Соңғы ылғалды жылумен өңдеу. Сарамандық жұмыс.

168

 

    Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым

                          Министірлігі.    

      

                    №75  мектеп-гимназиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Соңғы ылғалды жылумен өңдеу.

                         Сарамандық жұмыс.

 

 

 

 

Технология пәнінің мұғалімі:

Тұрсынбекова Б.

                          

                  

 

 

 

 

                                               Шымкент — 2011

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Соңғы ылғалды-жылумен өңдеу.

 

Сарамандық жұмыс.

 

 

Сабақтың мақсаты:

 

 

білімділік :         бұйымды сырып тіккеннен кейін дымқылдап

 

үтіктей білуді  үйрету.

 

 

дамытушылық: ылғалды-жылумен өңдеудің жалпы қағидаларын

 

түсіндіре келе дамыту.

 

 

тәрбиелік:          оқушыларды ұқыптылыққа, бейімділікке,

 

тазалыққа тәрбиелеу.

 

 

Сабақтың көрнекілігі:  үтік, су бүркігіш, дәке, бұйым , үтік

 

тақтайшасы, үтік тіреуіш.

 

 

Сабақтың түрі:           аралас

 

 

Сабақтың әдісі:            сарамандық

 

 

Пән аралық байланыс: тарих, физика, биология.

 

 

 

Сабақтың барысы:

 

І.Ұйымдастыру кезеңі, сәлемдесу, түгендеу.

 

  1. Сабаққа дайындығын тексеру.

 

  1. Үй тапсырмасын қайталау.

 

  1. Жаңа сабақ түсіндіру.

 

  1. Техника қауіпсіздігі.

 

  1. Сарамандық жұмыс.

 

  1. Сабақты пысықтау

.

  1. Сабақты қортындылау.

 

  1. Сабақты бағалау.

 

  1. Үйге тапсырма.

 

 

II.Үй тапсырмасын қайталау.

 

 

1.Киім тігудегі негізгі роль атқаратын элемент

 

  1. Қазіргі кезде киімді көркемдеп сәндеу жұмыстарына нелерді

 

пайдаланады ?

 

  1. Түймелікті қолымен қалай орындайды ?

 

  1. Техникалақ ережесін сақтау.

 

 

 

 

 

III. Жаңа сабақ.

 

Балалар мен әйелдердің жеңіл көйлектерін әзірлеген

 

кезде дымқыл-жылулық өңдеу едәуір орын алады және бұйымды

 

өңдеудің маңызы зор, ол жұмыстың шамамен 15-20%-ын

 

құрайды.Бұйым сапасы мен оның сыртқы көрінісі көп жағдайда

 

бұйымды тігу барысында да, сондай-ақ оны ақырғы өңдеу кезінде

 

де дымқыл-жылулық өңдеудің қалай орындалу сапасына

 

байланысты болады. Дымқыл – жылулық өңдеу, негізінен, мына

 

мақсаттарда қолданылады бұйым бөлшектеріне көлемді ауқымда

 

пішім беру және әр түрлі тігіс түрлерін өңдеу:

 

— ақырғы өңдеу.

 

— бөлшектерді желіммен қосу.

 

өңдеу барысында матаға ылғалды- жылумен және қысыммен әсер

 

ету.

 

Тұтас дымқыл – жылулық процессі екі сатыдан тұрады.

 

  1. Талшықтарды дымқылмен және жылумен жұмсарту.

 

  1. Алынған пішімді дымқылмен, жылумен және қысыммен бекіту.

 

Өңдеу процесстері үтіктеу, басу  және  булау болып үшке бөлінеді.

 

Жіптердің тоқылу нығыздығына байланысты маталарда әр түрлі

 

 

өңдеуге ұшырайды.

 

 

Өңдеу тәртібі.

 

 

   Мата  аттары қызу темпера турасы С

турасы

әсер ету

уақыты С

           дымқыл

дымқыл

дандыру

%

1.

 

 

2.

3.

 

4.

5.

6.

7.

