Үй хайуанаттары және ауыл шаруашылық жануарлар.

58

Сабақтың тақырыбы:

Сабақтың мақсаты:

Жылқы туралы оқиды,қолтұқымдарымен танысады,талдайды.

Сабақтың міндеттері:

  • Топта жұмыс жасауға үйренеді;
  • Құнды пікірлерді айтып үйренеді;
  • Басқаның ойын тыңдайды.

І. Ұйымдастыру (сәлемдесу,түгендеу) 1 минут

Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді.Қазір  сендерге  жұлдыздар таратылады,жұлдыздардың түсіне қарай 5 топқа бірігесіндер.(ақ,сары,қызыл,жасыл,көк)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (59 тақырып.Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер.) 3 минут

5 топ Желілер типіне,омыртқалылар тип тармағына,сүтқоректілер класына жататын отрядтарды ассоциация мен кластерге жіктеп,әр топтың құнды пікірі тыңдалады.

 

І топ        Бунақденеқоректілер отрядын жіктейді.

 

Әрбір топтың құнды пікірі тыңдалып,галлереяға ілінеді.

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту.(Қорытындылау)

Мұғалімнің сөзі.2-3минут.

Сендер берілген үй тапсырмасына өте жақсы дайындалып келіпсіңдер.Әрбір топтың пікірі құнды.Сонымен біз сендермен желілір типіне жататын,омыртқалылар тип тармағын (дөңгелекауыздылар,балықтар,қосмекенділер,жорғалаушылар,құстар мен сүтқоректілер класын) оқып, таныстық.Елімізде сүтқоректілер класына жататын 8 отряд,тұқымдастары олардың тіршілік етуімен Қазақстанда таралуымен таныстық.Соның ішінде Шығыс Қазақстанда,туған жеріміз Самар ауылында да сүтқоректілердің сан алуан түрі бар,біз оларды біліп,қорғап жүруіміз қажет.Қазақстанда 10 мемлекеттік қорық,9ұлттық табиғи саябақ,60-қа жуық қорықшалар бар.

ІV.Үй тапсырмасын бағалау.1 минут

V.Жаңа сабақ.Қызығушылықтарын ояту. (ой қозғау) 1-2 минут.

Плакатқа үй хайуанаттары деген жазу жазылып,тақтаға ілінеді.Әр топтан балалар келіп үй хайуанаттарының атын жазып шығады.

Өте жақсы балалар.Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:қазақ халқы ежелден пір тұтқан,төрт түліктің иесі-жылқы.

Енді барлығымыз дәптерімізге ББҮ кестесін сызайық.Сызып болғаннан кейін Білемін және білгім келеді бағаналарын толтыруға 2 минут уақыт беріледі.

Білемін Білгім келеді Үйрендім (білдім)

 

VІ.Мағынаны ажырату.Кітаппен жұмыс. (әрбір оқушы өзі оқиды. 299-шы беттер бастап 301-ші беттің аяғына дейін берілген мәтінде оқиды.)5 минут.

VІІ. Сұқ саусақ стратегиясы.Ой толғаныс кезеңі.5 минут.

5 топ 1-1-не сұрақ қойып,жауап береді,пікір алмасады.

 VІІІ.Слайд.3 минут.Қазақ халқы пір тұтқан,төрт түліктің бірі-жылқы.

ІХ.Жылқы жануары туралы 5 топқа тапсырма беріледі

                                        Стратегия  10минут уақыт+күй ойнап тұрады.

Х.Бүгінгі сабақтан өзіне қандай өмірлік азық алдың? (Әрбір топтың құнды пікірі)

2 минут.

ХІ. ББҮ-Үйрендім (білдім) бағанасын толтырады.2минут.

ХІ. Үйге тапсырма:Самар ауылымызда жылқының қолтұқымдары жайлы хабарлама жазып келу,Ақан серінің-Құлагерін жаттап,суретін салып әкелу.

ХІІ.Бағалау.

ХІІІ.Шығу парағы