Ел болашағы — білімді ұрпақ

234

Тәрбие  сағатының  тақырыбы: Ел болашағы — білімді ұрпақ

Өз  алдына  ел  болуға  өзінің  тілі,

әдебиеті  бар  ел ғана  жарай

алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз».

(А. Байтұрсынұлы)

 

Тәрбие  сағатының  мақсаты:Биік   шыңдарға   біліммен.

Танымдық  белсенділікті  арттырып,

өз пікірлеріңді тұжырымдап айтуға,

еркін сөйлеуге,  өзіне  сенімді болуғаүйрену.

 

Сабақтың  түрі:                           «Дарабаз» зияткерлік ойыны.

Сабақтың  әдісі:                        сұрақ-жауап, таптау

Сабақтың көрнекілігі:                      слайд-шау

Пәнаралық байланыс:                   қазақ тілі  мен  әдебиеті,  арыс тілі,

ағылшын тілі,  математика, тарих,

бейнелеу.


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.
  2. Кіріспе сөз.
  3. «Дарабоз» зияткерлік ойыны: а) 1- айналым «Бәйге»

ә) 2-айналым «Дода»

б) 3-айналым «Жорға»

  1. Сергіту сәті.
  2. Қорытынды.
  3. Кіріспе сөз.

Оқысаң — озарсың, Оқымасаң — тозарсың.

Білімдіні бала болса да, ағадеп біл.

Адамның көркі киімі емес, білімі.

Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымдап айтға еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға, өзгенің пікірін тыңдап, бір-бірін құрметтеуге үйренуіміз керек. Топтағы оқушылар түсінбегенін бір-бірінен сұрап, сөйлемеген оқушыны сабақка қатыстыру, жұмыс істеу нәтижесінде өзінің және топтағылардың намысын қорғау, бірлесіп еңбек ету, шешім қабылдау сияқты кұндылықтармен бірге, күнделікті сабақтан хабардар болып отыруға тиіссіздер.

Сендер  саналы, білімді азаматболып есуіүшін өздеріңнің  біріншіпарыздарыңыз не деп айлайсыңдар?

  1. Білім алу.
  2. Отанды сүю.
  3. Ана тілін сүю, құрметтеу,
  4. Ұлт жанды азамат болу.
  5. Атамекенді, туған жерді сүю.
  6. Денсаулығы мықты азамат болу.

—   Өздерің   айткандай,   туған   жерін,   атамекенің,   тілін,  дінінсүйіп,жақсы білімалып, халқына  адал қызмет еткен  кімдерді білесіңдер?

Отан намысын корғаған Әлия, Мәншүк сынды әпкелерімізді, ел Тәуелсіздігі үшін жас жандарын пида еткен Қайрат. Ләззат. Сәбира, Ербол тағы баска аға — апаларымызды білеміз.

 

 

  1. «Дарабоз» зияткерлік ойыны

 


І – «Бәйге»Әр   бала   бір  сүраққа   тез   жауап

береді. (он бессұрақ  беріледі,  әр жауап — бір ұпай.)


  1. Білім күні қай  күн?
  2. Бес қаруды ата.
  3. Еліміз Тәуелсіздік алған  куні?
  4. Жеті қазынаны ата

 

5.Бейнеу   ауданының   әкімі кім?

  1. Үш қуатты ата.
  2. ҚР-ның рәміздерін ата.
  3. Төрт кітапты атап   бер.

 

 

  1. Желтоқсан кұрбандары кімдер?
  2. Маңғыстау облысының әкімі кім?
  3. ҚР-ның ата заңы қашан қабылданды?
  4. Бес жаратылысты ата
  5. Астананың туған күні ?
  6. Үш көзді ата

 

  1. Күн көзі жылына неше рет шығады?

(1 — қыркүйек)

(Садақ, Мылтық, Найза, Қылыш, Айбалта) (1991ж. 16 желтоқсан)

(Ер  жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік  ат, қыран  бүркіт,  берен  мылтык, жүйрік тазы)

Басшы Әзірханов.

