Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»

50

Бағыты :Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру.

Тақырыбы:  «Құстар біздің досымыз»

Мақсаты:Қанатты   жануарлар- құстардың   табиғаттағы  тіршілігі туралы  соның  ішінде  жабайы  құстар мен үй құстары  туралы, олардың тіршілігі, дене бітімі, дамып-өсуі туралы түсінік беру. 2) Құстар әлемі туралы   құстарға  қатысты   халық  болжамдары,  құстардың емдік қасиеттері, үй құстарының пайдасы туралы айта отырып,  тілін, ой-қиялын,  ұштау, дүниетанымын қалыптастыру,   құстар   әлеміне   деген   қызығушылығын   арттыру,  өз  ойларын  ашық  айтуға,  еркін   сөйлеуге  дағдыландыру. 3) Табиғаттың  жаршысы- құстарды қорғауға, олар туралы білімдерін  кеңейтуге,   үй    құстарын   асырай   білуге   тәрбиелеу.

Көрнекілік: құстардың суреті, құстар туралы тағлым сөздер

 

Түзету мақсаты: Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын бақылап түзету.

Барысы: Ұйымдастыру.

-Аппақ, аппақ  дала,

Аппақ  ауыл, қала.

Жапалақтап  ақша  қар

Жауа  берсін, жауа.

Көңіліміз  қаласа,

Сыртқа  шығып  таласа

Шана  теуіп  ойнаймыз,

Қыс айлары  тамаша.

-Жылдың  қай  мезгілі?

-Қыс.

-Қыс  айларын айтамыз?

-Желтоқсан,қаңтар,ақпан.

-Қыста  ойналатын қандай  ойындарды білеміз?

II.Үй  тапсырмасын  тексеру    Ойын: «Шанамен саяхат»

Сұрақтары:

1.Жануарлар  дегеніміз не?

2.Жабайы  аңдар дегеніміз  не?

  1. Жабайы  аңдарды ата?

4.Үй  жануарлары дегеніміз  не?

5.Үй жануарларына  нелер жатады?

6.Неге сүтқоректі жануарлар деп атаймыз?

7.Жабайы  аңдардың қандай  пайдасы бар?

III.а\ «Ойға  шабуыл»  Суретті  жұмбақтар    шешу

Өзі сақ,өзі ұсақ,

Шықылықтап тұрмайды

Құйрығы ұзын,өзі ала

Бұл қандай құс?    (Сауысқан)

Көлдің көркі,сәні екен

Ұшқанда сазды ән екен.

Ақындар оны мақтаған

Адамдар қорғап сақтаған

Бұл қандай құс?     (Аққу)

Тоқ-тоқ етіп

Ағашты ояды.

Ондағы құрттарды

Тауысып қояды.    (Тоқылдақ)

Жер көкті кезіп

Тамағын табады.

Үйіме үйін

Балшықтан салады.  (Қарлығаш)

-Адам қай құсты аң  аулауға пайдаланады?  (Бүркіт)

Жануарлар әлеміне не  жатады?

Ж а н у а р л а р

Құстар-қанатты  жануарлар деп аталады.Олар өз беттерінше өмір сүреді.Дамиды,көбейеді.

Құстардың түрлері өте көп.Олардың көбі пайдалы.Мысалы: егістікке зиян келтіретін насекомдармен қоректенеді.Оларды еті үшін аулайды
Ж а б а й ы   қ ұ с т а р
Ү й    қ ұ с т а р ы

Құстар туралы қосымша түсінікті  саз  пәнінің  мұғалімі  жүргізеді.

Сергіту  сәті   (Құстар  қайтып  барады  әнін  орындату)

. «Халық  болжамдары»

  • Торғай  шаңға аунаса, жаңбыр  жауады.
  • Торғай  терезеге  қонса, күн  суытып, аяз  болады.
  • Әтеш  қыстыгүні  бір  аяғын  көтеріп  тұрса, аяз  болады.
    Аязды  күні  қанатын  қақса, аяз  сынады.
  • Қыста  қаздар  қаңқылдаса, жылы  болады,

аяқтарын  бауырына  тығып  жатып алса, күн суытады.

 «Есіңе  сақта!»  айдарымен

  • Құстардың  ұясын бұзба, балапандарына  тиіспе.
  • Құстарды  атуға  болмайды.

 Қорытынды. Ойын : «Бұл қай құс?»