Қатпарлар. Қатпарлардың түрлері және өңделу жолдары.

159

Сабақтың тақырыбы:      Қатпарлар. Қатпарлардың түрлері және өңделу жолдары.

 

Сабақтың мақсаты:         Қатпарлармен таныстыру және сырын ашу.

 

а) Білімділік:                       Қатпарлардың түрлерін өңдеудің жолдарымен таныстыру,

теориялық білімін шыңдау.

 

ә) Датытушылық:             Қатпарлар туралы ұғымды тереңдету, білім мен біліктілікті

дамыту.

 

б) Тәрбиелік:                        Қатпарларды өңдеудің технологиялық жолдарын меңгерту,

оқушының шеберлік дағдысын қалыптастыру, шығармашылық

ықпал жасау, эстетикалық талғамын ұштау.

 

Көрнекілігі:                          Тақырып бойынша суреттер, буклет, компьютер, инсерт әдісі,

Венн диаграммасы, шаблон, қатпарлардың үлгісі, тех. карта,

үлестірмелі дидактикалық материал, сематикалық карта,

қанатты сөздер, Қазақстан картасы.

 

Құрал-жабдықтар:            Ине шанышқыш, түйреуіш, түсті қағаз, қайшы, сызғыш, қалам.

 

Сабақтың әдісі:                  Топпен жұмыс, инсерт әдісі, Венн диаграммасы, түсіндіру-

безендіру репродукциялау, интеграциялау

 

Сабақтың типі:                 Аралас, теориялық, сарамандық.

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі;

 

  1. Тақтадағы эпиграф:

«Киім – сұлулық ұғымының бір түрі»

М.Горький

«Істі ине тікпейді, икемді қол тігеді»

(мақал)

 

  1. Кіріспе.

«Қыздарға әсемдік жарасады»әні баяу естіліп тұрады.

Атым қатпар

Киімнің бір бөлшегі

Бұйымға сән беремін әшекейлі.

Қолданса түрлерімді модельдерге

Киімнің фасондары өзгереді.

 

  1. Түсіндіру.

Қатпарлардың түрлері және өңделу жолдары туралы жалпы мағлұмат беру. Қатпарлар арқылы киімнің сыртқы бейнесінің өзгеруін мазмұндау.

 

  1. Әңгімелесу.

Инсерт әдісі бойынша жұмыс жасау. «V» — мен не білемін белгісі. Тақтаға қатпарлар туралы не білетінімізді жазайық. Қатпарлар киімнің майда бөлшегі, әшекейі, т.б. оқушылардың барлық айтқандары жазылады. Жалпы қатпарлар туралы ұғымды меңгеруі.

 

  1. Құралдармен жұмыс

Оқушыларды 4 топқа бөлу

1-ші топ – «Шұға»

2-ші топ – «Мақпал»

3-ші топ – «Бәтес»

4-ші топ – «Қамқа»

Топ аттары мата атауларымен аталған.

 

а) Үлестірмелі дидактикалық материал.

Материалмен танысу. Материалмен танысып болдық, енді сұрақтарға жауап берейік. Сұраққа жауап беретін арамызда білімді де білікті қыз бар ма екен?! Біреуі бастап екіншісі, үшіншісі, т.б. жалғастырып аяқтайды.

Әр топта компьютер клавиатурасы бар. Біздің компьютеріміз Отанымыздың басқа қалаларымен интернет жүйесі бойынша жалғасқан. Қалалардан тапсырма келіпті соған жауап береміз.

Кәне, «Шұға» тобы тетікті басайық! Қай қала? Алматы «Сымбат» сән орталығы, факске тапсырма келіп түсті.

Бірінші тапсырма

а) Қатпарлар туралы жалпы түсінік.

ә) Қатпарлардың түрлері

«Мақпал» тобы 2-ші тетікті басайық. Қай қала? Астана «Силуэт» сән үйі.

Екінші тапсырма

а) Өңделу түрлеріне қарай қатпарлар

ә) Қатпарлардың орналасуы

«Бәтес» тобы 3-ші тетікті басайық. Қай қала? Орал «Элегант» сән үйі.

Үшіншіі тапсырма

а) Бант тәрізді қатпарларды өңдеу ерекшелігі

ә) Қаттамалы қатпарды өңдеу ерекшелігі

«Қамқа» тобы 4-ші тетікті басайық. Қай қала? Өскемен «Әсем» сән орталығы.

