Кім болам?

1618

Сабақ тақырыбы: Кім болам?

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа  байланысты ұғымдарын тереңдетіп,қызығушылықтарын арттыру.Мың түрлі мамандықтар  туралы түсінік қалыптастыру.

Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге,

еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық міндеттері, слайд көрсету.

 

1      Мен таңдаған мамандық.

  1. Мамандық дегеніміз не? (оқушылардың пікірі)
  2. Психологиялық сәт
  3. Еңбек және жалқаулық туралы мақал-мәтелдер айту.
  4. Ойын: «Қай мамандық  иесі?»

Барысы:  «Әдептілік  белгісі, иіліп сәлем бергенің» қонақтармен амандасу.

Мұғалім:

Арыстандай айбатты

Жолбарыстай  қайратты

Қырандай  күшті  қайратты

Мен  жастарға  сенемін – деп  Мағжан   ақын  бір  кездері  бекер  айтпаған  болар. Сондықтан , біз ,жастар ,қоғам,халық  алдындағы   борышымызды  сезіне  білуіміз  керек. Болашақ – білімді  жастар  қолында.

Елбасы Н.Назарбаев  білім  алу  үшін   барлық жағдайға  жол  ашқан .

Міне  сол  білімді   саналы  түрде    игере   отырып, Отанымыздың   бір  тетігіне   сапалы  маман  болып  қалану –біздің  басты  парызымыз.

Мамандықтың  бәрі  жақсы .Тек   оны жүрек  қалауымен таңдай  біл.

Сонда  ғана  сенің   сол  мамандыққа  деген  қызығушылығың   артады.

Осы мамандықтың барлығы ұлы тұлға –ұстаз алдынан өтеді.

Ұстаз  болу  -жүректің  батырлығы

Ұстаз  болу –сезімнің  ақындығы

Ұстаз  болу –мінездің  күн  шуағы

Азбайтұғын  адамның  алтындығы – деп  Ғафу Қайырбеков   ағамыз  жырлағандай  дана да ,экономистте,  дәрігерде  бәрі – бәрі де  сөзі маржан,үні  әнші де  ұстаз  алдынан  өтеді. Ғылым  иесі  ғалымда ,ел  қорғаған   батырда, тілінен  бал  тамған  ақында , егін  салған  диқанда,мал  бағып,терін  төккен  шопанда ,көк  күмбезінен  әрі  өткен  ғарышкер   бәрі – бәрі   ұстаздан  тәлім  алған , сондықтан  ұлағатты  ұстаздар ,сіздереге  бүкіл  адам  баласы  құрметпен   бас  иеді.

Мұғалім: —Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.

1-оқушы: Мамандық дегеніміз- адамның еңбек қызметінің түрі.

Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады.

Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

Әсеппаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан,

деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.Біздің таңдауымыз әртүрлі.

Мұғалім: Әрине,біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың.Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

Мұғалім: Сонымен балалар,белгілі бір мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керек екен.Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

  • Мұғалім, кітапханашы,есепші, аспаз, сәулетші, дәрігер, заңгер, шахтер,тігінші,
  • Балалар, сендер қандай мамандықтарды көбірек естисіңдер?
  • Мұғалім, кітапханашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, заңгер, тігінші,т.б.

Ал енді, балалар қазір   «Мамандықтың бәрі жақсы» деген ойын ойнаймыз.

Ал сіздердің   өздеріңіз  армандаған мамандық  туралы жыр –шумақтарыңызды тыңдап көрейік.

Ай-hай,ғажап қандай бұл!

Ал, қане кәсіп таңдай біл:

Аламын қандай мамандық

Алдым да толған таңдау тұр.

Әнші:

Әлемге ән боп жалғанар, Әйгілі не бір тарландар

Әуелей ұшқан аққудың ,Әсерлі үнін ұшқан дәл.

Роза мен Күләштай Әнші болсам не арман!

Дәрігер: 

Ақ халатты абзал жан,

Дәрігерге бәрі таң

Мен де соған қызығам

Болашақта армандаймын

Болсам екен сондай жан.

Емдеп жазып ауруды ,

Тілейтін тез жазылуды.

Дәрігер болғым келеді.

Әскери

Келешекте ел қорғайтын

Еліне бақыт сыйлайтын,

Жамандыққа елін қимайтын

Әскери мен боламын.

Адалдықты қолдаймын.

Жаудан елді қорғаймын.

Ұшқыш: 

Ар- намысын сақтаған, Жүректе сыр жаттаған

Туған елін-ұясын, Жан тәнімен сақтаған

Ұшқыш болғым келеді.

Боксші:

Болашақта мен боксшы боламын,

Жалықпай жаттығамын күн-түн демей.

Әлемге елді танытқан,

Серік ағам сияқты мен боксшы боламын

 

Инженер: 

Мен инженер боламын, Жерден алтын табамын.

Жолын қуған әйгілі, Академик ағаның.

Ақын:    

Ал мен ақын боламын,Сусылдаған қаламым.

Адамдардың жүрегін,Жырмен жаулап аламын.