Жасанды және мақта талшығының қосындысы бар таза жүн

Лавсан талшығы

Капрон және капрон талшығы

Вискоз талшығынан

Ацетат талшығына

Мықты мата және зығырдан

Таза жібектен

180

 

 

150

 

160

160-180

140

180-100

160

 

 

 

30

 

25-30

30

30

30

30

 

 

 

10-10

 

25-30

10-10

20

10

 

 

Электірлі қол үтіктерімен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік

 

ережелері:

 

Жұмыс барысында электр тогын зақымдану немесе күйіп қалу қаупі

 

байқалады. Мұндай зақымдануды болдырмау үшін келесі ережелерді

 

орындау қажет.

 

  1. Үтіктер алдында үтік бауының дұрыстығына көз жеткізіңдер.

 

  1. Тоққа қосылған үтікті қараусыз қалдыруға болмайды.

 

 

 

  1. Үтікті қосқанда не ажыратқанда оның сымынан емес вилкасынан

 

ұста, қолың құрғақ болсын.

 

  1. Үтікпен жұмыс жасағанда оны арнайы үтік қойғыштың үстіне

 

ғана қою керек.

 

  1. Үтік бауының ыстық табанының астында қалып қоймауын

 

қадағала.

 

  1. Ылғалды- жылулықпен өңдеу жұмысы бітісімен-ақ үтікті тоқтан

 

ажырат.

 

IV      Жаңа сабақ бойынша оқушылардан сұрақ жауап арқылы

 

түсініктерін сұрау.

 

 

  1. Бұйымды дымқыл – жылулық өңдеу дегеніміз не ?

 

  1. Бұйымды дымқыл – жылулық пен өңдеуге қанша уақыт кетеді ?

 

  1. Дымқыл – жылулық қандай мақсатпен жүргізіледі ?

 

  1. Тұтас дымқыл – жылулық процессі неше сатыдан тұрады , олар

 

 

  1. Өңдеу процессі нешеге бөлінеді ?

 

  1. Үтікпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі .

 

Және тест сұрақтары арқылы пысықтау.

 

 

 

 

V    Сарамандық  жұмыс

 

 

Бөлшектерді әрбір жұмыс операциясынан кейін

 

үтіктейді, мысалы бүкпені сырып тігудің алдында, ал тігістерді

 

бұйымның етегін  өңдеу алдында.. Түкті маталарды /драп,барқыт/

 

түгі    қайырылып қалмау үшін  үтіктеу тақтасына түк жағын

 

жоғары  қаратып қояды.

 

Көктелген тігістерді өлшеп көру алдында қатты баспай

 

үтіктейді. Өйткені өлшеп көргеннен кейін де өзгерістер болуы

 

мүмкін.. Түйреуіштің үстінен үтік жүргізуге болмайды.Түйреуіштер

 

үтік  табанын бүлдіріп, бұйымға із қалдыруы мүмкін.   Үтіктер

 

алдында сызылған бор іздерін, щеткамен кетіреді. Иініс тігістерін

 

бір жағына қарай үтіктейді. Бірінші иініш   тігістерін, содан кейін

 

әдіптерді үтіктейді.Дөңгеленген тігістердің әдіптерін бірнеше

 

жерден қияды. Ондай  әдіптерді үтіктеу үшін бөлшекті үтіктеу

 

үстеліне тігіс тақтайдың  дөңгеленген жиегіне жататындай етіп

 

орналастырады немесе үтіктеуге арналған жастықты пайдаланады.

 

Жұмсақ жұқа маталарды үтіктегенде тігіс әдібінің астына

 

қағаз парақтарын қойған дұрыс. . Егер барлық сақтық шараларына

 

 

қарамастан, тігістердің жиектері   немесе қайырмалар матаның бет

 

жағына басылып қалса,онда сызықтар астындағы тігістерді тағыда

 

үтіктеу керек.Егер бұлда жеткіліксіз болса,онда тігісті бірнеше рет

 

қайталап үтіктеу қажет.Үтіктеу тақтайына бұйымдардың тігістерін,

 

қатпарларын жазып   қояды. Үтіктеу кезінде бұйымды созуға

 

болмайды.

