«Ғасыр дерті» (конференция)

136

Тақырыбы: «Ғасыр дерті» (конференция)

Мақсаты: оқушыларға темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.

 

Көрнекіліктері: сызбалар, плакаттар, баяндамалар, суреттер, нұсқаулық-кітапшалар, нақыл сөздер.

 

Мұғалім: Қош келдіңіздер, бүгінгі конференцияға жиналған қауым! Сіз бен біз бүгін 7-сынып оқушыларының арасында өткелі отырған «Ғасыр дерті» атты конференцияға жиналып отырмыз. Бұл конференцияның мақсаты – темекі, арақ, нашақорлық, СПИД туралы мағлұматтар бере отырып, оқушыларды осы зиянды әдеттерден қорғау, қарсы күресе білуге шақыру. Ендігі сөз кезегі сынып оқушыларында.

 

1-жүргізуші: Құрметті  қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз 7-сынып оқушыларының  арасында «Ғасыр дерті» тақырыбында конференция өткізгелі отырмыз. Осы конференцияға шақырылған қонақтармен таныстырып өтейін:

  1. Қарабұтақ селолық аурухана балалар дәрігері — Меңдібаева Света Жөлекеқызы.
  2. Мектебіміздің мейірбикесі Ибраимова Ұлтуған апай.
  3. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, химия пәнінің мұғалімі Аманова Клара апай.
  4. Биология пәнінің мұғалімдері Ақмалаева Мерейгүл апай, Кенжебаева Қызай апай.
  5. Мектебіміздің психологы Уксикбаева Гүлстан апай.
  6. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері Саршин Мұрат ағай, Баймурзин Арман ағай.
  7. Жасөспірімдер ісі жөніндегі ішкі істер бөлімінің қызметкері Былшықов Оралхан ағай.

 

2-жүргізуші: Осы отырыста өз ойларыңызды, сіздерді толғандырып жүрген мәселелерді толық шешуге, қиналған сұрақтарыңызға қатысып отырған қонақтарымыздан жауап алуға болады.

 

1-жүргізуші: Алдымен «ғасыр дерті» деген не, соған тоқталып өтейік. Оқушылардан қандай жауап болар екен.

Дұрыс айтасыздар! Ғасыр дерті дегеніміз қазіргі таңда бүкіл әлемге кеңінен қанат жайып, ушығып тұрған арақ, темекі, есірткі, СПИД мәселелері. Ендеше алдыңғы кезекте темекінің зиянына тоқталайық.

 

2-жүргізуші: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын», — деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрес бар екенін айтқан.

 

І бөлім: Темекі

1-жүргізуші: Адам алғаш рет темекі тартқанда уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінің бәріне зиянды әсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының сілемейлі қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Бұл ауа тамыр және өкпе, рак ауруларына шалдықтырады. Шылым шегетіндердің 97%өкпе рагымен ауырады. Темекі түтіні өкпе тарамдарымен тыныс жолдарын бітеп, адам ағзасына қажетті оттекті мөлшерімен қамтамасыз ете алмайды. Радиоактивті заттар да бар. Күніне 1 қорап темекі тартқан адам жылына өкпесіне 1 литр қара май жинайды.

 

2-жүргізуші: Өкпенің қатерлі ісігімен ауыратындардың 80% темекі тартатындар. Бүкіл дүние жүзінде 1 миллиард адам темекі тартады. Темекі зардабынан жылына 25 мың адам қайтыс болады. Жүрек ауруына шалдыққандардың өлімі 20% .  Қатерлі ісік  ауруынан болатын өлім 30%, өкпе рагы 90% темекі зардабынан болады.

 

1-жүргізуші: Баяндама : «Шылымның адам өміріне зияны» . Оқитын Тоқманбет Раушангүл.

 

Мөлдір: Бұл отырған шылымқор, сорады кеп шылымды ол,

Қанша айтсаң да алмайды, «тартпа» деген тіліңді.

