Отбасы ынтымағы тәрбиеден.

72

Бейнелеу және технология пәні мұғалімі

Шатанова Ақкенже Науанқызы

№42 « Ақ ниет» гимназиясы

 Орал қаласы

Батыс Қазақстан облысы

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: Отбасы ынтымағы тәрбиеден.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Бала бойына сүйіспеншілікті,жылылықты ұялату,ата-анасын

құрметтұтып   ,адал да парасатты ұл мен қыз болуға үйрету.Дамытушылығы: Отбасы ынтымағының ананың  ақ сүтімен ,әке өнегесімен, ақыл

тәрбиесімен берілетіндігін айта отырып,өзіндік ұлттық қасиетімізді

балалар бойына дарыту.

Тәрбиелілігі: Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық,достық

қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд,нақыл сөздер,бейне көрініс т.б

Сабақтың әдісі: пікір алмасу,сұрақ-жауап,интерактивті технология

Тәрбие сағатының бағдарламасы:

I.Қызығушылықты ояту

— Топқа бөліну

  1. II. Мағынаны тану

-« Бұл не»  бейне ролик тамашалау

—  Отбасы-сыйластық,жарастық орнаған орта ( топтық жұмыс)

III.Толғаныс

—    Ынтымақты отбасы (тренинг)

Сабақтың барысы: Оқушылармен амандасу,назарларын сабаққа аудару.

I.Қызығушылықты ояту

-Оқушылар алдымен ортаға жиналып  алдарыңызда жатырған қызыл,сары,көк түсті үйшіктерді таңдап алыңыздар.Ол үйшіктердің ішінде әріптер бар сол әріптерден отбасына байланысты сөз құрастырып сөйлемді аяқтаймыз.

1.Отбасы  …….,……..,…….  мекені,ордасы,ұясы т.б

Әр топ Ынтымақ, жарастық,мейірім тобы болып отырады.

II.Мағынаны тану

Оқушыларға  Торғай туралы бейне ролик көрсету.

-Бұл бейне баяннан нені ұғуға болады?

-Қазіргі уақытта сендердің ата-аналарыңмен қарым қатынастарыңда осындай жағдай болдыма?

Оқушылардың пікірін талдау,ой бөлісу.Содан соң оқушыларға топтық жұмысты таныстыру.

Топтық жұмыс бойынша әр топ өздеріне берілген тапсырманы топпен біріге отырып талдап ойларын бөліседі.Топпен жұмыс кезінде баяу ән тыңдай отырып жұмыстанады

Топпен жұмыс

1-топ

  • Отбасы бала тәрбиесінің түп қазығы

2-топ

  • Балаларға өнер білім берілсін,
  • Сұлу мінез әр өнермен өрілсін

3-топ

  • Ата-ананың қатаңдығына сабыр етейік,әр сөзін зерделеп,мейірімге бөлейік.
  • Отбасы-сыйластық,жарастық орнаған орта,бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы,алтын тіреу діңгегі ата-ана. Баланың берекелі,мейірімді болып өсуіне отбасының әсері мол.Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп немесе ата-ананың,баланың міндетін атқару ғана емес,береке-бірлік сүйіспеншілікпен араласса босағасы берік,шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады,басты қызметі-бала тәрбиелеу. Отбасы-адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың  бас ұстазы –ата-ана» Ата-ана балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын,тылысым  дүние жұмбақтарын  танытып талғампаздыққа  баулиды.Себебі отбасы таным бесігі, үлгі өнеге бастауы.Ата-ана күнделікті өмір тіршілігінде еңбегі адамдық бейнелері,жақсы мінез құлқы, дұрыс қарым –қатынасы  арқылы балаға үлгі.
  • Адамға өмірде ең қымбаты- отбасы. Отбасында сүйіспеншілік,сыйластық, татулық,бауырмалдық болғанда бірлік болады.

Бір-бірін  аялап, кешіре,түсіне білгенде отбасы берік болып ынтымақ орнайды.

 

-Оқушылар жұмыстанып жатырған кезде Ата-аналар мен қатысушы мұғалімдерге сұрақ қою.

Тәрбие ережеден емес,өнегеден тұрады дегенді қалай түсінесіз?

— Бала тентек болатыны –үйінен,

Ердің тентек болатын –биінен  -дегенге айтар ойыңыз?

Топпен жұмыс жасап болған соң әр топ өздерінің жазғандарын ортаға салып талдап шығады.

-Ал енді оқушылар сабақтың басында сендер кішкентай үйшіктерді алған болатынсыңдар.Сол үйшіктердің ішіндегі қағазға бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізбен,ұсыныс-пікірлеріңді немесе өз отбасыларыңыздың ынтымақты,берекелі болуына қосар ойларыңды,атаөаналарыңа тілектеріңді жазып саламыз.Содан кейін әр топ өз отбасыларымен түскен фотоларын үйшіктерінің қасына жапсырып ынтымақ, жарастық,мейірім ауылын жасаймыз.

 

III.Толғаныс

Тәрбие ережеден емес,өнегеден тұрады

Ынтымақты отбасы шаңырағын құру

Шаттық шеңбері:Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

Міне сіздермен біз үлкен  үйдің шаңырағын  құрдық. Осы сияқты біздің отбасы шаңырағымыз  биік болсын дегім келеді.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.

Назарларыңызға рахмет!