Ылғалды жылумен өңдеу терминологиясы

209

Сабақтың тақырыбы: Ылғалды жылумен өңдеу терминологиясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: өтілген сабақты пысықтап, жаңа сабақты меңгерту;
Дамытушылығы: қыздардың іскерлік қабілетін арттыру;
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, әдептілікке, сыпайылыққа үйрету;

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,тірек сызба

Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың көрнекілігі: мата,ине-жіп,қайшы,см таспа,интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: өмірмен,,химия,физика

Сабақтың барысы:

Оқушылар бес орталық бойынша жұмыс жаайды.

  1. «Еңбек» орталығы
  2. «Пікір алмасу» орталығы
  3. «Ғылым» орталығы
  4. «Шығармашылық» орталығы
  5. «Сен білесің бе?» орталығы

1.«Еңбек» орталығы

Ұйымдастыру кезеңі

а)Оқушылармен амандасу.
ә)Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

б/ Оқушыларды екі топқа бөлу, аттарын қою.

2.«Пікір алысу» орталығы

Ой қозғау (нені білеміз?)

Үй тапсырмасын сұрау
Ұяшықтағы жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай жинаймыз.Оқушылар жинаған ұпайларына қарай бағаланады.

 

 

 

 

50-ұпай

Тігін машинасында жұмыс істеген кезде қолданылатын терминологиялар

/тігіс, инешаншым, тігім, тігіс ені/

         30 – ұпай

Тігін машинасында жұмыс жасағанда қойылатын талаптар

       40-ұпай

Сырып тігу мен  жөрмеу тігісі туралы айтып бер

           40 –ұпай

Қосып тігу мен бастыра тігу  дегеніміз не?

     50-ұпай

Тігін машинасымен жұмыс кезінде қолданылатын терминдерді ата

 

        30-ұпай

Тігін машинасымен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережесін еске түсір

 

3.«Ғылым» орталығы

Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Матадан тігілген бұйымдардың  тігістерін тегістеу үшін ЫЖӨ  тәсілі қолданылады.Бұйымның сыртқы көрінісінің сапасы ылғалды-жылумен өңдеуге байланысты. ЫЖӨ  тігін бұйымдарын дайындауда маңызды орын алады.Тұрмыста  үтіктеу үшін қолданылатын ыңғайлы құрылғы – арнайы үтік үстелшесі. Бұл үстелшенің шетінде арнайы үтік ке арналған орын бар. Үтік әртүрлі болады: пешті, электрлі. Электр үтік бумен ылғалдандырады, оның жылу реттегіші болады. Үтікпен жұмыс істегенде, өте мұқият болу керек.ЫЖӨ жұмысын түрегеп тұрып орындайды.  Үтіктеп жатқан затпен  көздің ара қашықтығы 35-45 см-ден кем болмауы керек.

ЫЖӨ жұмысын бөлшектің немесе бұйымның  теріс жағынан орындалады.

Бұйымды немесе бөлшекті  ЫЖӨ кезінде қолданылатын терминдер

Термин Жұмыс мазмұны Қолданылуы
Баса үтіктеу Тігіс пен бөлшектің қалыңдығын басу Қалта, белбеу, бұйым шеттерін баса үтіктеу
Жатқыза үтіктеу Тігістің шетін бір жағына жатқызып, сол қалпында бекіту Өңделген қиықтарды, қатпарларды,
Айыра үтіктеу Тігісті екі жаққа жатқыза үтіктеу Желбіршектерді, белбеулерді айыра тігу
Әрлеп үтәктеу Бұйымның қыртыстарын тегістеп, ең ақырғы  ЫЖӨ Дайын бұйымды  әрлеп үтіктеу
Декатирлеу Бұйымды  отыруды, апшуды болдырмау үшін материалды дымқылдап- жылылап өңдеу Матаны пішу алдында декатирлеу

Үтікпен жұмыс істегенде есептілікті,ұқыптылықты қажет етеді.
Ал енді оқушылар сендермен бірге қауіпсіздік ережелерді айтып өтейік.

Қауіпсіздік ережелері

1.Аяқ астына резеңке кілемше қою керек;
2.Баусымның үтік табанына тиіп қалмауын қадағалау керек;
3.Үтікті электр жүйесіне қосқаға дейін онын бауын тексеру керек;
4.Разеткада ашады баусымда ақау болса мұғалімге хабарлау керек;
5.Үтік токпен қоректеніп тұрғанда оны саусақ ұшымен тексеруге болмайды;

4.«Шығармашылық» орталығы

Оқушылардың дәптерлеріне термин сөздерді жаздырту.

Ал,енді балалар әр жұмыстың өзінің шартты белгісімен терминдері бойынша жұмыс жүргізіледі.

Сарамандық жұмыс.
Жұмыстың орындалу реті:Бұйымды үтіктеп көрсету.

5.«Сен білесің бе?» орталығы

Жаңа сабақты бекіту.

Ой қорыту (нені білдік?)

 

                 ХХІ   ҒАСЫР – БІЛІМ ҒАСЫРЫ

Үтік :   Ылғалды жылумен  өңдеуге қойылатын талаптарды ата?
Тігін машина:  Айыра үтіктеуді қалай орындайды?

Ине:  Қауіпсіздік ережесін айтып бер
Жіп:  Декатирлеу дегеніміз не?

Қайшы:  ЫЖӨ кезінде қолданылатын терминдер

Кітап:  Жатқыза үтіктеу  қалай орындалады

ҮІ Оқушыларды бағалау.

ҮІІ.Үйге тапсырма:Бұйымда әрлеп үтіктеу, оқып келу

 

50-ұпай

Тігін машинасында жұмыс істеген кезде қолданылатын терминологиялар

/тігіс, инешаншым, тігім,

 тігіс ені/

 

 

 

 

Тігін машинасында жұмыс жасағанда қойылатын талаптар

      

 

Сырып тігу мен  жөрмеу тігісі туралы айтып бер

 

 

 

 

50 ұпай

 

Қосып тігу мен бастыра тігу  туралы  айт

 

40 ұпай

 

Тігін машинасымен жұмыс істеген кезде қолданылатын терминдер

 

 

 

 

 

 

30 ұпай

 

Тігін машинасымен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ргрггш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Іздену (нені білгіміз келеді?)

 

  1. Бұйымды ылғалды- жылумен өңдеу,жұмыс орны
  2. Ылғалды- жылумен өңдеу жұмысына қойылатын талаптар

 

  1. Ылғалды- жылумен өңдеу кезінде қолданылатын  терминдер
  2. Бұйымды ылғалды -жылумен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережесі

 

 

 
 

ХХІ   ҒАСЫР – БІЛІМ ҒАСЫРЫ