Тілашар (ертеңгілік)

362

Оңтүстік қазақстан облысы Отырар ауданының Қоғам орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байдуллаева Ақнұр

 

Тілашар

(ертеңгілік)

Мақсаты:

Мектепалды даярлық тобына келгеннен бергі  дағдыларын, қызығушылықтарын, жеке тұлға болып өсіп келе жатқанын көрсету.

Тіл байлығын, сөздік қарым-қатынастарын дамыту.

Үлкенді сыйлауға, сөздерін тыңдай білуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, шарлар,ойыншықтар.

 

Қатысушылар:

  1. Апа
  2. Тәрбиеші
  3. Бестік
  4. Әліппе
  5. Жалмауыз кемпір
  6. Дымбілмес
  7. Балалар

 

1-көрініс

Музыка ырғағымен залда  апа немересін бесікте тербетіп отырады.

 

2-көрініс

Бала өсіп 5-ке келеді. Беске толған немересін апасы мектепалды даярлық тобына дайындайды.

 

Апа: Балам, біз бүгін мектепке барамыз.

 

Немересі: Апа, мектеп дегеніміз не?

 

Апа: Мектеп – білім мен тәрбие беретін орын. Ол жерде ақын да, мұғалім де, жазушы да, дәрігер де бәрі де  білім алған. Тіпті атаң да, мен де, әкең де, шешең де сол мектептен әріп танып, оқығанбыз, тәрбие алғанбыз. Жүре ғой, құлыным!

 

Тәрбиешіге әкеп табыстайды.

Тәрбиеші баланы жетектеп ойыншықтармен ойнатып, залдан алып шығады.

 

1-жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ең алғаш балаларыңызды мектепалды тобына әкелген күндеріңіз есте болар. Ең алғаш балаларды Ақнұр апайға табыстағансыздар. Сол кездерін еске түсірдік.

 

 

 

2-жүргізуші:

Мінекей кешегі бүлдіршін – бүгінгі мектепалды даярлық тобының түлегі. Сіздердің қошеметтеріңізбен мектепалды даярлық тобы түлектерін ортаға шақырамыз.

Жақсы әуенмен балалар залға кіреді.

 

Тәрбиеші:

Айналайын, балалар,

Сендерде ой-сана бар  .

Өздеріңнен өседі,

Өнершілер, даналар.

Өсті міне бойларың,

Өсті міне ойларың.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойларың!

 

1-жүргізуші:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді бастайық.

 

2-жүргізуші:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

 

Зия Бекжан:

Той деп бүгін көңіл шіркін тасады,

Ән менен күй көңіл сырын ашады.

Той деп келген қонақтарға мың рахмет,

Ақ жаулықты аналар той шашуын шашады.

 

Тұрар Алуа:

Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың,

Бастаңғысын жасайық.

 

Апа шашу шашады.

 

Дүйсенбек Олжас:

Еркеңізді мойнына,

Ақ жағасы жарасар.

Кел,келіңіз тойыма,

Тойымның аты – Тілашар.

 

 

Оңалбек Алуа:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Бүлдіршіннің ортада,

Тілашарын алайық.

 

Бектұрсынова Диана:

Даярлыққа келгенде,

Ақ пейілмен қарсы алған.

Өлең айтып үйретіп,

Би билеткен, ән салған.

 

Әбдімүтәл Нұрқанат:

Риза әжей, атай да,

Риза ағай, апай да.

Рахмет деп айтамыз,

Тәрбиеші апайға.

 

Мәжит Меруерт:

Ойыншықтармен ойнадық,

Тоқпақты да қоймадық.

Сурет салдық, ән салдық,

Уақытты бекер жоймадық.

 

Шорабек Қарлығаш:

Мектепке енді барамыз,

Қолға қалам аламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Үлгілі бала боламыз.

 

Алайдар Ұлғаным:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан

Тілегіміз бейбіт күн

Ашық болсын кең аспан.

 

1-жүргізуші:

Балалардың орындауында «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін қабыл алыңыздар.

 

2-жүргізуші:

Орындайтындар:Қосмырза Нұрдәулет пен Дүйсенбек Олжас.

Ән орындалады.

Есік қағылып, залға Жалмауыз кемпір жүгіріп кіріп, айқай салады.

 

 

Жалмауыз кемпір:

Сәлеметсіңдер ме балалар! Самал жел маған хабар берді. Сендерді мектепке барады дейді. Солай ма, құлағым естімейді. Барасыңдар ма мектепке?

