6 «А» сынып оқушыларының облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына саяхатқа баруы туралы анықтама

160

6 «А» сынып оқушыларының облыстық

М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына  саяхатқа баруы туралы анықтама

Мектепішілік тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес қаңтар айында 6 «А» сынып оқушылары облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына саяхатқа барды.

Мақсаты:                                                                                                                                                                           1.оқушыларға  тарихи-өлкетану мұражайы (музейі) жайлы және  тарихшы-өлкетанушы Мұхаметжан Тынышпаев туралы түсінік беру;                                                                                          2.оқушылардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту;                                                                                                                                                                                          3. оқушылардың бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Саяхатқа барған оқушы саны – 17. Саяхат барысында оқушыларға бірінші мұражай туралы түсінік берілді.                                                                                                                                                      Мұражай, музей, (грек тілінде museіon – муза сарайы) – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.

Музей заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Музей ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.

Мұражай негізгі бaғыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи музейлер (жалпы тарих, археологиялық, антропологиялық, этнографиялық, нумиcматикалық, т.б.), көркемөнер музей (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолдaнбалы өнер, театр, музыка кино, т.б. музейлер), ‘‘жаратылыстану музейі’’ (биологиялық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, палеонтологиялық, т.б), техникалық музейлер (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау-кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т.б.), ‘‘кешенді музейлер’’ (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т.б. бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетану музейлері), мемориалдық музейлер (мемлекетке, өнерге, әдебиетке ғылымға еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған музейлер). Музей ісінің негізгі бағыттары – музейлік мұраларды (жәдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (рестоврация), консервациялау, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, музейдің кадрлық жүйесін жетілдіру. Музей жұмыстарын ұйымдастыру түрлеріне: көрмелер, экспозициялар ұйымдастыру, тақырыптық дәрістер, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу, музейлік басылымдар шығару, т.б. жатады.

Оқушыларға алаштың ірі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы, ағартушы, тұңғыш темір жол инженері Мұхаметжан Тынышпаев туралы түсінік берілді.

Мұхамеджан Тынышпаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы Лепсі уезі Мақаншы-Садыр болысында (қазір Алматы облысы, Қабанбай ауданы) туған. Ауыл молдасынан хат таныған соң, 1890 жылы Верный ерлер гимназиясының даярлық сыныбына қабылданады. Мұхамеджан Тынышпаевтың тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пет өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір. Даярлық сыныпты қоса есептегенде, 10 жыл аталған гимназияда оқыған М.Тынышпаев оны үздік (алтын медальмет) аяқтайды. 1900 жылы оқушыны ұлтқа бөліп алаламайтын, білімдіні қадірлейтін гимназия директоры М.В. Вахрушевтің Жетісу губернаторына дәлелдеп жүріп стипендия бөлгізуінің арқасында (ол шақта мемлекет есебінет оқу тек осылай жүргізілген) Мұхамеджан император I Александр атындағы Петербор темір жол транспорты институтына қабылданады. Бұл институтты 1906 жылы бітірген.                                                                                1921-1922 жылдары Түркістан кеңестік автономиясының Жер-су комиссариатында су шаруашылығын басқарды. Ал 1925-1932 жылдар аралығында Қазақстан кеңестік автономиясында жаңа астананы (Қызылорда) жасақтау ісінің бас инженері. Түркістан-Сібір құрылысының жетекші маманы қызметін атқарды. 1922 жылы Ташкентте құрылған «Талап» атты мәдени-ағарту ұйымына басқарма мүшесі болып сайланады. Осы шақта ол бірнеше тарихи еңбек жазды. Оның ел алдындағы елеулі еңбегі — Түркістан-Сібір теміржол құрылысына маман ретінде қатынасуы еді. 1932 жылы сәуір айында тұтқындалып, Мәскеу- Донбасс теміржол құрылысына жұмысқа жіберілді. Бұдан қайтып елге келгенде, 1937 жылы қарашада қайта тұтқындалып, ату жазасына кесілді.

Оқушылар М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейімен танысты.                           «М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚК Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 4 желтоқсан 1973 жылғы № 992-Р жарлығына сәйкес 1 наурыз 1974 жылы («Талдықорған облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі») құрылды. Ал 1993 жылы музей ұжымының бастамасымен ономастикалық комиссия жерлесіміз, қазақтан шыққан тұңғыш инженер-теміржолшы, мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-өлкетанушы Мұхаметжан Тынышпаевтың есімін музейге беру туралы шешім қабылдады.
Жалпы көлемі — 1457 шаршы метр. Музейлік маңызы бар материалдар саны — 24491, оның ішінде 10906-сы — негізгі қорды құрайды. Музейдің экспозициялық залдары келушілерді Жетісу жерінің әсем табиғатымен, ежелгі тарихы және қазіргі күн жетістіктерімен таныстырады. Директоры — Нұртаев Кәкен Бейсенбекұлы, «ҚР Мәдениет қайраткері». Мекен-жайы: Талдықорған қаласы Абай көшесі №245.                                                                                                                                                                                                                                                                 М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі — экспозициясы бүгінгі күн талабына сай  безендірілген көпшілік-ғылыми мекеме болып табылады. Жетісу жерінің бүкіл тарихы мұражайда сақталған. Экскурсияны жүргізген мұражай қызметкері Роза Біржанова да барын сала балаларға түсіндіріп, әр экспонаттың ерекшеліктеріне тоқталды,  халқымыздың ұлттық жәдігерлерімен таныстыра отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырды.  Балалар, әсіресе, осы аймағымыздың шеңберінен табылған Алтын адамға бәрінен де бұрын қызығушылықпен қарады.
Өлкетану мұражайында оқушылар туған табиғатымыздағы түрлі аң-құстар, тарихи жәдігерлер, қолөнер бұйымдары, тарихи құндылықтармен жете танысты. Әр нәрсеге мән бере,  көзбен көру арқылы танып білуге деген ынтасы артып, түрлі сұрақтар қойды. Өзара сөйлесіп, алған әсерлерін сол сәтте-ақ білдіріп жатты.                                                                                                                                                               Оқушылар Қазақстан Республикасы Президентінің саяси және еңбек қызметімен және Тәуелсіз Қазақстан Республикасы   мемлекетін құрудағы еңбектерімен танысты. Сонымен қатар, оқушыларға егемендік еліміздің қалыптасуы, саяси және әлеуметтік реформалары, Қазақстанның әлемдік қоғамдастығы, экономикалық және мәдени  даму кезеңдерімен танысуларына мүмкіндік болды.

Мұражай қызметкерінің айтуынша, қорында қырық жылға жуық уақыт бойы қордаланған аса құнды экспонаттары бар музей жұмысы бұдан былай да өзгеше жандана түспек.

Оқушыларға мұражайдың сыртқы келбеті де ұнады. «Жол картасы» бағдарламасы аясында еліміздің барлық өңірінде дерлік білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және әлеуметтік қамсыздандыру нысан­дары күрделі жөндеуден өтті. Сондай ны­сан­ның бірі – 40 жылға жуық тарихы бар Алматы облыстық Мұхаметжан Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану музейі. Атал­мыш музей «Жол картасы» бағдарламасы аясында бюджеттен бөлінген 15 млн 86 мың теңгеге күрделі жөндеуден өтіп, жаңа келбетке ие болыпты.

 

 

Анықтама жазған:                       Ж.Қ.Ақмолдаева