Белдемшенің шығу тарихы. Бел бұйымдары. Белдемшеге қажетті өлшемдер.

154

Cабақтың тақырыбы: Белдемшенің шығу тарихы.

Бел бұйымдары. Белдемшеге қажетті өлшемдер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:                Оқушыларға белдемше тарихы және  белдемше          түрлері ,   типтері, стилдері туралы түсініктеме беру.

Дамытушылық:        Теориялық білімдерін іс жүзінде шағармашылықпен көрсетуге  ықпал ету, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік:               Берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарау, өзіне талап қою, өзіндік іс-әрекет жасауға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру және алғашқы білімді бекіту сабағы.

Сабақ әдісі: интерактивті, сарамандық , топпен жұмыс.

Сабақтың дидактикалық көрнекілігі: тест сұрақтары, интерактивті тақтамен жұмыс, слайд.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет,сызу.

Сабақ барысы: Қызығушылығын ояту: Арнайы тапсырма бойынша топтарға бөлу. Әр топ аттарына сәйкес өткен сабақтарға және жұмбақтар арқылы қауіпсіздік ережелерге шолу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Мағананы тану.

Құрлымы мен ерекшеліктеріне қарай киім иық және бел бұйымдары болып  бөлінеді.

Белдемше ежелгі киімдердің бір түрі мықынға оралған байлауыш. Бұл белдемшенің бастапқы үлгісі. Тас ғасырынан белдемше ретінде аң терілерін пайдаланған.

. Ой қозғау:

Интерактивті тақтадағы бел бұйымдары үлгілерімен жұмыс

Белдемшенің шығу тарихы.

Испанияның орта ғасырдағы әйелдері дүрия белдемшелерін асыл тастармен,металдармен әшекейлеген.Ол өте ауыр болғандықтан оған арнайы қаңқа- кринолиндер жасалған.

Шотландияда белдемшелер тек қыздар мен әйелдер киімі емес, ұлдар мен ерлердің ұлттық киімі болып саналған.17 ғасырда францияда сән заң шығарушылары болған.францияда әйелдер ВЕРТЮГАРДАН деп аталатын белдемше киген.

19 ғасырда орыс деревниясында ПОНЕВА белдемше түрін киген. 19 ғасырдың бірінші жартсында каркас- кринолиндерді жылқы қылынан тоқылған зығыр тысты маталар ауыстырды. 19 ғасырдың екінші жартсынан бастап белдемшелер кринолинсіз тігіле бастады. 20 ғасырда белдемшенің ұзындығы өзгере бастады.1965 ж қысқа белдемше, шалбар –белдемше  сәнге айналды.

Белдемшелерді силуэттері бойынша топтастырады

  • тік етекті
  • тар етекті
  • кеңетекті
  • конус етекті
  • қиық етекті

СЛАЙД  белдемше түрлері

Белдемшені дайындау бірізділігі:

— Өлшем алу

— Белдемшенің негізгі сызба торын тұрғызу

— Белдемшені моделдеу

— Мата шығынын есептеу

— Декатирлеу

— Пішу

— Бөлшектерді өңдеуге дайындау

— Бөлшектерді біріктірудің технологиялық картасын құрастыру.

— Белдемшені тігу.

 

БЕЛДЕМШЕГЕ ҚАЖЕТТІ ӨЛШЕМДЕР:

Белдің жарты орамы БЖО

Мықынның жарты орамы МЖО

Бұйым үзындыңы БҰ

Арқаның белге дейінгі ұзындығы АБ ұз

 

ОЙ ТОЛҒАНЫС: Ой-қиял үлгісі. Сән үлгілері  әр топ арнайы дайындалған маталар, тоқыма күртешелер,акссесуарлар арқылы сән үлгісін көрсету, оқушылардың ойларын тыңдау, пікірлесу.

 

Қортындылау  Тест жұмысы.

Оқушыларды бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бел бұйымның сызбасын сызуға арналған өлшемдер

 

Өлшем атауы Әріптік көрсеткіші Қолдануы Өлшемді қалай алу керек
1 2 3 4
Белдің жарты орамы

 

БЖО Бұйымның бел кеңдігін  анықтау Бел сызығымен көлденең орамды айналдыра
Мықының жарты орамы МЖО Бұйымның мықын кеңдігін анықтау  

Көлденең орамды айналдыра; алдыңғы бойда қарын шығыңқылығы ескеріледі

 

Арқаның белге дейінгі ұзындығы АБҰ Арқаның белге дейінгі арақашықтығын анықтау Жетінші мойын омыртқасынан бел сызығы тұсына дейін, омыртқа ұзына бойына

 

Бұйым ұзындығы

 

БҰ Бұйым ұзындығын анықтау Бел сызығынан бастап қалаған узындықта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тап — тап тап жорға, табаны жоқ боз жорға

Желіп кетсе жеткізбес, жерге түссе таптырмас

 

ӨЗГЕГЕ КИІН ДЕЙМІН, ӨЗІМ КИІНБЕЙМІН

 

 

Көрмедім еш үйіңді,қолданбас бұл бұйымды

Жазып қыртыс – тыртысын, қонымды етер киімді.

 

Басы да екеу, аяғы да екеу

 

Сүңги – сүңги сүйретпемді жоғалттым

 

Жарқылдаған қос қылыш,

Қолға тисе жоқ тыныш

 

Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне,

Киім тігіп береді өзіңе.