 

Балалар хормен: Иә, барамыз!

 

Жалмауыз кемпір:

Әй неге сонша айқайлайсыңдар? Керең дейсіңдер ме мені?

А, барайын деп жүр екенсіңдер ғой.  Кім сендерді жібереді екен?  Оқу сендерге неге керек?Мектепке барсаңдар ерте тұру, сабақ оқу  керек.  Ол неге керек, мен сияқты  жүре бермейсіңдер ме, түске дейін ұйықтап.

 

Зия Бекжан:

Жоқ, апа, сіздікі дұрыс емес. Мектепке бармасақ біз жаза да, оқи да алмас едік. Ертеңгі ел болашағы біздің қолымызда. Елімізді биіктен көру үшін үлес қосуымыз керек.

 

Омаш Бекжан:

Қазақта мынандай бір мақал бар: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген. Біз оқу оқымасақ солдат бола  алмаймыз, елімізді қорғай алмаймыз.

 

1-жүргізуші:

Балалардың орындауындағы «Солдат болам мен ертең» әнін қабыл алыңыздар.

 

2-жүргізуші:

Орындайтындар: Зия Бекжан,Омаш Бекжан.

 

Жалмауыз кемпір:

Ұқтым, оқу керек екен, сендер мектепке не ұстап барасыңдар?

 

Балалар: Сөмке.

 

Жалмауыз кемпір:

Ол сөмкелеріңде не болады? Мысалы, менің сөмкемде не бар, қараңдаршы? (сөмкесінен тас, рогатка, кнопка алып көрсетеді). Ал енді сендер сабаққа барғыларың келсе, мына жұмбақтарды шешіңдер.

 

Жұмбақтар:

 

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама

(Кітап)

 

 

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

(Қозы)

 

1-жүргізуші: Дұрыс шештіңдер балалар!

 

2-жүргізуші:

Көрдің бе, Жалмауыз кемпір, біздің балалар қандай білімді.

 

1-жүргізуші:

Балалар, сендердің ойын ойнағыларың келе ме?

 

Балалар: Иә

 

2-жүргізуші:

Екі бала ортаға келсін, қане кім тез мектепке жиналады екен.

 

Балалар киімін киіп, сумкасын асынып жарысады.

 

Жалмауыз кемпір:

Балалар, сендер қандай ақылдысыңдар. Мен сендерге қарап риза болдым. Енді мен де жаман болмаймын. Сендермен бірге мектепке барамын. Мен енді үйіме қайтып дайындалайын. Сау болыңдар, балалар!

 

Балалар: Сау болыңыз.

 

1-жүргізуші: Биші қызымыз Алайдар Ұлғанымның орындауындағы «Будашкин» биін қабыл алыңыздар.

 

Жолдасбай Аружан:

Тану үшін бабаңды,

Тану үшін анаңды

Тану үшін ғаламды

Мектеп керек адамға.

 

Мейрқұл Балауса:

Сақтау үшін арыңды,

Сатпау үшін анаңды.

Өсіруге танымды,

Мектеп керек адамға.

 

Қайратқызы Назым:

Қуантуға елімді,

Қуантуға жерімді.

Қуантуға жүректі,

Қуантуға түлекті

Мен мектепке барамын.

 

Махмутова Сабина:

Елдің атын жазамын,

Жердің атын жазамын.

Туған тілге тазамын.

Батаңды бер қазағым,

Мен мектепке барамын.

 

1-жүргізуші:

Хор: Біз мектепке барамыз.

 

2-жүргізуші:

Қабыл алыңыздар!

Есік қағылып Бестік кіреді.

 

Бестік:

Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен бестікпін. Мен жақсы оқитын балалармен дос боламын. Мені мектепке өте жақсы көреді.  Сендер менімен дос болғыларың келе ме? Қане, бір ойын ойнап жіберейікші.

 

Ойын: Жалғасын тап:

 

  1. Оқусыз білім жоқ,

……………………………….. (Білімсіз күнің жоқ)

 

  1. Ақыл азбайды

………………………………….. (Білім тозбайды)

 

  1. Еңбек етсең ерінбей,

…………………………………… (Тояды қарның тіленбей)

 

Бестік: Рахмет балалар! Сендер өте ақылды екенсіңдер. Мен сендерді мектепте күтемін. Сау болыңдар.