Қой десең де қоймайды, көк түтінге тоймайды,

Сора-сора уыты өн бойына жайлайды.

Кірпік әсте қақпайды, жөтел қысып жатпайды,

Шылымсыз тек жүрмейді, жоқ боп қалса тілдейді,

Бірақ оның зиянын білсе-дағы білмейді.

 

2-жүргізуші: Бұл тыңдағандарыңыз шылым шегудің зияны туралы әннің бір шумағы. Бүгінгі әңгімеміз осы қоғамдық құбылыс туралы болмақ. Темекі шегу сәнге берілу ме, әдет пе, әлде ауру ма? Сол туралы болмақ. Темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. Бір кезде ой-өрісі дамыған, мәдениетті адамға шылым шегу жараспаған. Ал кісі өліміне апаратын жаман әдет қайдан келген? Ол туралы бізге сыныбымыздың тарихшысы айтып береді.

 

Тарихшы(Мөлдір): Темекі адамға ерте кезден бастап белгілі болған, оны діни ғұрыптарға

пайдаланған. Еуропалықтардың шылым шегуге қатысты тарихы былайша басталған. Христофор Колумбтың әйгілі «Пинта» кемесінің матросы Родриго Грианна «Алда жер көрінеді» депе айғай салады. Олар бейтаныс құрлыққа келгенде Колумб бұл жерді ғажайып Үндістанның шығыс жағалауы деп ойлады. Осы жерде жергілікті тұрғындар Колумбқа басқа сыйлықтармен қатар «Ретум» деген шөптің кептірілген жапырақтарын ұсынады. Олар күнге кептірілген осы жапырақтарды түтікше тәрізді етіп орап шегеді екен.

Еуропалықтарға темекі шегуді үндістер үйреткен, олар темекі түтіні арқылы масаларды қуған. Үндістердің ер адамдарымен қоса әйелдері мен балалары да темекі шеккен. Колумбтың матростары достастық белгісі ретінде «өмір түтігін, яғни темекіні шеккен».

 

Биолог(Төлеген): Темекі алқатұқымдас класына жатады. Бұл тұқымдастың 62 түрі бар, оның 45-і Америкада, ал 21 түрі Австралия мен Полинезияда өседі. Қазақстанда темекінің үш түрі өседі. Ол бір жылдық шөп, гүлдері түтікше тәріздес насекомдар арқылы және өздігінен тозаңданады. Жапырақтары кезектесіп өседі. Дәні қауашақ ішінде орналасқан ұсақ тұқымды, 1 грамында 10 мың тұқым болады. Құрамында никотин және басқа да улы алкалоидтар бар. Темекінің жабайы түрі өсетін жерлерде оның жапырағын жеген малдар уланып, қырылып қалады.

Мәдени және дәрілік өсімдік ретінде тараған темекі 120 елде өсіріледі. Дүниежүзінің өндіріс орындары бір жылда 6 млн тонна өнім шығарады. Ал Қазақстанда жылына 9 мың тонна темекі өсіріледі. Одан жылына 12,6 млрд темекі экспортқа шығарылады, 3 млрд темекі басқа елден алынады.

 

Мұғалім: Оқушының берген осы ақпаратына биолог мамандардың алып-қосары бар маекен? Сөз кезегін Қызай апай мен Мерейгүл апайларға береміз. Қысқаша шолу жасап өтсеңіздер.

 

1-жүргізуші: Адам үнемі білуге құмарланып тұрады. Осыған байланысты араларыңызда өмірінде бір рет болса да темекі тартып көргендерге сұрақ қояйық. Бірінші рет тартқанда қандй күйде болдыңыз , осыдан кейін тағы да тартқыңыз келеді ме, жаман әдетті неге тастап кетпедіңіз? Темекі шегу әдетке айнаплады. Бұл сұраққа жауапты дәрігер ретінде зерттеу жүргізген Мирасбектен алсақ.

