1-ұпай)
  9. Сенің достарың өзі қандай адамдар? (2-ұпай)
  10. Сен тегі не ойлап жүрсің? (2-ұпай)
  11. Сен менің ақылшымсың. (1-ұпай)
  12. Ұлым, қызым! Сен қалай ойлайсың? (1-ұпай)
  13. Басқаның баласы бала сияқты да, ал сен… (2-ұпай)
  14. Сен қандай ойлап тапқышсың?! (1-ұпай)

Енді жалпы ұпайды санап, қорытындылаңыз.Сіздің қандай ата-ана екендігіңізді, сізден артық ешкім білмейді. Бұл тек сізге ой салуға беріліп отыр.

Кілті:

7-8 ұпай: Сіз балаңыз екеуіңіз бір-біріңізді сөзсіз түсінуге ұмтыласыз. Ол сізді жақсы сыйлайды.

9-10 ұпай: Сіз қарым-қатынаста бір қалыпты емессіз. Ол сізді сыйлағанмен, сізге әрқашан сырын ашып айта бермейді.

11-14 ұпай: Сіздің балаңызбек қарым-қатынасыңызды өзгерту қажет. Сіз балаңызға аз сенім білдіресіз, қиын жағдайларда қолдамайсыз. Ол оның ашулануына, балаңызбен конфликтілік қатынасқа түсуге алып келеді. Ол тұлғаның өсуіне кедергі жасайды.

 

  1. Ата – аналарға кеңес

Баланың әр күнді бастауы, қарсы алуы сәтті болуы керек. Ол үшін таңертең баланы оятқанда жайлы баппен ояту керек, ол сіздің күлімдеп, мейіріммен өте жақсы көріп тұрғаныңызды сезінуі керек.

Егер сіз кеше ескерту жасасаңыз да, сабаққа жіберер алдында балаға: «Байқа, бұзық болма, өзіңді жақсы ұста, мен сен үшін ескерту алмайын» деген сөздерден аулақ болыңыз.

  • Балаға мектепке барар алдында сенімділік пен сәттілік керек.
  • Бала мектептен келгенде, бірден сұрақтар қойып қарсы алмау керек.
  • Егер бала бірдеңе айтқысы келсе, қарсы болмай тыңдау керек.
  • Егер бала ренжіп отырса, онда себебін өзі айтқанша асықпаңыз.
  • Балаңызға қатты дауыспен сөйлемеңіз, баланың жүйке клеткасында тежелу пайда болады.

Қорыта айтқанда «Бала тәрбиесі- бесіктен» деп тегін айтылмаған.оларды өмірге жақсы тәрбиеге, өнегелі еңбекке баулып еліңе пайдалы азамат етіп өсіру- абзал борыш.Отбасы-бала тәрбиелеудегі  алғашқы ұя.Ерте ме, кеш пе сіздің тәрбие беру жолындағы  еңбегіңіз белгілі бір табыстарға жеткізері сөзсіз.