Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл.

65

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл.»

Сабақтың мақсаты:Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіз алғалы 20 жыл ішінде жеткен

табыстарымен таныстырып,білімдерін нығайту.

Отанын құрметтей білетін,болашақта Қазақстанды өркендетуге өз

үлесітерін қосатыназамат тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Туған жер туралы қанатты сөздер. «Туған ел-тұғырың,Көк туың қыдырың», «Туған жер-алтын бесігің». «Отан үшін күрес-ерге тиген үлес»

Барысы:1.Ұйымдастырушылық кезең.

Мемлекеттік әнұран орындалады.

Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толу мерекесіне арналып отыр.

А)Қызығушылығын ояту.

-Біз қазақ мал баққан елміз,ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Басымыздан құт-береке қашпасын деп,найзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз,басымыздан сөз асырмаған елміз.Достықты сақтай білген елміз,дәм-тұзды ақтай білген елміз.

Осылай деп кім айтқан еді?

-Қаз дауысты Қазбек би

Ә)Мағынаны тану.

Ия осылай деп тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған қаз дауысты Қазыбек би болатын.Ата-бабамыз аңсаған сол тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толғалы отыр.

16 желтоқсан 1991 жылы республикамыз егемендік алды.

Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық.

1-оқушы:1991 жыл-нарықтық экономикаға көшкен жыл.

2-оқушы:1992 жыл-қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров ғарышқа ұшты.

3-оқушы:1993 жыл-Ұлттық теңгеге көшу жылы.

4-оқушы:1994 жыл-Еуразия одағын құру туралы конференция болды.

5-оқушы:1995 жыл-Қ.Р.конституциясы қабылданды.

6-оқушы:1996 жыл-Мемілекеттің жаңа әнұраны.елтаңбасы,туы қабылданды.

7-оқушы:1997 жыл-жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.

8-оқушы:1998 жыл-халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.

9-оқушы:1999 жыл-ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы.

10-оқушы:2000 жыл.мәдениетті қолдау жылы.

11-оқушы:2001 жыл-тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл.

12-оқушы:2003 жыл-Н.Назарбаевтың  «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы жарияланды.

13-оқушы:2005 жыл-«Қазақстан экономикалық,әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдау жарық көрді.

14-оқушы:2008-09 жыл-Қазақстанда берілетін жәрдем ақы,айлық табыс,пенсия көлемі жоғарылап халықтың әлауқаты артты.

15-оқушы:2010 жыл-Елбасы Назарбаевтың «жаңа он жылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстан жаңа мүмкіндіктері» жолдауы жарияланып,ел экономикасы жоғарғы қарқында дами бастады.

Ой-толғаныс.

Оқушылар өз шығармашылықтарынан өз өлең-жырларын оқиды

Бекнұрдың шығармашылығынан:

Отаным-жүрегім сен,

Күш алам өзіңнен мен.

Жаралғам топырағыңнан

Нәр алғам бұлағыңнан

Сен үшін күресемін,

Аялап құшақтасып

Өтермін өзіңменен

Еркебұлан шығармашылығынан:Әнұраным-айбыным,

Қымбатсың маған

Бар шыным.

Естігенде жүрегім

Тебіренер бұлқынып.

Шырқалшы әнім

Мәңгілік !

Туған жер,отан туралы мақал-мәтелдер айтып талқылау.

«Отанды сүю от басынан басталады»       «Туған жер тұғырың»  «Отан оттан да ыстық»т.б.

Тәрбие сағатын қорытындылау.

Міне егемендігімізді алып,Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп,небір қиындықтарды артқа тастап,жаңа экономикалық өрлеу үстінде.Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы.Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді.Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін.

Еліміздің Егемендігі жасай берсін!