Еңбек пен бақыт егіз.

Тақырыбы: Еңбек пен бақыт егіз.
Мақсаты: Оқушының жеке қабілетіне сай рухани, шығармашыл, өз отанын сүйетін, өз бойындағы құндылықтарын сақтап дамытатын саналы, білімді, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Оқушылардың бойына рухани тәрбие беру, олардың ой өрістерін, ойлау қабілетін, сөздік қорларын молайтуға ықпал жасай отырып, өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ — жауап
Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайдтар
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсатымен таныстырып өту.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
«Еңбектену дегеніміз не?» тақырыбында жазылған эсселерін шолу жасау.
III. Еңбек және бақыт дегеніміз не? Топтастыру тәсілі арқылы оқушылардың ойларын білу:
Еңбек
Бақыт
IV. Әңгімелесу арқылы оқушылардың сүйіп істейтін істері туралы әңгімелесу.
Сүйіп істеген іс шаршатпайды.
халық мақалы.
V. Мақал мәтелдердің жалғасын табу.
Жалғастырып көр
1. Еңбек етсең ерінбей……
2. Еңбек ер…….
3. Еңбек түбі……
VI. Байлық, бақыт және ақыл туралы ертегіні тыңдау.
VII. Өз жерлестіріміздің өз еңбегі арқылы бақытқа жеткен адамдар туралы тоқталып өту.
Мадина Ералиева, Роза Бағланова, Күлән Қалымбетова, Ғани Мұратбаев т. б
Оқымысты — ойшылдар бар ғұлама,
Түлеп ұшқан мектебімнен қияға.
Еңбек – іздену, үйрену, көмек көрсету, оқу, қамқор болу, нәтижеге жету.
Бақыт — Қуанышқа бөлену, сезіну, қадірлі болу, адалдық, мақсатқа жету, өз еңбегінің жемісін көру
VIII. Қорытынды.
Адал еңбектің нәтижесі адамды
қуанышқа бөлейді. Адам өз
мақсатына ерінбей еңбек
еткенде ғана қол жеткізе алады.
Бір — бірімізге еңбектеріміздің жемісті болуына
тілек білдірейік…