(Ақыл  қуат,   Жүрек куат, Тіл  куат) (Әнұран, Елтаңба, Ту)

(Тәурат — Мұсаның   кітабы,   Зәбур -Дәуіттің   кітабы, Інжіл — Исаның   кітабы, Құран — Мүхаметтің   кітабы) (Қайрат. Ләззат. Сәбира, Ербол)

Бауыржан  Мұханбетжанов

(1995ж. З0 тамыз)

(Кун, ай, жұлдыз., күндіз, түн)

(6 – шілде)

(Су  анасы- бұлақ.Жол анасы- тұяқ.

Сөз  анасы — құлақ)

(365-366)

 


ІІ – «Дода»Жұмбақтың  шешімін  тауып,  үш  тілгеаударып

айтыңдар.  Әр  жауапқа 5 — ұпайдан  15 ұпай  беріліді.


  1. Қабат-қабат қаптама, Ақылың болсааттама. (кітап-книга-bооk )
  2. Жеті Қазынаның бірі, Адамды қорғап жүретін досы(ит-собакa-dog).
  3. Жүз теңгең болғанша, Жүз ….. болсын. (дос-друг-friend)

4.Тұмсығымен  қозғалар,

Соңынан аппақ із калар.(бор-мел-chalk

  1. Тіс жок өзінде, Сөзі бар ізінде.(қаламсап-ручка-реп)
  2. Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады. ( қоңырау-звонок-bеІІ)

 

III — «Жорға»Ұяшықтардың  ішінде Қазақ тілі мен әдебиеті,

Математика,  Тарих  пәндерінен  сұрақтарберілген. Әр

пәндерді  кезегімен  таңдай отырып  ұяшықтағы сұрақтарға

жауап  береміз.

Қазақ  тілі  мен әдебиеті

  1. Жылдың төрт  мезгіліне де  өлең  шығарғанақын            (Абай Құнанбаев)
  2. Қазақ тілдің тіл байлығын,сөз мағынасын

зерттейтінсала (Лексика)

  1. Синоним мен  антонимнің  айырмашылыты  қандай?
  2. Әуес көріп    жүгірген   жас    балалар
    Беті — қолы    домбығып    үсік    шалды.
    Шидем  мен  тон  қобаттап  киген  малшы,
    Бет  қарауға  шыдамай  теріс  айналды.     (Абай  Құнанбаев «Қыс»)

 

Математика

 

1.Екі  жарым  таяқтың  неше ұшы  бар?                                      (6  ұшы бар)

  1. Әсем поездің басынан есептегенде 7 — вагонғаотырды. Әлкен поездің
    соңынан есептегенде 7 –вагонғаотырды. Сонда қыздар бір вагонда

болды.Поезда неше вагон болған?                                                 (Поезда 13 вогон болған)

  1. Вазалардың біріншісінде 6 өрік, екіншісінде 21 өрік, үшіншісінде 9 өрік бар.

өрікті вазадан вазаға 2 рет қана ауыстырып, қалойша теңестіруге

болады?(12    өріктен    бөлінеді)

  1. Отбасында төрт бала бар. Олар 3 жаста, 5 жаста, 9 жаста және 15 жаста.

Арай мен Еңліктің жастарының ең кіші ортақ еселігі Сағидың жасына тең.

Меруерттің жасы Еңіліктің жасына еселік сан. Кім нешежаста?

(Арай 3, Еңілік 9, Сағи 15, Меруерт 5 жаста) Тарих

  1. Әлия Молдағұлова соғыста кім болып шайқасты? (мерген)
  2. Қазақтың даңқты ұшқыш қызы кім?(Хиуаз Доспанова)
  3. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақ

Кеңес Одағының Батыры атағын алды? (97)

  1. Соғыс жылдарында қанша Қазақстандық

майданға аттанды? (1млн.200мың)

 

  1. Сергіту сәті

Айырмашылықты  тап

 

  1. Қорытынды. Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды,
    табиғаттың кұпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы
    өрістетеді, қоғамды ілгері  бастырады. Білімарқылы өткен тарихын
    таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді «Ақыл
    жастан, асыл тастан» деген сөзді халкымыз жас толқынның болашағынан
    үміт күткендіктен  айтқан  болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ
    алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай өз тілін
    сүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі, ақыл — парасаты
    мол  азамат болып өсейік.