Отбасының берекесі.

73

Сабақтың тақырыбы: Отбасының берекесі.

Мақсаты: Қоғам мүшелері, отбасы берекесі туралы тақырыпты меңгеру; тілін, сөздік қорын дамыту; табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Көрнекілігі: тақта

Барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын жаттығу орындау арқылы сабаққа аудару.

II Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Үйге қандай тапсырма берілді?

Жануарлар дүниесін қорғау.

  1. Қазақстанда қай жылы «Қызыл кітап» шықты, қызыл кітап дегеніміз не?
  2. Өсімдіктер мен жануарлардың азайып бара жатқаны неліктен? 1996 ж
  3. Мемлекеттік қорықтарын ата.

Қорытынды:

Туған табиғатыңды қорғауға қандай үлес қосар едің?

«Егер мен болсам»

  • Құстарды атпаймын
  • Қорқытпаймын
  • Жұмыртқасын жармаймын
  • Қоқысты кез-келген жерге тастамаймын

III Жаңа сабақ

4-бөлім. Адам және қоғам

Электронды сабақ көрсету.

Жұмбақ

Онда әкем, шешем тұрады,

Ата-әже, бауырым,

Бәрі бірге қосылып

Бір ұғымды құрады

ОТБАСЫ

Ой толғаныс: Әркім өз отбасы туралы айтқызу.

Ендеше бүгін отбасы жайында айтамыз.

Неке-ерікті одақ

Шағын  отан

Қоғамның  бір  бөлшегі

Ұрпақты  жалғастыратын

болашақ

Дәптермен жұмыс:

Конституцияның 27-бабында «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында»

Көрініс: «Бәрінен  жақсы»

Кішкентай қыз адасып қалып жылап жүреді.

Бір кісі: — Сенің анаң қандай адам еді?

Қыз: — Менің анам бәрінен жақсы.

Бәрімізге өз анасыз бәрінен жақсы.

Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? (Әке, ана, аға, іні. т.б.)

Отбасын ұстау, бала өсіру, тәрбиелеу, білім  беру, үйлендіру, еңбек ету, туған – туысқанмен қарым-қатынас жасау екі адамға бірдей.

Асар жасау –бүкіл ағайындары жиналып келіп, жас отбасына үй салуға көмектеседі.

Ойын: «Бәйге»     3 қатар жарысады. Қайсы көп ұпай жинайды.

  1. Өлі және тірі табиғатқа не

жатады?

  1. Жабайы және мәдени өсімдік

деген не?

  1. Жеті атаны ата?
  2. Неке және отбасы деген

не?

  1. Отбасы қорына

нелер кіреді?

Баланың міндеті?

  1. Қонақ деген кім?

түрлерін ата?

Оқулықпен жұмыс

Оқушыларға бөліктерге бөліп оқыту.

Әр бөлік не жайында?

Ребус шешкізу: Сыйластық.

Қазақ халқының салты, әдет-ғұрыптары бар?

Сендер қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?

Оқыту: Тізбектеп оқытып, соңында 1 оқушы мәнерлеп оқып береді.

Атақты Қазыбек биге біреу сұрақ қойыпты:

«Айтыңызшы, не жақын, не қымбат?» — деп.

Сонда Қазыбек би:

«Тату болса — ағайын жақын,

Ақылды болса — апайың жақын,

Бауырмал болса — інің жақын,

Инабатты болса — келінің жақын.

Алтын ұяң — әйелің қымбат,

Құт-береке — атаң қымбат,

Айналайын — анаң қымбат,

Мейірімді — ағаң қымбат», — депті.

Мұғалім оқып береді:

Қазақ отбасында қалыптасқан әдет-ғұрыптар бар. Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, кішіге қамқор болу.

Отбасындағы әр адам өз білім деңгейіне, икемділігіне  қарай еңбек етеді.

Қазақ халқының салтында үйленген баласын бөлек шығарарда бүкіл туған-туыстарын жинайды, қонақ етеді.

Ойын: «Сыңарын тап!»

Сыйласаң, сыйлы боларсың.

Үлкеді сыйласаң-қадірлі боларсың

Кішіні сыйласаң  –   құрметті боларсың

“Сіз” деген — әдеп

“Біз” деген- көмек

Әдептінің белгісі –иіліп сәлем бергені.

Қорытынды:

Ой толғаныс. Отбасы берекелі болу үшін.

Әр отбасының мүшелерінің бойында қандай қасиеттер болу керек?

Күн шуағын құрастыру.

Тату.

Мейірімді

Инабатты

Бауырмал

Қамқор

Еңбекқор

Сыйласымды.

Әр отбасы күн шуағы сыяқты айналасына жылуын шашып тұрса, қоғамымыз да мықты болады

Бағалау

Үйтапсырма беру  153-154 бет оқу мазмұндай.