Сиқырлы математика әлеміне саяхат

189

Сабақтың тақырыбы: «Сиқырлы математика әлеміне саяхат»

Сабақ түрі: кластан тыс сағат.

Мақсаты: Логикалық қызықты есептер шығару, математикалық фокустармен танысу   арқылы оқушылардың математикаға қызығушылықтарын арттыру; шығармашылық ойлау қабілеттерін, өзіндік таныс әрекетін дамыту.

Әдіс-тәсілдері: сыни ойлау, практикалық, сұрақ-жауап, көрнекілікті.

Көрнекіліктері: презентация, жұмыс құралдары, стикерлер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды екі топқа бөлу арқылы топтық жұмысты ұйымдастыру; назарларын сабаққа аудару.
  2. Ынтымақтастық атмосферасын құру. Тренинг «Амандасу»

Сәлем саған, көкте күн!

Сәлем, білім ордасы!

Жастық шақтың көктемі,

Жақсылықтың жолдасы.

  1. «Оңай көбейту тәсілі»
  2. «Екі таңбалы санды 11-ге көбейту»
  3. 5-ке аяқталатын санды өзіне-өзін көбейту.

35•35=1225

Бірінші санның ондығын екіншісін 1-ге арттырып, яғни

3•4=12 және оған 25-ті тіркеп жазу керек.

45•45=2025

75•75=5625

  1. «Фокус»
  2. Конвертке 1089 санын жазып қою. Оқушыны сыртына 3 таңбалы сан жазғызу. Екі шеткі цифрының айырмасы 1-ден үлкен болатын. Екі шеткі цифрын ауыстырып, үлкен саннан кішісін азайту. Тағы да екі шеткі цифрын ауыстырып, айырмаға қосу. Шыққан сан 1089 болады.
  3. Cіріңкеден құралған фигуралар
  • 16 сіріңкеден құралған фигурадан 4 сіріңкені ауыстырыңдар,сонда үш шаршы құралуы керек.
  • Сіріңкеге қол тигізбей, теңдік дұрыс болатындай етіп қатесін түзеңдер

 

  • Төрт шаршы шығу үшін , 12 сіріңкеден құралған фигурадан 3 сіріңкені алмастырыңдар.
  1. «Көңілді есеп»

 

Жауабы: 5000. (4100 емес)

 

 

 

  1. Логикалық фокустар.
  • Келесі суретті тап.
  • Артық фигураны көрсет.
  1. Бұл бөлімде 2 топтың топбасшылары бір-бірлеп ортаға шығып, «Математиканы не үшін оқимыз?» тақырыбы бойынша шешендік шеберліктерін көрсетеді.

   Сабақтың қорытындысы: 1. Бағалау. Марапаттау.