 

Дәрігер (Мирасбек): Темекі түтігіндегі құрамды бөліктер қанға сіңеді. Екі-үш минуттан соң ми клеткаларына жетеді де, уақытша белсенділігі артады. Бұдан шылымқор өзін уақытша жақсы сезініп, тыныштанғандай болады. Бір жыл ішінде ол адам шылымқор болады. Аяқ астынан темекіні тастаған адамның басы ауырып, еңсесі түсіп, ашушаң күй кешеді.

 

Мұғалім: Оқушының осы жауабына дәрігер мамандар не дейді екен? Сөз кезегі Меңдібаева Света апай өзіңізде.

                                                 

2-жүргізуші: Мен мынадай сұрақ қойғым келіп тұр. Темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратынын біле тұра неге адамдар темекі шегеді? Бұл туралы сыныбымыздың социологы не ақпарат берер екен, соны тыңдайық.

 

Социолог (Жасұлан): Зерттеулер бойынша шылымқорлар темекіні тастағысы келсе де, олардың 80 пайызы өздігінен қоя алмайды екен. «Ағзамыз темекіге үйреніп қалған, денсаулығымызға зияны жоқ, керісінше тыныштандыруға көмектеседі, стресс жағдайынан арылуға себебін тигізеді» деп ойлайды. «Барлығы темекінің зияны туралы біледі, тбірақ темекі шегуді неге тоқатпайсыз?» деген сұраққа «Шаршағанымызды басады, күш беретін сияқты, шекпесем өзімді жайсыз сезінемін» деп жауап береді.

 

Осы ақпарат туралы  мектеп психологының  пікірін білсек. Гүлстан апай.

 

1-жүргізуші: Біздің ағзамызға темекі шегу қауіпті ме? Осы сұраққа жауап беру үшін химик ретінде зерттеу жүргізген Раушангүлге сөз береміз.

 

Химик (Раушангүл): Темекіні сорғанда оның ұшында температура 60-90 0 – қа жетеді. Осы кезде құрғақ айдау үдерісі арқылы 60-қа жуық зиян түзіледі. Оның 12-сі улы. Темекіні ақырын тартқанда 20 пайыз никотин, жылдам тартқанда 40 пайыз никотин болады. Никотин ағзаға 21-23 секунд ішінде сіңеді. Адамдар үшін никотиннің 2-3 тамшысы өлімге әкеп соғады. Темекі тартқан адам 30 жыл ішінде 1 кг дейін никотин тартады. Темекі түтінінде  никотиннен басқа да улы заттар бар. Олар: аммиак, иіс газы, синиль қышқылы, мышьяк, висмут, 20 жыл ішінде өкпеде 6 кг қақ түзіледі. Тек 5 пайызы ған фильтрде тұрады.

 

Мұғалім: Оқушының осы ақпаратына Клара апай сіздің қосар пікіріңіз бар ма?

 

2-жүргізуші: Енді біз әйелдер арасындағы темекі шегушілік туралы әңгіме қозғасақ. Бұған дейін біздің қазақ қыздары, әйелдері темекі шекпеген ғой. Сіздерден сұрайтынымыз: қазіргі қыздар шылым шегуге неге құмар? Әйел ағзасына темекі қалай әсер етеді? Бұл туралы сынып дәрігері Мирасбектен сұрасақ.

 

Дәрігер: Әйелдер ағзасына темекі ерлерге қарағанда көп зиян әкеледі. Егер әйел жүкті кезде шылым шексе жатырдағы балаға әсер етеді, бала өлі тууы мүмкін. Шылымқор әйелдердің 42 пайызы бала сүю бақытынан айырылады. Олардың балалары аурушаң, әлсіз болады. Шылымқор әйелдердің 30 пайызы инфаркт ауруымен ауырады. Олардың терілері сұрланып, тістері мен саусақтары сарғайып кетеді.

 

1-жүргізуші: Темекі шегуді қалай қоюға болатынын дәрігерден сұрайық.