Төртінші тапсырма

а) Майда қатпарларды өңдеу.

ә) Бір жақты шеке қатпарларды өңдеу.

 

ә) Венн диаграммасын қолданып, материалды тиянақтау.

Әр топқа Венн диаграммасын құру тапсырылады.

Анықтама                                                       Түрлері

Бөлінуі                                                        Орналасуы

 

Бант тәрізді қатпар                                      Қаттамалы қатпар

 

Бір жақты қатпарлар                                     Майда қатпарлар

 

  1. Тақырыпқа қызығушылығын ояту, ынтасын артыру.

«Сән-думан» айдарымен «Сиқырлы қатпар» ойыны. Қатпарлар үлгілерін қолдана отырып, бұйымның фасонын сан алуан модельге құбылту.

 

  1. Қорытындылау.

Инсерт әдісі бойынша жаңа материалдарды пысықтап, қорытындылау. Кестеге қарап «+» жаңа білім бөлімін толықтыру.

 

Инсерт әдісі

 

«V» — мен не білемін «?» — нені білгім келеді «+» — білімді толықтыру
Қатпарлардың түрлерінің сиқырлығы, бұйымды бірнеше фасонға айналдырады. Қатпарлар туралы жалпы мәлімет. Қатпарлардың түрлері. Әр түрлі қатпарлардың өңделу жолдары Киімнің майда бөлшегі, әшекейі. Балалар киімінде де, үлкендер киімінде де кездеседі. Белгілі бір тәртіппен ретпен жатқыза үтіктеліп қайырылған маталар. Киімнің денеге қонымды тұруын, формасы мен конструкциясын реттейді.

 

  1. Оқушы білімін бағалау.

Жетон арқылы бағалау. Қай топ жетонды көбірек жинаса, сол топ білімді топ болып саналады.

 

Қорыта келгенде қатпарлар арқылы киім әшекейленеді, моделі, конструкциясы, өңделу жолдары өзгереді.

 

Қатпарлар – киімнің майда бөлшегі, әрі әшекейі;

– балалар киімінде де, үлкендер киімінде де кездеседі;

– белгілі бір тәртіппен ретпен жатқыза үтіктеліп қайырылған маталар;

– киімнің денеге қонымды тұруын, формасы мен конструкциясын реттейді.

 

Түрлері: 1. Бір жақты қатпарлар;

  1. Қарама-қарсы қатпарлар;
  2. «Бант» тәрізді қатпарлар;
  3. Қаттамалы қатпарлар;
  4. Бір жақты әшекей қатпарлар;
  5. Майда қатпарлар;

 

Өңделу түріне қара бөлінуі: 1. Жатқыза үтіктелген;

  1. Бастыра тігілген;

 

Қатпарлардың орналасуы, сән бағыты мен фасонына қарай: 1. Белден жоғары

  1. Белде
  2. Бөкседе
  3. Бөкседен төмен

 

 

«Бант» тәрізді қатпарды өңдеудің ерекшелігі:

 

«Бант» тәрізді қатпарлар қарама-қарсы және бір жақты қатпарлардың екінші өзге түрі, қарама-қарсы қатпарлар сияқты өңделеді. Тек қана қатпарға жіберілетін қосымша бөлшектің оң жағында орналасады. Қатпарларға жіберілген қосымшаны көктеп, содан кейін белгілі ұзындыққа дейін бастыра тігіп, жатқыза үтіктейміз. Қатпарлардың қайырылған жері қарама-қарсы бағытта бағытталып «Бант» жасайды.

 

 

Қаттамалы қатпардың өңделу ерекшелігі:

 

Қаттамалы қатпарлар қарама-қарсы қатпарлардың екінші өзге түрі. Олардың ерекшелігі бір қарама-қарсы қатпардың ішінде көлемі жағынан біртіндеп кішірейіп, 2-3 қарама-қарсы қатпарлар орналасады.

 

 

Бір жақты әшекей қатпарлардың өңделуі:

 

Бір жақты әшекей қатпарлар матаның оң жағында өңделеді. Қатпарларды ұзына бойы бастыра тігіп, жатқыза үтіктейді.

 

 

Майда қатпарларды өңдеу:

 

Бірінші қатпардың орналасуын белгілеп, сол бойымен қатпарларды қайырып, шетінен 0,5-10 см қашықтықта көктеп, сырып тігеміз.