 

Мойындықты және басқа дөңгелек қиықтарды үтіктеген

 

кезде  бұйымның бет жағын жоғары қаратып қояды. Киім жылтырап

 

қалмас үшін үтіктеуге арналған матаны қолданған жөн. Егерде

 

бұйымда жылтырақ таңба қалса, сол орынға бірнеше рет қатталған

 

дымқыл матаны қойып қатты баспай үтіктейді. Құрғағанға дейін

 

үтіктеп, бірақ үтіктеген матаны одан бу шығып тұрған кезде алады

 

және бұйымды щеткалап жіберген дұрыс. Дымқылдататын үтік

 

болса, үтіктеуге арналған матаның керегі жоқ.  Үтікті жылтыраған

 

орынға ұстап, көбірек бу жіберсе де болады.  Бұйымды аздап

 

щеткалайды және бұйымды іліп қойып  ішкі жағынан   неғұрлым

 

буды көбірек жібереді. Бұйымның  мыжылған  түктері көтеріледіде

 

жылтыраған таңба жойылады.

 

 

 

 

 VI .   Сабақты қорытындылау.

 

Соңғы ылғалды жылумен өңдеу технологиясын тексеру.

 

 

VII. Сабақты бағалау.

 

Оқушылардың теориялық және сарамандық жұмыстарын тексеріп

 

бағалау.

 

VIII. Үйге тапсырма.

 

Жұмысты аяқтау.

 

  1. Композиция қай елдің сөзі:

а/ латын

ә/ грек

б/ ағылшын

 

  1. Костюмдегі ең маңызды нәрсе, оның………

а/ түсі

ә/ стилі

б/ матасы

 

  1. Костюм француз тілінен аударылғанда қандай мағана береді

а/ киім

ә/ киім -кешек

б/ киініс

 

  1. Ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер

а/ романтикалық стиль

ә/ фольклорлық стиль

б/ классикалық стиль

 

  1. Сән қай елдің тілінен аударылған

а/ француз

ә/ латын

б/ грек

 

  1. Қазіргі сәнде қанша бағыт бар

а/ 2

ә/ 3

б/ 1

 

  1. «Ретроспективаль»сөзінің баламасы

а/ өткенге бағытталған

ә/ болашаққа бағытталған

б/ қазіргі

 

 

 

 

 

  1. Силуэт қай елдің тілінен аударылған

а/ француз

ә/ латын

б/ грек

 

  1. Сәнгер сөзінің баламасы

а/ мода

ә/ модель

б/ модельер

 

  1. Киімтігу үшін ең алдымен не қажет

а/ лекало

ә/ өлшем

б/ сән үлгісі

 

  1. Адамның қиялдаған, армандаған мақсатын іске асыруға

көмектесетін жолдың бірі.

а/  еңбек

ә/  шығармашылық жұмыс

б/ жасап үйрету

 

  1. Пластмассадан, әйнектен, інжумаржаннан жасалған түрлі түсті

ұсақ моншақты қалай атайды

а/ әшекей

ә/ ілгек

б/ бисер

 

  1. Талшықтарды есу, иіру нәтижесінде пайда болған материал

а/ жүн

ә/ иірілген жіп

б/ мата

 

  1. Өте құнды талшық

а/ жүн

ә/ иірілген жіп

б/ лавсан

 

 

 

  1. Бұйымды дымқыл-жылулық өңдеу дегеніміз не ?
  2. Бұйымды дымқыл жылулық өңдеуге қанша уақыт кетеді ?
  3. Дымқыл жылулық өңдеу қандай мақсатта жүргізіледі ?

 

 

 

  1. Техникалық қауіпсіздік ережесін ата .
  2. Тігім дегеніміз не ?
  3. Тігіс дегеніміз не ?

 

 

  1. Киімді дайындау үрдісі қандай негізгі кезеңдерден тұрады ?
  2. Бөлшектерді біріктірудің неше тәсілі бар ?
  3. Тігіндік біріктіру дегеніміз не ?

 

 

  1. Тұтас дымқыл-жылулық процессі қанша сатыдан тұрады ?
  2. Өңдеу процессі нешеге бөлінеді ?
  3. Үтікпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі.