Тәрбие сағатының тақырыбы: Туған жер – алтын бесігім

263

Тәрбие сағатының тақырыбы: Туған жер – алтын бесігім

Мақсаты: Оқушылардың «Отан», «туған ел» туралы түсініктерін кеңейту, өз елін, туған жерін сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, рухани адамгершілікке тәрбиелеу

Көрнекілігі: еліміздің рәміздері, шарлар, проектор, суреттер

Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалімнің кіріспе сөзі

  • Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Құрманғазы ауданының 85 жылдық

мерейтойына  арналған «Туған жер – алтын бесігім» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Бүгін сіздер мен біздер үшін өте қуанышты да үлкен мереке, біздің Құрманғазы ауданымызға 85 жыл толды. Олай болса еңсесі биік ауданымыздың сіздердей азаматтары мен азаматшаларын мерейлі мерекелеріңмен құттықтаймыз!

Гимн орындау.

Бүгін сіздердің алдарыңызда осы мектептің 5 сынып оқушылары, болашағынан зор үміт күттіретін қазақ елінің ұландары, өз өнерлерін ортаға салады.

Кіндік қаның тамып, туып-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата-бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.
Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз.

Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен-ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал-мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. «Ит тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.
Егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – бәрімізге парыз.
-Айпырай! Туған жер-ай!
Теңдесер кім
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазығым –ай
Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім, – деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, оқушылар өздерінің кіндік кескен, туып-өскен мекенін қастерлей, оның тыныс-тіршілігін, тарихын, мәдениетін, экономикалық хал –ахуалын, зиялы қауымын, еңбек ерлерін, асқар таудай ақсақалдарын, абзал аналарын мақтан ете отырып, туған жердің болашағы жөнінде нақты деректермен ой толғамақшы.
Сұлу дала!Менің сүйген еркемсің
Жаным сенен жаратылған өлкемсің
Қандай жақсы, қазақ болып туғаным
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің, – дей , Шафхатова Дананың орындауында  көркем сөз. «Отан».

«Мәнерлеп оқу» Мұратов Алмаз

Ауданымыздың тарихына  сыр шертсек

Ганюшкин селолық советі Мақаш Бекмұхамбетов бабамыз басқарған бірінші және екінші Примор округіндегі ең ірі орталық болды, бүгін де солай.

Аудандық  мемлекеттік Мұрағатта сақталған кейбір дерек көздеріне сілтеме жасасақ  Қазан төңкерісінен кейінгі 1924-1926 жылдарда ауданымыз «Теңіз» ауданы деп, ал Ганюшкин селолық советі «Теңіз» селолық советі, 1926 жылдан бері Ганюшкин селолық советі атанғанға ұқсайды.

Бұны 1926, 1927 жылдардағы Қазақ Советтік Социлистік Республикасы, Орал губерниясы, Бөкей уезі, Теңіз ауданы, Ганюшкин селолық советі деген сөздер арап әріпімен жазылған мөртабан (печать, штамп) анықтайды.

Біздің округтің негізі тереңде жатыр. Селоның табаны 1790-жылдың шамасында Астрахань губерниясы, Красный Яр уезі тұсында қаланды. Халқының негізін қазақтар мен орыстар құрады. Мал және балық шаруашылығы негізгі кәсіп болды. Алғаш құрылғанда 15-теген түтін, 1871 жылы Үлкен және Кіші деп бөлінген Шора өзенінің екі жағалауында 53 түтін, 350-ден астам тұрғыны болған екен.

Жоғарыда айтылғандай  Ганюшкин Примор округінің де Теңіз ауданының да ежелден басқару және мәдени орталығы болды, болып та келеді. Жеті аралдан тұратын селолық округтің әлеуметтік-мәдени дамуы 1926-1928 жылдардан басталды десек қателеспеймін. Аудан орталығы қай кезде де Ресей мемлекетімен шектес, облыстың, Қазақстанның батыс қақпасы болып келеді. Еділдің айтулы сағасы «Қиғаш» өзенінен 40 шақырымдай алшақ орналасса да Ұлы Еділ мен Кәрі Каспийдің байлығын ортақ игерген, игілігін көрген, көне мекеннің бірі. 1960-шы жылдардың аяғына дейін бүгінгі Шора өзені бойымен сексен, жүз тоннаға дейін жүк тиеген кеме Астраханьнан шығып бүгінгі көпір тұрған жерге тоқтайтын ды. Сол бағытымен ашық теңізге де шығып кететін. Адам тасымалы да осы су бойымен жүргізілетін.

Ганюшкиннің екі ғасырдан астам тарихы бар. Оның бәрін түгендеп айтып шығу да мүмкін емес.