 

Тұмсығы мықты,

Ой мен қырды тегістеп шықты

 

 

 

ИНЕ – инені арнаулы қобдишаларда ұстау керек. Инені киімге қадауға ауызға салуға болмайды.

Қайшыны арнаулықобдишада ұстау керек, қайшыны ашық қалдыруға болмайды.

Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқанда көңілін бөлме.

Үтік. Жұмыс басындаүтік баусымының жарамдылығын және үтіктің табанын тексеру керек. Жұмыс соңында үтікті өшіріп, орнына қою керек.

Машина. Шашты орамал астына жина. Киімді түймеле.Жұмыс үстеліне артық затты қойма.

Саусақты иненің қасына жақындатпа.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТЕСТ

  1. Зығыр мата қандай талшықтарға жатады.

а. химиялық, ә. қоспалы, б. табиғи, в. синтетикалық,

  1. Ұзына бойына орналасқан жіптер.

а.  арқау, ә.негізгі, б. жуан, в. қатты,

  1. 1900 ж Ресейдің қай қаласынан ЗИНГЕР зауыты ашылды.

а  Москва, ә. Подольск, б. Астрахань. в Петербор

  1. Адам тұлғасын өлшеу үшін қандай құрал қолданады.

а  сызғыш, ә. см. таспа, б метр, в жіп

  1. Көкөністер түрлерін ата.

а асқабақ, баклажан, ә. күріш, бидай, б. алма, алмұрт, в. қарақұмық, арпа.

 

 

ТЕСТ

  1. Адам денсаулығының негізі неде?

а. тазалық пен гигиенаны сақтауда, ә. дұрыс тамақтануда, б.белсенді демалуда, в. барлығы дұрыс.

  1. Винегрет салатына қосылатын негізгі көкөніс.

а.сәбіз, ә. картоп, б. қызылша, в. жұмыртқа.

  1. Матаның екі жағындағы тарқатылмайтын жіптері

а. жиегі, ә. негізгі, б. арқау, в. қатты.

  1. Алжапқыш пен орамал не үшін қажет?

а. сән үшін, ә. тазалық сақтау үшін, б.м күнделікті киіп жүру үшін,

  1. Төменгі машиналардың қайсысы педальсіз жұмыс істейді?

а. электірлі, ә. аяқпен, б. қолмен тігетін машина, в. арнайы машина.

 

ТЕСТ

  1. Матаның көлденең орналасқан жібі.

а. негізгі, ә. арқау, б. жуан, в. қатты.

  1. Қандай тағамды пісірмей жеуге болады.

а. картоп, ә. нан, б. асқабақ, в. қызанақ

  1. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек?

а. таңертең, ә. Түсте, б. кешке, в. түнде.

  1. Тігін машинасының «әкесі» деп кімді айтады?

а Иссак Зингер, ә. Д. Пири, б. Элиос Хоу, в. Леонардо да Винчи.

  1. Мақта маталары қандай талшықтарға жатады?

а. жасанды, ә. синтетикалық, б. табиғи, в. химиялық.

 

 

 

 

 

 

 

                                       ТЕСТ

  1. Суреті анық,беті жылтыр болса қандай жағы болады?

а. оң жағы, ә. сол жағы, б. астар жағы, в. теріс жағы.

  1. Инені матаға шаншып тігу үшін нені пайдаланамыз?

а. см. таспа, ә. ине, б. оймақ, в. қайшы.

  1. Бір немесе бірнеше көкөніс түрлерінен дайындалатын салқын тағам.

а. салат, ә. кеспе, б. көже, в. бутерброд

  1. Ең алғаш тігін машинасы қай ғасырда пайда болды?

а. 15 ғ, ә. 17ғ, б. 16ғ, в. 19ғ.

  1. Матаның қай жақ жібі созылмалы болады?

а. арқау жіп, ә. негізгі жіп, б. жиегі, в. тартпа жібі.

 

                                 

ТЕСТ

  1. Әйелдерге арналған алғаш үлгілер шыққан орталық

а.  Милан,  ә.   Лондон,  в.  Париж

 

2   Мода неге байланысты өзгеріп отырады?

а.  адамның дене бітімі ә. қоғамның өзгеруіне б. салт-дәстүрге

  1. . Табиғи талшыққа жатпайды –

а мақта ә. джут б. капрон

 

  1. Табиғи маталарды ата?

а. капрон, бөз, жүн, штапел ә. жүн, жібек, сәтен, зығыр б. ацетатты жібек, жүн, драп

 

  1. Мода сөзінің аудармасы

а киіну ә.  өлшем б. үлгі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлкей Марғұлан атындағы

№40 орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Белдемшенің шығу тарихы. Бел бұйымдары. Белдемшеге

                 қажетті өлшемдер.

 

 

Пән мұғалімі: Бекенова Р.Н.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана қаласы

Мен, Бекенова Рысты Нұрғожақызы, 2000-2001 оқу жылынан бастап, 5-11 сынып оқушыларына технология пәнінен сабақ беремін. Санатым жоғары. Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектепте технология пән мұғалімін. 

МАҚСАТЫМ: Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу және оқытудағы басты мақсатым баланың рухани және денесінің үйлесімді дамуына әсер ететін ой мен еңбек дағдысын байланыстыру.