Ұлттық аспаптар

77

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық аспаптар

Мақсаты: Қазақтың  ұмыт болып бара жатқан көне аспаптары туралы білім беру, оқушылардың ой -өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Ұлттық, әдет – ғұрыптарды сақтау, өнер иелерін құрметтеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ұлттық аспаптар, суреттер, домбыра, қобыз, шешендік сөздер, ілінген плакаттар, шиырма кітапшалар.

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Жаңа сабақ.Ұлттық аспаптар.

ІІІ.Ұлттық аспаптармен ойнап көрсету.

IV.Сабақты қорытындылау

 

Қазақтың әуендік аспаптары халық арасына ертеден кең тараған.Олар ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра.Қазақтың әуендерінің өзіне тән үні, орындаушылық дәстүрі бар.Халық өз өмірінде болған оқиғалар мен тіршілік тынысына, табиғат сұлулығына  тебірене, көңілінен жарып шыққан төл туындыларын сазды аспаптар арқылы берген.

Ән мен күй – халық үні.

 

Күй – қазақ халқының аспапта орындайтын музыкасы.Күйдің ән сияқты сөзі болмағанымен, белгілі бір тақырыбы, мазмұны бар.Сондықтан күйді тыңдар алдында оның мазмұнына зейін салып тыңдау қажет.Домбыраны қару еткен ақын, әнші, күйшілер әділетсіздікке қарсы шықты.Оған көптеген әндерімен күйлерін орындады.Өзіміздің Орал облысы Орда ауданында туған Махамбет Өтемісұлы  — ол ақын, әнші, күйші орындаушы болған.Сонымен қатар халық көресін басқарған Жатай Тайманұлының, елден алыста жүргенде сағынып шығарған «Қайран Нарын» күйі бар. Сонымен қатар Құрманғазы атамыз және Дина Нүрпейісова әжеміз өте асқан күйші болған.Домбыраны сөйлете білген нағыз шебер кісілер «Домбыраның пайда болуы туралы аңыз» оқу. «Домбырада кішкене тесік қалай пайда болған?» айту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аңызға сенсек, әуелде домбыра бес шекті болыпты.Ханға баласының қазасын естіру кезінде хан бұйрығымен  домбыраның көмейіне қорғасын құйылды.Содан бері екі шекті және үн шығаратын кішкене тесік пайда  болды.Қаны бар қазақтың үйінің төрінде атамұра домбыраның ілулі тұруы тегін емес. Ата- бабаларымыз домбыраны жай бұйым емес, баға жетпес байлықтың бас деп білген.Сырын да, жыран да, мұңын да домбыраға салған…

Абылдың күйі…

 

 

 

 

Киіз үйдің босаға жағында қол аяғы байлаулы бір алып денелі жігіт жатыр.Ол алаулаған ортадағы оттан көз алмайды.Отты айнала отырған түрікпен жігіттерінің әңгімесіне де құлақ түреді.Бұлар ел қорғап жүрген батырлар емес, жоғалған малын іздеп жүрген  жалғыз атты жолаушыны  ұры деп ұстап алғандарына мәз.Маңғыстау деп аталатын жартылай түбекті, түрікпендер мен Адай деп аталатынқазақ тайпасықатар жайлайтын.Жайылымы мол, сулы жерлер үшін талай соғыс, қақтығыс болып тұрады екен.екі ортада мал ұрлығы да болып тұрыпты.Сөйтіп қазақ жігіт мал іздеген ұры деп байлап тастаған екен.Түрікпен Дутарын алып бұрауын келтіріп шолып шолып жіберіп, зарлы, екпінді күйлерін орындайды.Ол сол кезде байлауда жатқан жігіттің қоржынынан оралған домбыраны алып, тартқызады.Қолы босаған жігіт, қолын ысқылап – ысқылап біраз үндемей отырып, бұрын естімеген күйді тартып жібереді. «Аамдар!Азырақ ақылға келіңдер, бір – біріңмен қиянат жасамаңдар.Құдай берген өмірін өзі алады.Сол өмірде тату болу керек»қиянат жасамаңдар деген ой домбыра пернесі арқылы ағып тұрады.Әсіресе ортада отырған қарт күрсініп «Бостыңдар мына жігітті дейді.Біржола босатыңдар! Атың кім деп сұрайды.Ол Абыл деп айтады.Бұл адам тегіне адам емес.Бұл күйдің аты қалай деп сұрайды.Жоқ. «Ендеше мұны Абылдың күйі деп атайын дейді.Өз жігітіне айтады.Мына күйді үйреніп алып бүкіл түрікпенге тарт тыңдасын деді.Арада қақтығыс бола қалатын болса осы күйді тартып дауды басып отырған.Міне көрдіңдер ме домбыра тілімен неше түрлі дау – жанжалды, қайғыны, қуанышты хабарды адамдар осылай естіртіп, айтып отырған.Домбыраны адам тіліндей сөйлете білген екен.