Желтоқсан « Бүкіл әлемдік СПИД-ке қарсы күрес күн

345

Тақырыбы: Желтоқсан « Бүкіл әлемдік СПИД-ке қарсы күрес күн

Мақсаты: Оқушыларға СПИД ауруының адам өмірі ұшін қатерлі, жұқпалы екенін және одан сақтану жолдарын түсіндіру.

 

Жүргізуші: Саламатсыздарма, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030»стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен.

Сол бағдарламаға орай бүгінгі өткізілетін «1Желтоқсан- Бүкіл әлемдік СПИД-ке қарсы күрес күніне байланысты жиынды ашық деп жарилаймыз.

Біз СПИД-ке қарсымыз!

Бүкіл әлем күресуде

Індетімен ғасырдың,

Емін әлі  таппады ешкім,

Сол бұл зұлым пақырдың.

Ортаға 6-сынып оқушыларын шақырамыз.

Айша: Жүз бұрсаң нашақорлыққа

Жүресің азап қорлықта

Шайтанның жолын оң санап

Өзіңді досым қор тұтпа.

 

Думан: Он екі мүшең сау бола

Есірткі уға алданба,

Өзіңді өзің құл етер

Жігерсіздікті ар сана.

 

Лариса: Әдетке теріс желеу көп,

Тауып ап өнің жүдеу боп

Сорлатпа, досым, қинама,

Анаңның жанын егеу боп.

 

Балзия: Тамырын умен суарып,

Денсаулық деген егістің,

Шірітіп апсың біразын,

Ғаламат қымбат жемістің.

Инемен таза денеңді,

Тесуге неге келістің?

Көк түтінмен уланып,

Ащы суды неге іштің?

Төсекке асыл азамат,

Ауру шеңдеп құлайсың.

Дәрігерлерді мазалап,

Не үшін енді жылайсың?

 

Жүргізуші: Мектебіміздің 6-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Біз жастар нашақорлыққа қарсымыз» атты көрінісін тамашалаңыз.

Мияссар: — Мә мынаны қараңдар!Мынау кім?

Ақмаржан: — Әй, мынау бізбен оқыған Тимур ғой.

Камила:-Не болып кеткен? Баяғыда бетке ұстар оқушы еді ғой?

Мияссар:— Ия, дәл солай. Мынау Тимур менің парталасым болған. Қандай таныс едік.

Ақмаржан:— 2 жыл ішінде мынадай дәрежеге жеткені ме?

Дінбаян:— Мынау қайсы? Не деп тұрсыңдар? Сендер кімсіңдер? Мен сендерді тіпті танымаймын. Маған анаша болды, менің қасыма тұрмай кетіңдер.

Камила:— Тимур саған не болған.Біз сенен не сұрап тұрық, сен бізден не сұрап тұрсың. Оқуың қайда?Ата-анаңды аямайтын қандай адамсың? Ертеңгі күнде де өзің де ата-ана болмайсыңба?

Дінбаян: Мен сендерді танымай тұрғаным менде ешқандай ес жоқ. Рсындай күйге түсірген мына құрғыр есірткі. Мынау болмағанда өмір сүрер едім. Бірақ мен қазір де бұл есірткісіз өмір сүре алмаймын. Маған көмек керек.

Мияссар: -Құрдас біз саған деген көмегімізді аямаймыз.Сен қазір бізбен бірге жаңа өмірге аттағайсың.

Алтынай: — Жүр кеттік

Бәрі: Біз жастар нашақорлыққа қарсымыз?

Жүргізуші:

Кім мұндайды естіпті,

Есірткі жұртты есіртті,

Иіскеген жастардың,

Жан-тәнін түгел кесіпті.

Сақ болайық, ағайын,

Қатерлі жау –есірткі!

 

Жүргізуші:: Денсаулық дегеніміз-адам жаны мен тәнінің амандығы. Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі әдетте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық- ел дамуының басты арқауы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды. Дегенменде, біздің замандастарымыз соны ескерместен әр түрлі зиянды заттарға ұрынып жатады.

Ортаға 10-сынып оқушылары. Көрініс.

Ауру(Асылан): -Ай, басым-ай, ауырып тұр ғой. Психологтың кабинеті қайда екен а? Мынау ма? Жоқ бұл емес. А, міне таптым. Тук-тук.

Психолог(Алтынай): -Кіріңіз

Ауру(Асылан):- Саламатсыз ба№

Психолог(Алтынай): -Иә, не мазалап жүр, қай жеріңіз ауырады?

Ауру(Асылан): -Мен түнде ұйықтағанда, түсіме таракандардың футбол ойнағаны кіреді. Не істеуім керек бұған?

Психолог(Алтынай):-Қане, басыңызды қарап жіберейін. А, онда мына дәріні ішіңіз, Объязательно бүгін ішіңіз.

Ауру(Асылан):-Ал, ертеңнен баста ішсем қайтеді?

Психолог(Алтынай): -Не үшін, не себептен?

Ауру(Асылан):- Себебі, бүгін таракандардың финалы болатын еді.

Жүргізуші: Шәкірттер алды-артын оңдасын,

Шешілмеген сұрақтары қалмасын.

«Ол кім? Бұл не?» бөлімінде ,

Танымдықпен, білгірлікпен

Жауаптары тыңдалсын,- дей келе «Сұрақтарға жауап беру» бөліміне тоқталайық.

1.Есірткінің әлеуметтік салдары қандай? (отбасының бұзылуы, қылмыстың артуы.)

2.Құрамында этил спирті бар. Ол не? (ішімдік).

 3.Темекі құрамындағы улы зат? (никотин).

4.СПИД неліктен қорқынышты? (ауырғаннан кейін ең көбі 5-7 жыл өмір сүреді, ең жаманы емі жоқ).

5Салауаттылық сөзінің негезгі мағынасы? (Парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, сабырлы).

6.СПИД нашақорларға қалай жұғады? (ортақ пайдаланған инее арқылы).

7.Дүние жүзілік СПИД – пен күрес күні ? (1желтоқсан).

     8.шылымның зияны тиетін мүше? (өкпе)

Жүргізуші: Салауатты өмір салтын қолдайық!

Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!

Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,

Су ішпеген гүлдей болып солмайық!

 

Келесі кезек ән: «Бал балалық шақ» Мұханбеталі Жан Қалдыбаева Амина

Жүргізуші: Шешілмейтін жұмбағы, сұрағы көп

Бұл өмірге келген соғ бір- ақ реет,

Қалу керек өмірдің бұлағы боп,

Денсаулықты сақта, түзу өсесің,

Күнәдан пәк жаннат өмір кешесің

Көрген күнің қараң ғой дерт шалса

Харамменен тәніңді улап не етесің?

Жаман әдет көп шектірер қасірет,

Сақта өзіңді жақсылыққа жетесің!-деп келесі кезекті мектебіміздің дәрігері: Қалиева Гүлсайрам апайға, Мектебіміздің психологі: Сарбупин Өрік апайға, Тәрбие ісінің меңгерушісі: Муханова Зиваш апайға сөз беріледі.

Жүргізуші:

Есірткі жойылсын,

Ішімдік құрысын.

Дені сау қазақтың,

Ұрпағы көбейсін.

Мәдениет өркендеп,

Табиғат көркейіп,

Қазақтың сымбатты

Ұл, қызы көбейсін- деп осымен бүгінгі жиынымызды жабық деп жариялаймыз