 

Дәрігер: Темекіні қоюдың әр түрлі әдістері бар. Темекіні бірден қойып кетуге немесе бірте-бірте күнделікті тартатын темекі санын азайта отырып қоюға болады. Сол сияқты дәрігерлер психотерапия, ине қою, гипноз арқылы да темекіні қойғыза алады. Бұл әдеттен арылудың негізгі жолы шылым шегушінің ниетіне байланысты.

 

Мұғалім: Оқушының осы ақпаратына Оля апай сіздің қосар пікіріңіз бар ма?

 

2-жүргізуші: Жасөспірімдер біреу-міреу байқап қалмау үшін темекіні жасырынып, асығыс терең тартады. Темекінің зардабын өкпеден артық тартатын ешбір мүше жоқ. Темекі шегетіндер демікпе, қатерлі ісік, бронхит, туберкулез сияқты тыныс жолдарының ауыр науқастарына шалдығуы мүмкін.

 

Бронхит: Біз темекі тартқанды жақсы көреміз.

 

Қатерлі ісік: Біз темекі тартқанды жақсы көреміз.

 

Туберкулез: Сендердің сандарыңның көбейгені біз сияқты ауруларға өте жақсы.

 

1-жүргізуші: Темекі тақырыбына арналған әдеби-монтажымызды бастаймыз.

 

Жеңіс: Күрк-күрк көк жөтел,

Күркілдеген көк жөтел.

Жасыңнан шексең темекі,

Түбіңе сенің сол жетер.

Түтінмен ыстап өкпені,

Никотин уын төккені.

Жүректің ұстап талмасы,

Мишықтың  құрғап кеткені.

Салауатты өмір сүреміз,

Темекіні шекпейміз.

 

Раушан: Қор болған темекіге қайран жігіт,

Тұрады-ау танауынан түтін шығып,

Сасығы ық жағынан жүргізбейді,

Жағымсыз көңірсіген исі шірік.

 

Нұрша: Уланған темекімен қайран қыздар,

Тартқанда қыз-келіншек денең мұздар.

Тіпті де үйлеспейді нәзік жанға,

Көргенде осындайды жүрек мұздар.

 

Мөлдір: Қолда шылым,

Тартып күлін түсіремін табаққа.

Кейде ұмытып,

Түтін жұтып, жіберемін тамаққа.

Өмір –бұлақ ,

Үміт – құрақ, жүзейін деп түсемін.

Дәл түсерде

Су кешерде

Ұмытып су ішемін.

Кейде ұмытып,

Түтін жұтып,

Шашаламын, жөтелем,

Өмір – құрақ,

Үміт жырақ,

У ішемін де өлемін!

 

Дастан: Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оң білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем беретін нәрсе.

 

Арайлым: Ешбір оғаш қылығыңды ұмытпаған, кешпеген,

Ол – табиғат заңдылығы ешбір ғылым шешпеген.

Көңіліме желік кірсе, қасиетті сол заңға,

Қарсы келіп қалам ба деп сескенем.

 

«Темекіні тастадым» өлеңі

Жасұлан: Мен бүгін сергек күйдемін,

Жүрісім ширақ бүтіндей.

Түн де өтті тәтті түстей бір,

Жөтелсіз әрі түкірмей.

Қарагөз: Атандым жұртқа танымал,

Қуақы кісі тілі өткрі.

Өз ортамның гүлімін,

Ал жүзім қызыл шырайлы.

Ақ жарқын өңім топ-толық,

Ұмыттым тұмау-сұмауды,

Төсек тартып жатқанды.

Дастан: Азаматтар!

Келе ме емін білгіңіз?

Ашсам ба сырын әлде шын,

Мәлімдеймін азаматтар мен бүгін

Темекіні тастаңдар.

 

Мұғалім тақтадағы схема бойынша темекі тақырыбын қорытындылайды.

 

ІІ бөлім: Арақ

 

2-жүргізуші: Ішімдік адам баласына еш абырой әпермейді. Маскүнемдіктің негізгі және бастапқы белгілерінің бірі – мас болу үшін спирт ішімдіктерін барған сайын көп мөлшерде қажетсіну, оған қайта-қайта аңсары ауып, құмарту. Ал алкоголизмнің соңғы сатысында ішімдікті аз ішсе де адам тез мас болады. Орталық жүйке жүйесі зақымданып, соматоневрологиялық аурулар және психикалық ауытқушылық құбылыс дами бастайды.

