«Ер есімі – ел есінде»

133

Тақырыбы: «Ер  есімі – ел  есінде»

Мақсаты: 1. Ұлы  Жеңісті  дәріптеу, өз  Отанын, елін,туған  жерін  сүю, туған  жеріне  деген  сүйіспеншілігін  арттыру,Отанын, туған  елін  қорғай  білуге  тәрбиелеу.

  1. Ұлы Отан соғысында  ерлік  көрсеткен  ата – бабаларымыздың  ерлік  істерін  қастерлеп, рухын  көтеру, үлгі  өнеге  тұту.

Көрнекілігі: Мәңгі  алаудың  макеті  жасалып, гүл  шоқтары  қойылған, оның  тұсына  әсем  безендірілген  «Мұны  ұмытуға  болмайды»  тақырыбы  бойынша  плакат  ілінген. Онда  ерлік  жайында  түрлі – түсті  суреттер, буктемелер, мақал – мәтелдер  ілінген.

  1. «Батыр туса – ел  ырысы,

Жаңбыр  жауса – жер  ырысы».

  1. «Батыр – елдің сәулеті,

Бал  құрақ – жердің  сәулеті».

  1. «Ер жігіт  елі  үшін  туады, елі  үшін  өледі».
  2. «Ер — елдің  ық  жағының  қаласы,

Жел  жағының  панасы».

Барысы: Ұйымдастыру.

Кіріспе. Мұғалім  сөзі.

Сабақтың  тақырыбын  хабарлап, жоспарымен  таныстырып, мақсатын  айту.

 

                   Еліміздің  қорғаны, халқымыздың  қалауы  болып…

Биыл  даңқты  мереке  жылы  болып  отыр, сондықтан  да  егемендік  пен  тәуелсіздік  алып  өркениетті  демократиялық  қоғам  орнатуға  батыл  қадам  басқан  ұлттар мен  ұлыстар  мекендеген  халқы  бар, ынтымағы  жарасқан, ой  парасатты  азаматтары  бар, Қазақстан  Республикасында, сондай – ақ  Созақ  ауданындағы  бұл  мейрамды  терең  жан  толғанысымен, жүрек  сыздауымен,  мақтаныш  сезіммен, қуаныш  сезіммен  атап  өтпейтін  бір де  бір  адам  және  отбасы  жоқ.

Иә, Отан – ана  өзінің  27  миллион  ұлдары  мен  қыздарынан  айырылды. Олар  дала  төсінің  ерлері, инжинерлер  мен  ғалымдар, қысқасы  адамдардың  зор  бақытын  жасаушылары  бола  алатын  еді. Өмір  мен  өлім  арасында  отты  майдандарда  қазақстандықтар,  солардың  ішінде  өзіміздің  осы  Раң  ата  ауылының  өрімдей  азаматтары  қыршын  кетті. Зұлым  жауға  қарсы  күреске  1 миллион  200  мың  қазақстандықтар  қатысты.Олардың  200 мыңнан  астамы  ордендермен  және  медальдармен  награтталды. Ал, 500-і  Кеңестер  Одағының  Батырлары  атағына  ие  болды.

65  жыл  толып  отырған  Жеңісті  жақындатуға  біздің  ауылымыздың  халқы  да  өзіндік  үлес  қосып, тарих  шежіресінде  өз  іздерін  қалдырды.

Қазіргі  ұл – қыздарымыздың  қызығын  көріп  отырған  ардақты  ақ  шашты  әжелеріміз  тылда  еңбек  етіп, соғысқа  өз  үлестерін  қосты. Жауынгерлерді  киіммен, азықпен, қарумен  қамтамасыз  етуде  жанқиярлықпен  үлестерін  көрсетті.

Мінеки, бұл  күндері  соғыстың  аяқталғанына  65  жыл  уақыт  өтті, бірақ  соғыс  әкелген  қайғы  мен  азапты  біздің  халқымыз  ешуақытта  есінен

шығармайды.

Аудан  бойынша  әлі  де  болса, санын  анықтауды  қажет  ететін  деректерге  жүгінсек, 2000 – ға  жуық  жауынгер  майдангерлердің  елге  оралмағаны, белгісіз  кеткені  байқалады. Оның  ішінде  біздің  аталарымыз, туыс  бауырларымыз  бар  екендігін  естен  шығармаймыз. Бұдан  артық  қайғы  мен  қасірет  бар  ма?

Құрметті  балалар, келер  ұрпақ!   Енді  соғыс  өрті  жанбасын, еліміз  тыныш  болып, бейбіт  өмір  сүрейік  дей  келе  сендерді  9 – мамыр  Жеңістің  65  жылдық  мерекесімен  құттықтаймын.