 

1-жүргізуші:

«Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды», — деп айтқандай алдарыңызда

 

2-жүргізуші:

Әнші қыз Сырлыбай Аяулымның орындауында «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.

 

 

 

Қосмырза Нұрдәулет:

Өмірімнің көктемін,

Сенде өткізем деп келдім.

Алтын ұя – мектебім,

Армандарым көп менің.

Атқарамын деп келдім

Асыл анам – мектебім.

 

Сырлыбай Аяулым:

Оқып ғылым тектерін,

Ой аламын депк елдім.

Оттан ыстық мектебім,

Өнерпазың көп сенің.

Өнер табам деп келдім,

Өз бесігім мектебім.

 

1-жүргізуші:

Балалар, бүгін біздің мерекемізге Әліппе келіпті.

 

2-жүргізуші:

Мектепке барған кезде ең бірінші оқитын кітаптарың «Әліппе» болады.

 

Залға Әліппе кіреді.

 

Әліппе:

Сәлеметсіңдер ме балалар! Мерекелерің құтты болсын. Мен сендерді сырттарыңнан бақылап тұрдым, жаңа досым Бестікті жібергенмін. Сендер бәрін біледі екенсіңдер, қандай ақылдысыңдар. Бірақ сендердің білімдеріңді тағы бір тексеріп көрейінші.

Мен сендерге  дыбыстарды айтамын. Сендер дауысты болса 1 рет, дауыссыз болса 2 рет шапалақтайсыңдар.

 

Ойын ойналады.

 

Әліппе: Өте жақсы, сендер дыбыстарды ажырата алады екенсіңдер! Мектепке барғанда жалқау болмаңдар.

 

1-жүргізуші: Әліппе біздің балалар жалқау болмайды. Олар білімді және өте ақылды болады.

 

2-жүргізуші: Ендігі кезекте бүлдіршіндердің орындауындағы «Қуыршақ» биін қабыл алыңыздар.

 

Әліппе:

Балалар, сендер мектепке барғанда оқитындарыңа сенемін. Біз Бестік екеуіміз сендерді мектепте тосамыз. Сау болыңдар, балалар!

 

Байжан Ерасыл:

Еркесі едім атамның,

Еркесі едім анамның.

Толдым биыл алтыға,

Мен оқушы атандым.

 

Омаш Бекжан:

Шетсіздік көк аспанды жамылады,

Уақыттың басылған жоқ дауыл әні.

Бірігіп бір жүректен шырқайтұғын,

Әнұран мемлекеттік халық әні.

 

Наятулла Аңсаған:

Мен оқушы боламын,

Болам жігіт зор әлі.

Қазақстан жалауын

Көтеремін жоғары.

 

Залға жылап Дымбілмес кіреді.

 

1-жүргізуші:

Дысбілмес саған не болді?

 

2-жүргізуші: Неге жылайсың?

 

Дымбілмес: Мені мектепке алмайды.

 

1-2-жүргізушілер: Неге?

 

Дымбілмес:

Мен есеп шығара алмай қойдым.

 

Дымбілмеске көмектесу, мысал есептер шығару.

 

Дымбілмес: Балалар, сендерге рахмет. Мен енді барып тағы да бір бағымды сынайын. Енді мектепке алатынына сенімдімін. Сау болыңдар балалар, мектепте кездесеміз.

 

1-жүргізуші:

Балалардың ұйымдастыруымен өздеріңізге арналған сахналық қойылымды тамашаладыңыздар.

 

2-жүргізуші:

Сахналық қойылым орыстың «Үйшік» ертегісінің желісімен, қабыл алыңыздар!

 

«Үйшік» ертегісін сахналық қойылым ретінде қояды.

Аю – Аңсаған

Түлкі – Меруерт

Қасқыр – Нұрдәулет

Қоян – Алуа

Тышқан – Ерасыл

Бақа – Аружан

 

1-жүргізуші:

Топтың биші қыздарының орындауында «Ча-ча-ча» биі

 

2-жүргізуші;

Қабыл алыңыздар

 

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

 

1-жүргізуші:

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.

 

Ұлы халқым есептескен текпенен

Ата салтын ешкім аттап өтпеген.

Мың пәледен құтқарады бір бата,

Адам болмас бата естіп өспеген – дей келе қорытынды сөз кезегін……………………………. береміз.

Құттықтау сөздер.