Фелшер:

Жедел жәрдемде жүретін

Адамға көмек беретін

Ауырып қалған адамға,

Ең бірінші жететін

Фелшер болғым келеді.

Полиция:

Ел  деп  соққан  жүрегі,Ұлы  Отанның  түлегі

Полиция  қорғаным ,Тыным  таппай  жүреді.

Мен  полеции   боламын.

Теңізші:

Үлкен алып кемемен

Мұхиттар мен теңіздерді шарлаймын,

Дауылдарда толқындардан қорықпаймын,

Болашақта мен теңізші боламын.

Суретші:

Суретті керемет салатын,

Суретші мен боламын.

Абілхан атам сияқты

Сурет жолын қуамын.

Суретші болған ұнайды,

Таң қалдырсам талайды,

Суретшілік өнерді

Жүрегім менің қалайды.

Сот:

Әділдіктің жолын іздейтін,

Әділ сотшы боламын.

Сотқа келген халықтың ,

Мәселесін шешетін

Әділ сотшы боламын.

Темір жолшы:

Жұмысым қиын білемін.

Қиын болсада төземін.

Жүйіткіген поездың,

Мен жолдарын жөндеймін.

Кәсіпкер:

Кәсіпкер болсам егерде,Бар әлемді кеземде

Бар пайданы ойламай,Барымды берем мен елге.

Велсипедші:

Велосипед мініп,оданда Вело спортшы болам ба?

Вело жарыс жолында,Великпен желден озам да,

Винакуров секілді мен чемпион боламын.

 

 

 

 

Әскери:

Қорған болар еліне,Пана болар жеріне.

Тәртіпті қажет етеді,Қол ұшын берер өзгеге.

Полиции қызметкерімін Байтақ дала елімнің.

Мұғалім: Ал, балалар, кім  еңбектің -қас жауы жалқаулық  туралы мақал-мәтелдер біледі?.

1.Су-ырыстың көзі. Еңбек кірістің көзі.

2.Ащы еңбектен — тәтті нан.

3.Ермек қуған бәлеге жолығады,Еңбек қуған қазынаға жолығады.

4.Еңбек шаһар түзетеді,Еңбексіздік оны жүдетеді.

5.Жаманға жан жуымас,Жалқауға мал жуымас.

6.Еңбек-ширатады,Өмір үйретеді.

7.Еріншіек түске дейін ұйықтайды,кешке дейін есінейді.

8.Жалқауға сөз,шабанға таяқ өтпейді.

9.Біткен іске сыншы көп,Піскен асқан жеуші көп.

10.Еңбек етпесең елге өкпелеме,Егін екпесең жерге өкпелеме.

11.Еңбектің көзін тапқан,Байлықтың өзін табады.

12.Кім еңбек етсе-сол тоқ.

13.Жұмысы жемістінің-өмірі келісті.

14.Адал еңбек елге жеткізер,Арам қулық елден кеткізер.

15.Жалқаудың жауы –жұмыс.

16.Уақытының бос өткені-өміріңнің бос өткені.

17.Қолыма жұмыс бергенің –жаныма тыныс бергенің.

18.Еңбек етсең емерсің,ерінбесең жеңерсің.

19.Еңбек пен бақыт –егіз.

20..Еңбек адамның екінші анасы

Ана-бұл үлкен ұғым.Болашағымыздан үлкен үміт күтетін ата-анамыз.

Ендеше Ана туралы әнге кезек берейік    Ән  «Аруана»

Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

2- оқушы:  Еңбек –адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған.

Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.

3- оқушы:  Ал мамандық –еңбек қызметінің түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділікті талап етеді.

4- оқушы:   Мамандық латын тілінен аударғанда  ресми көрсетілген іс. Мамандық иесі болу үшін  әдейі оқу керек.

5.Ойын:    «Қай мамандық иесі?»

Оқу білім-бағдары,

Заманының бағбаны? ………………. / Ұстаз /

Жаңалықтың жаршысы,

Қаламының «жолшысы»…………….Журналист

 

Араша тұрар өлімге,

Қай маман бұл-өмірде? ……………..Дәрігер

Еңбек оның-талабы

Сүйікті әні-дала әні,

Егін жайын мәпелеп,

Асырайды елін……………………..диханшы — агроном

-Қалағы  бар қолында,

Кімді айттым ойымда?   (Құрылысшы)

-Ожауы бар қолында,

Кімді айттым ойымда?   (Аспаз)

-Күрегі бар қолында,

Кімді айттым ойымда?      (Диқан)

 

Абай атамыз айтқандай «Болмасаң да ұқсап бақ,бір ғалымды сүйсеңіз.Ондай болмақ қайда деп,айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп,жақсы мамандық иесі болайық!   Жалпы қорыта келгенде мамандықтың бәрі жақсы.Тек қана оны таңдай білу керек.

Болшақта сіздерді үлкен маман иесі  болады  деп зор  үміт күтеміз.

Қазақстанға өз үлесіңді қосатын үлкен азамат болуларыңа тілектеспіз.

                                 Қазақстан  туы биіктен желбірей берсін !

Ән  ұран    «Менің Қазақстаным»