 

1-оқушы:Адам  тарих.Адам  кешкен  жолын  ұқ,

Неше  ұрпақ  күнтізбектен  алындық.

Бүкіл  жерді  бүркеп  ұстап  зұлымдық,

Қанша  тер  мен  қан  ұрттады  зұлымдық.

Сұрапылдан  дауа  таппай  шерленген,

Әлем  демін  әрең  алды  шеңберден.

Ажыратып  қанды  қара  шеңгелден,

Жарып  шықты  қарғыс  пенен  дозақтан.

 

Бастаушы:  Мөлдір  аспанды  бұлт  қаптады.Шаттық  әні  қайғылы  үнге, нұрлы  күнді  қара  түнге  айналдырмақ  болды. 1941   жылы  22  маусымда  фашистік  Германия  Кеңес  Одағына  опасыздықпен  шабуыл  жасады. Бұл  халық  үшін  ауыр  кезең  болды.

 

2-оқушы:  Отанымызға  қатерлі  күн   туды. Еліміздің   көптеген  ер – азаматтары  майданға  аттанды.

 

Көрініс: «Майданға»  әні. (солдат  киімді , мылтық  асынған  оқушылар  өтеді).

 

3-оқушы:  Барлық  жұмыс  соғыс  талабына  сай  ұйымдастырылды. Партизан  отряды  құрылды. «Бәрі  де  майдан  үшіін»  деген  ұран   тасталды.

 

Бастаушы: Еңкейген  кәрі, өрімдей  жас, еңбектеген  балаға  дейін  елі, жері , Отаны  үшін  арпалысты.

 

4 — оқушы: Қаһарлы  күндер  өттің  арпалыста,

Құныққан  қан  құмарлар  қанша  қысса.

Мызғымай  болат  қорған  армиямыз,

Бір   адым  бастырмады  алты  ай  қыста.

 

5 — оқушы: Тойтарып  анталаған  жаудың  бетін,

Көрсеткен  батырлықтың  құдіретін.

Жиырма  сегіз  батырын  туған  елі

Ардақтап, мәңгі  жасар  құрметін.

 

6 – оқушы: Қас  дұшпан  қаһар  төгіп  келген  шақта,

Өңмеңдеп  Москваға  төнген  шақта.

Гастелла  жарқ  — жұрқ  етіп  найзағайдай,

Ауды  өртеп, өмір  берген  келер  сапқа.

 

7- оқушы: Тастар  көкке  атылды,

Орман  шулап, тау  құлап.

Жиырма  сегіз  батырды,

Жеңе  алмайды  жау  бірақ.

Оқ  астында  зулаған

Туған  жермен  бір  болып.

Жау  алдында  тұрады,

Жиырма  сегіз  шың  болып.

 

8- оқушы: Танктер  Москваға  келді  төніп,

Ағылды  жау  әскері  желіктеніп.

Ұшқыштар  біздің  сонда  түйілгенді,

Отына  пулеметтің  ерік  беріп.

 

Ән: «Катюша»

 

9- оқушы: Оқ  борады  күні – түн,

Жапты  жерді  от  қарып.

Алға  қарай  ұмтылды,

Батыр  қазақ  Тоқтаров.

Туын  жықпай  қолдағы,

Өжет  болды  елі  үшін.

Кеудесімен  қорғады,

Ар  намысын  елінің.

 

10- оқушы: Отанға  жаулар  қаптады,

Опасыз  жаулар  тапталды.

Қасиетті  жері  үшін,

Қастерлеп  батыр  елі  үшін.

Әлия, Мәншүк, Төлеген,

Жаудың  көзін  жойды  олар.

 

1 – оқушы: Даламыздың  гүлісің,

Балауса  гүл, балғын  қыз.

Жанын  қиып, халқы  үшін,

Жанып  түскен  ақ  жұлдыз.

Мәңгі  жасап  жерде  енді,

Биік  бол  деп  таулардан.

Сенің  балғын  бейнеңді,

Жасап  қойдық  мәрмәрден.

 

2-оқушы:  Сілкінтіп  зеңбіректер  көктің  жүзін,

Оқ  борап, снарядтар  қаққанда  ызың.

Қаптаған  қалың  жаудан  тайсалмаған,

Мен  көрдім  пилоткалы  қазақ  қызын.

Қыр  қызы  орындады  берген  антты,

Халқына  адал  болу  ердің  салты.

Елі  үшін  қасық  қанын  аямаған,

Жүректе  мәңгі  өшпейді. Мәншүк  аты.

 

3-оқушы: Бақыт  деген  келер  дәйім  күреспен,

Бақыт  үшін  қарт  бабалар  күрескен.

Бақыт  үшін  арпалысты  әкелер.

Тек  бақытқа  қол  созумен  ұл  өскен.

