Тақырыбы: «Әке мен ана»

25

Бағыты :  Әлеуметтік мәнді және жеке мәдениетін қалыптастыру .

Тақырыбы:  «Әке мен ана»

Мақсаты: • Оқушыларға осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да, парасатты азамат болуға тәрбиелеу.
• Халқымыздың асыл да, абыройлы қасиеттерін, құндылықтарын бойына сіңіруге, адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу
.

 

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Көрнекілігі:  суреттер.

Барысы: Ұйымдастыру.

  • Тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.
    Ана баланы тоғыз ай көтеріп, дүниеге келтіріп қана қоймайды.


Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұзды бесік таянған, —


да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана.

Әке — әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әкелердің орны ерекше. Бұл жағынан аналардың балаларына: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отырады.

 

  • Балалар сендер өз әкелерің мен аналарыңа қандай қамқорлық жасайсыңдар?.
  • Кім әке мен анасына қолғанат болады?

Сергіту сәті.

         Қане, сапты түзейік,

         Тіземізді  бүгейік.

         Ыршып алға  түсейік,

         Ыршып артқа түсейік.

         Көбелекше  ұшамыз,

         Отырамыз, тұрамыз.

         Сергітуге  мың  алғыс!

Қорытынды:

Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір — қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау — әрқайсымыздың ұлы парызымыз.

.