«Атамекен» бағдарламасының «Толғау» бағыты бойынша «Сөз мәйегі мақал» тақырыбы туралы түсінік беру

«Атамекен» бағдарламасының «Толғау»  бағыты бойынша «Сөз мәйегі мақал» тақырыбы туралы түсінік беру

Мақсаты: «Атамекен» бағдарламасының «Толғау»  бағыты бойынша «Сөз мәйегі мақал» тақырыбы туралы түсінік беру. Аз сөзбен көп мағына беретін ауыз әдебиетінің жанры мақал – мәтелдерді біліп, орынды  жерінде қолдана білуге баулу.

Көрнекілігі: компьютер

     Сайыстың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сайыскерлермен таныстыру. I топ «Қыран» II топ «Ұлан»
  2. Әділқазылар алқасын сайлау.
  3. Сайыстың шарттарымен таныстыру.

Сайыс 4 кезеңнен тұрады. I кезеңде білім туралы. II кезеңде Отан, туған жер туралы, III кезеңде еңбек туралы, IV кезеңде тіл туралы 10 мақал-мәтелден беріледі. Берілген тапсырмадағы сөздердің біреуімен қатысты мақал-мәтелді тауып, дұрыс жауап берген топ 10 ұпайға ие болады.

I кезең «Жалғасын тап».

Шарты: Ойыншыларға білім туралы 10 мақал ұсынылады. Мақалдың тек бірінші жолы оқылады, келесі жолын ойыншылар табуы керек. Кім бірінші қолын көтерсе, сол ойыншы жауап беру құқығына ие болады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай иеленеді. Ойынның  соңында әр топтан екі оқушы өзімен бірге ала келген 1 көнерген сөзді «Сөз мергеннің» қоржынына салады.

  1. Оқу білім азығы,  … (Білім ырыс қазығы)
  2. Оқыған озар, … (Оқымаған тозар)
  3. Оқусыз білім жоқ,

… (Білімсіз күнің жоқ)

  1. Өнер білім бәрі де,

… (Оқуменен табылған)

  1. Білімдінің күні жарық,

… (Білімсіздің күні қаріп)

  1. Оқу – білім бұлағы,

… (Білім – өмір шырағы)

  1. Білімдіден шыққан сөз,

… (Талаптыға болсын кез)

  1. Кітап – ғалым,

… (Тілсіз мұғалім)

  1. Мектеп – кеме,

… (Білім – теңіз)

  1. Білекті бірді жығар,

… (Білімді мыңды жығар)

     II кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр».

Ойыншыларға бірінші бағанға бірнеше сөздер беріледі, екінші бағанға соларға қатысы бар бір сөз беріледі. Ойыншы сол сөзді тапса 10 ұпайға ие болады, сұраққа жауап бере алады. Егер сұраққа жауап берсе, тағы 10 ұпай иеленеді, егер жауап бере алмаса, басқа ойыншы жауап бере алады.

 

 

 

Шеге 

ЫДЫС

Бүркіт 

ЖЫРТҚЫШ

БалтаҚарлығаш
ТорсықБозторғай
БалғаҚараторғай
Торсық деген не?Бүркіт қайда ұя салады?

 

ЖиһазКЕБЕЖЕИт 

АҢ

ҚабырғаМысық
ЕденҮй қояны
ЩаңырақТүлкі
Кебеже дегеніміз не?Түлкі қандай аң?

 

Алқа 

ЗЕРГЕРЛІК

БҰЙЫМ

Дәрігер 

 МЕКТЕП

ТақияҰшқыш
СәукелеҰстаз
КамзолҚұрылысшы
Алқа дегеніміз не?Ұстаз қандай мамандық?

 

Дөңгелек 

ОҚУ

  ҚҰРАЛЫ

Бәйшешек 

            АҒАШ

ШаршыҚайың
ҮшбұрышЖауқазын
СызғышҚызғалдық
Сызғыш не үшін керек?Ағаштың қандай пайдасы бар?

 

Көктем 

ЖАЙЛАУ

Ара 

             БАЛ

ҚысСона
ЖазМаса
КүзШыбын
Жайлау дегеніміз не?Ара қандай жәндік?

 

Екі топтың өнерін тамашалаймыз.

III кезең «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда».

Берілген сөздердің біреуімен Отан, туған жер туралы мақал-мәтелді тауып, дұрыс жауап берген топ 10 ұпайға ие болады.

 

Отан 

ОТТАН

Толмас
СуданБолмасЕЛ
ЖарықтанҚоймас
ЖылуданКелмес
Отан оттан да ыстық?Туған жердей жер болмас,

туған елдей ел болмас.

 

 

 

 

Көгерт 

 

           ТУ

Көрікті 

ТУҒАН ЖЕР

ОтырғызАжарлы
ЕкӘдемі
Тік Келбетті
Туған жерге туыңды тік. 

 

 

Жанбайды 

 

     ОТАН

Анасы 

 ЕЛДІҢ

КүймейсіңДаласы
ӨртенбейсіңБаласы
СөнбейсіңАтасы
Отан үшін отқа түс күймейсің.Отан-елдің анасы
Отан 

 

    ОТБАСЫ

Ауа 

ШИПА

АуылСу
ҚалаКүн
ДалаТүн
Отан отбасынан басталады.Туған жердің ауасы да шипа.

 

Ормансыз 

 

БҰЛБҰЛ

Суы 

 

БАЙ

ТоғайсызЖері
КөлсізКөлі
ЖерсізАуасы
Отансыз адам ормансыз бұлбұл.Жері байдың  елі бай

 

IV кезең «Сөз мергені»

Берілген сөздердің біреуімен тіл туралы мақал – мәтелді тауып, дұрыс жауап берген топ 10 ұпайға ие болады.

 

Қызыл 

ТІЛ

ЖүгірБІЛІМІҢМЕН
СарыСекір
ЖасылЛақтыр
КөкАдастыр
Өнер алды – қызыл тіл. Тіліңмен жүгірме-біліміңмен жүгір.
 

 

 

 

 

 

Тіл 

       ТАС

ӨкпеТӘТТІ
АуызТіл
ТісБауыр
КөзЖүрек
Тіл тас жарады. Ең тәтті де – тіл, ең ащы да – тіл
 
Дене 

ТІЛ

ТісБУЫНСЫЗ
БасЕрін
АяқТіл
ҚолАуыз
Басқа пәле тілден Тіл – буынсыз, ой түпсіз.
  
Алты 

       ТІЛІН

АрыстанКӨТЕРМЕГЕНДІ
ЖетіАю
СегізЖолбарыс
БесПіл
Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім бол.

 Піл көтермегенді тіл көтереді
  
Көңілдің 

КІЛТІ

Сөйлей-сөйлейШЕШЕН
СезімніңКөре-көре
АқылдыңЖаза-жаза
ОйдыңАйта-айта
Тіл – көңілдің кілті.Көре-көре көсем болады,

Сөйлей-сөйлей шешен болады.

 

Сабақты қорытындылау. Әділқазыларға сөз беріледі. Ұпайы көп топ марапатталады.