 

4-оқушы: «Көк  түтінге  көмемін  деп  көгімді,

Ес  жидырмай  еземін», — деп  елімді.

Келді  фашист – жеңе  алмады  бірақ – та,

Бақыт  үшін  қаншама  қан  төгілді.

Көрші  үйіне  қара  қағаз  келіпті,

Қайран  аға  қан  майданда  өліпті.

Ерлігіне  ескерткішті  орнатып,

Жолдастары  басына  гүл  қойыпты.

 

5-оқушы: Ұлы  Отан  соғысында  ерлік  көрсеткен, ата – бабаларымыздың  ерлік  істерін  құрмет  тұтып, еске  алып, әруақтарына  бас  иеміз.

 

 

6-оқушы: Ер  есімі – ел  есінде. Кір  жуып, кіндік  кескен  жері  үшін, аялап, әлпештеген  елі  үшін, жанған  отқа  түсіп, жалын  кешкен, ер – азаматтар  естен  мәңгі  шықпайды. Олар  тарихта  өшпес  із  қалдырды.

 

 

Бастаушы: Халық  тыныштық  үшін, бақытты  өмір  үшін  күресті. Сондықтан  да, әділетсіз  соғысты  бастаған  фашистік  Германияны  жеңіп  шықты.

 

Ән: «Жойылсын  жалғыз  сөз  соғыс  деген».

 

7-оқушы: Екі  дүние  айқасты, майдандасқан  алаңда.

Фашистерді  шайқаста

Езгіледік  табанда.

Бейбітшілік  орнаттық.

Күн  ортақ  барлық  адамға.

8-оқушы: Сол  сұрапыл  қанды  ұрыста

Түн  түңдігі  түрілген.

Күн  күлімдеп, таң  шапағы  білінген.

Сол  сұрапыл қанды  ұрыста

Біздің  ерлік  танылған.

Әрбір  көше, әр  бұрышта

Жеңіс  дабылы  қағылған.

 

Ән: «Ана  туралы  баллада».

 

9-оқушы: Жеңіс  келді  далама,

Жеңіс  келді   қалама.

Жеңіс  келді   әке  боп,

Елдегі  бар  балаға.

Жеңіс  келді   ән  көріп,

Келді  ауылға  сән  болып.

Жеңіс  келді    алақай,

Тойып  жейтін  нан  болып.

 

Бастаушы: Ұлы  Отан  соғысы  жеңіспен  аяқталып, еліміз  бейбіт  өмірге  көшті. Кеңес  халқының  алдында, соғыс  зардаптарын  жою, экономика  мен  мәдениетті, өнеркәсіпті, ауылшаруашылығын  ғылым  мен  техниканыдамыту  міндеті  тұрды.

 

10-оқушы: Арылтып  жерден  жауымды,

Табанға  шаншып  өлімді.

Жеңіспен  желпіп  өмірді,

Десеңдер  бұл  қай  күні? –

9  май  күні!

Кептерлер  қалқып  көкте  ойнап,

Қызыл  ту  шалқып, көк  бойлап.

Мәре – сәре,  мәз – мәйрем,

Отанымыз  той  тойлап,

Десеңдер  бұл  қай  күні? –

9  май  күні!

 

1-оқушы: Ер  азат, еңбек, ерлік, ел  көрікті,

Еңбектің  өрнегімен  жер  көрікті.

Мыңдаған  қазақстан  күрескері,

Жеңіске  жеткізді  елін, ерлерін  елі

2-оқушы: Қазақстаным!

Даңқыңды  тағы  өрлеттің.

Дыбысың  дауыл,

Тағы  да  шырқап, сен  кеттің!

 

3- оқушы: Мен  қазақпын, биікпін, байтақ  елмін!

Қайта  тудым, өмірге  қайта  келдім.

Мен, мыңда  бір  тірілдім  мәңгі  өлмеске,

Айта  бергім  келеді, айта  бергім.

 

Ән: «Қазағым  менің!»

 

4-оқушы: Қақ  жүрегім, дүрсіліңді  ұлғайт  сен,

Жеңісіңді  бар  әлемге, Күнге  айт  сен.

Не  десең  де, сенің  сөзің  қуатты.

Күнім  сөйле, тағы  да  сөйлей  түс  таңым.

Қаптап   көкке  абырой  мен  баққұсың.

Самға, самғай  бер  менің  Қазақстаным!

 

5- оқушы: Күн  көзін  бұлт  баспасын,

Енді  соғыс  болмасын.

Қабаққа  қайғы  қонбасын

Жер  бетін  өрт  шалмасын,

Әр  күні  бейбіт  таң  оятып,

Әр  күні  көкке  күн  шықсын!

Күрсінбесін  аналар,

Күле  берсін  балалар!

 

Ән: «Атамекен»