Ганюшкин округі кешегі Кеңестік қоғамда да арнайы орны болды, заман талабына орай қызмет етті. Ауданның экономикалық-әлеуметтік және мәдени ақуалын арттыруға атсалысты, сол арқылы өзінің де деңгейін өсіре білді. Аудан облысқа, облыс Республикаға қарап өседі десек – Ганюшкин селолық округінің қызметі ауданның өзге ауылдық, селолық округтеріне жолсілтер бола алғаны жасырын емес. Округ бойынша мал өсіріп, балық ауланбаса да сол өндірген күштерге қажетті қызмет түрлерімен көрініп отырды, кәсіпорындар да болды. Мәселен Ганюшкин сүт зауыты, Ганюшкин кірпіш цехы, округке қарасты көптеген құрылыс мекемелері, автокөлік кәсіпорны, жабдықтау мекемесі, су шаруашылығы, тұрмыстық қызмет мекемелері аудан халқына қызмет етті. Соғыс жылдарында, одан кейінде ауданда киіз байпақ (валенки) басатын, киіз үйдің сүйегін жасайтын, аяқ киім цехтары болды. Олар халық үшін, еңбек адамдарына алаңсыз жұмыс жасауына жағдай туғызу үшін қызметтенді.

Көркем сөз «Туған өлке»            Сабырғалиева Жансая

Хор: «Атамекен»

Әні: Ескендір Хасанғалиев Өлеңі: Қ. Мырзалиев

IV.Қазіргі ауыл туралы сөз қозғасақ Ганюшкин селолық округі есебінде күні бүгін 2839 отбасы, 12940 адам, оның ішінде-12152-і қазақ, 736-ы орыс, 20-ы татар, 25-ы кәріс, 2-белорус, 2 еврей және 3-і азербайджан тұрады. Ганюшкин селолық округі бойынша 59 көше бар, соңғы 2-3 жылды 34 көше атауы өзгертіліп, 8 көше заман талабына сай өзгертілді. Ұлы Отан соғысының 7, тылдың  141 ардагері бар. Округке қарасты төрт орта мектеп: Ломоносов, Абай, Бегалиев, Әуезов, төрт балабақша: «Мерей», «Өркен», «Балауса», «Айбөбек», мектеп жатақхана, лицей және техникалық мектеп бар. Сондай-ақ орталық аурухана, емхана өкпе аурулары шипажайы халыққа қызмет етеді. Мәдениет үйі, орталық кітапхана, АХАЖ бөлімі, Мұражай, балалар кітапханасы, аудандық «Серпер» газеті редакциясы халықтың мәдени қажеттілігін, рухани жағдайын қамтуда. Сонымен бірге «Серпер» базары, «Құралай» корпорациясының базары, дүкендер мен тойхана, мейрамханалар, дәріханалар, байланыс мекемелері мінсіз қызмет көрсетуде. Аудан мұсылмандарының діни орталығы «Темірәлі» мешіті имандылық мектебіне айналуда. Сонымен қатар  спорт кешенінің құрылысы аяқталды.

Ән айта алсам, туған жер деп жырлайын,
Күй тарта алсам туған елге арнайын.
Ата-анам, атамекен, туған жер
Алыс кетсем тек сендерді қимаймын.

Ән «Көзімнің қарасы» орындайтын Айтжанов Әлібек

Күй «Этюд »   орындайтын Нуриев Әсет

Би «Қара жорға» орындайтын 5 Б сынып оқушылары

Ән «Тұлпарым» орындайтын Файзуллаева Фариза

Би «Style » биі орындайтын ер балдар тобы

Сөз  мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Бисенова Нұрсұлу, Санатова Талшын апайларымызға

жолданады.

Тілектеріңіз қабыл болсын!
Ел тағдыры экономикаға тәуелді екенін қазір үлкен де, кіші де біледі. Ендеше ХХІ ғасырда мемлекетіміздің билігін өз қолдарына ұстар, қазіргі экономиканың қаз басуын қарыштай басуға айналдыратын, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапониямен иық теңестірер ел қожалары мектеп партасында отыр емес пе?
Ш.Уәлиханов: «Ел гүлденіп – көктеуі үшін әуелі азаттық, сосын білім керек» деп даналықпен арман етіп кеткен екен.
«Туған жердің басы болмасам да, сайының тасы болайын» деген халық мақалы бар емес пе? Қандай мамандықтың иесі болсаңдар да, қай жерде жүрсеңдер де қасиетті туған жерді қадірлеп өтіңдер.
Болашақтарыңызға жарқын білім тілеймін, Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!