Жасай бер, жаса, Тәуелсіз ел- Қазақстан

468

 

Тақырыбы: «Жасай бер, жаса, Тәуелсіз ел- Қазақстан»

Мақсаты: еліміздің тарихы туралы түсінік бері, өз Отанын сүюге тәрбиелеу, туған елге сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздерінің суреті, нақыл сөздер.

Би: 6 сынып оқушыларының орындауындағы қазақ биі — 

 Бастаушы: Армысыздар құрметті бүгінгі қасиеттіде  қадірлі мерекенің қонақтары! Аса  құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды келелі бер.

Мерейің құтты болсын тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер! –дегендей бүгін тойлатып отырған «Тәуелсіздік» бізге оңайлықпен келген жоқ. Талай бабаның ғасырлар бойы аңсаған арманы, ұзақ уақытты қамтитын тарихтан тұратын төл мереке! Бұл ұлы тарих!

Тарих –сырт көзге оп-оңай сияқты көрінгенмен, терең қатпарлы, күрделі ғылым. Содан болар, тарихтың айналасында айтыс-тартыс, пікір-талас үнемі болып турады. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, тарихымыздың көлеңкелі беттері ашылып, өз тарихымыздағы шындықтарға көзіміз жетіп отыр.

Тәуелсіз еліміздің тірегі білімді ұрпақ дейтін болсақ, солардың бірі өздеріңіз.

1-жүргізуші: Тәуелсіз мемлекетіміздің 22 жыл толуына орай өткен  тарихымызға көз жеткізейік.

Өткен тарихымыздан аздаған түсінік. 15 ғ . қуатты қазақ хандығы құрдық, алайда тәуелсіз Қазақстан мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады.

2-жүргізуші:

Слайд  «Қазақ хандығы»

Ән:                                                 орындайтындар:

1-жүргізуші: Ұлан байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап қалың жұртты қан жылатты.  XVIII ғасыр басында дүріккен ел «Ақтабан шұбырынды» болды. Жұрт алқа көлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты.

2-жүргізуші:

Қазақ дейтін бастау үшін бар көшті,

Елі үшін жорық жасап жанкешті.

Бөгенбай да, Қабанбай да, Абылай,

Тәуелсіздік жолын іздеп жан кешті.

Слайд. «ХҮІІІғ Қазақстан»

1-жүргізуші: XVII -XIX  ғасыр басында халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен орыс қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан ғайыр даламыз басынан қара тұман серпілмеді.

2-жүргізуші:

Неше заман, неше ғасыр санашы,

Теңдік іздеп бабамыздың бабасы

Тақымынан түспей қойған найзасы,

Ауызынан түспей қойған тобасы.

Слайд  «Ұлт –азаттық көтерілістер»

Ән:                                                     орындайтындар:

1-жүргізуші: Біздің 1917 жылғы бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізге өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға түстік. Мыңдаған жандар ата-жұртын тастап кетуге мәжбүр болды. 1923-1933ж. болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта халықтың 2,2 миллион опат болды. Тағы аштық, тағы жалаңаштық, тағы өлім. Әл жоқ, дымы құрыған сорлылар елін тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгінгі атамекенін тастап кеткен халқымыздың саны 1 миллион 578 мың адам.

2-жүргізуші: 1936-1938 ж. репрессия оқиғасы.Талай зиялының көзін жойған, ұлтшыл атандырып  айдар таққан нәубет кезеңді де қазақтар басынан өткерген. Қанша ұлт зиялысы жапа шекті. Мысалы М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, І.Жансүгіров және т.б.

1-жүргізуші:             Отыз жеті!Есік бұзар кез кірді,

«Халық жауы» естімедік өзге үнді.

Бірінен соң бірі атылған боздақтар,

Тәуелсіздік күнді аңсаумен көз жұмды.

Слайд  «Алаш зиялылары»

2-жүргізуші: 1941-1945 ж. аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизімнен бүкіл адамзаттықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Осы жылдарда ең көп қырылған қазақ еді.

2-жүргізуші: Ұрпақ үшін белшесінен қан кешкен,

Отан үшін талай ерлер мерт еткен.

Болмасыншы,болмасыншы қан соғыс,

Соғыс десе жүрегіміз селт еткен.

Слайд « Ұлы Отан соғысы»

1-жүргізуші: 1954-56ж. қазақ жеріне өзге ұлттар топырлатты.

2-жүргізуші: 1970-1980 ж. тілі мен салт-дәстүрін айырылып, рухани азғындау күшейді.

1-жүргізуші: 1986 ж. қазақтың рухын таза құрпақшы болды. 1986ж.

16-желтоқсанда Алматыда Қазақстан Комунистік Партиясы Орталық Пленумы болды. Пленумында Республика басшысы Д.А.Қоневты орнынан алып, республикаға мүлде белгісіз біреу Г.Колбинді отырғызды. Жанартаудай бұғып жатқан ұлттың ыза-кегі сыртына бұрқ етіп, қазақ жастарының көтерілісі басталды. Қ.Рысқұлбеков, Е.Сыпатаев, Л.Асанова, тәуелсіздік жолында мерт болды.

2-жүргізуші:   Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,

Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира

Құрбаны болған жаланың

Бастаушы:     Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,

Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,

Бұғаудағы боздақтары кете барды

Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

Слайд  «Желтоқсанда»

Би:                                           орындайтындар:

Бастаушы: «Орнында бар оңалар» демекші ел орында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды.

                       Қалса да қайда жерің, қайда көлің,

Қасқайып хақ жолынан таймап едің!

Айрылып күндіз күлкі, түнде ұйқыдан,

Күткенің осы еді ғой, қайран елім!

Жас өрендердің «Тәуелсіздік» туралы өлеңдеріне құлақ түрейік.

Слайд.   «Тәуелсіз Қазақстан»

1-жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

                       Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

2-жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,

                       Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ — дәулетім,

Болашағым, өнер — білім, өркенім.

Бастаушы:  Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына.

Ән:  «Жаса, Қазақстан!»  орындайтын