 

1-жүргізуші: Арақты үнемі ішу адамгершілікке де үлкен зиян. Отбасында ұрыс-керіс, жанжалдар, балаларды оқытып-тәрбиелеудің бірқалыпты жағдайлардың болмауы сияқты арақ ішу әсерін тигізеді. Маскүнемдердің 20 % кезінде арақты өздерінің ата-аналарымен бірге отырып ішкендер. Көптеген құқық бұзушылық та осы арақ ішуге байланысты. Ұрлық пен тонаушылықтың 80 % мас болған жағдайда жасалынады. Өз денсаулығына да әсер етеді.

 

2-жүргізуші: Баяндама: «Арақ ардан бездірер». Оқитын: Ермағамбетова Мөлдір.

 

Асланбек: Әй,адамзат неге жүрсің серіксіз?

Тоқта!Тоқта!

Мені көрсе ішіп алар адамдар бар шыдамай,

Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай:

Табысы мен атақ-даңқы,қолы жеткен мансабы,

Себепсіз құр ішу мақсат ауып кетсе аңсары.

Осы арқылы мен алдымен адамдарды жаулаймын,

Ақырында уақыт өте әлемді де қармаймын.

 

Мирасбек: Тамырына құрт түсті де тектінің

Шерлі ғасыр шерменде боп,шекті мұң

Арақ сасып,шарап мүңкіп,сыра аңқып

Заман дерті санамызға септі уын.

 

Төлеген: Ішімдікті дастарханның сәні ғып

Аяқ асты тапталды ғой ар-үміт.

Жуып-шайдық ісі ғой деп ақаңның

Жатқандарды ақыл-естен жаңылтып.

 

Аманбек: Арақ алмап, сыра жалмап жер үстін

Күйін кештік күлде қалған кебістің.

Қоғамымның жүрегі айнып,лоқсиды

Неге ішемін? Неге ішесің? Неге іштің?

 

Төлеген: Тоңсаң мені іш,жылынасың,

Қайғырғанда іш, пәлеге ұрынасың!

Ұялшақсың ба іш, батыл боласың!

15 тәулік айықтырғышқа қонасың!

 

Жеңіс: Ішсең қисандап жүресің,

Ретсіз ыржаңдап күлесін,

Ар-ұяттан айырыласын,

Оны өзің де білесің!

Біле тұра ішесің,

Өз кебініңді өзің пішесің.

Ұрлықты да жасайсың,

Түрмеге де түсесің.

 

Жасұлан: Мен болдым ғой жексұрын да, жауыз да,

Арақ өзі құйылмайды ауызға!

Әділеттін айтындаршы, ағайын,

Кім кінәлі, арақ па әлде ауыз ба?

 

Терме: «Қазақ пен арақ».

Орындайтындар: Тұрсынова Арайлым, Ермағамбетова Мөлдір.

 

Мұғалім тақтадағы схемадан арақ тақырыбын түсіндіреді.

 

ІІІ бөлім

1-жүргізуші: Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр.

Баяндама: «Нашақорлық – тұңғиық түбі». Оқитын: Мейірханов Мирасбек.

 

Көрініс: «Есірткі есіңді кетірер». Барысы:

І эпизод

Сахна төрінде мектеп бітіруші түлектер «Мектеп вальсі» әуенімен билеп жүреді.

Күнсұлу: Қыздар, жігіттер! Шынымен мектеп бітіреміз бе?

Бауыржан: Мен ауыл шаруашылығын дамытуға өз үлесімді қоссам деген мақсатты таңдадаым.

Жанболат: Бауыржанды мен де қостаймын, мен еліміздің экономикасын өркендетуге өз үлесімді қоссам деген оймен экономист мамандығын таңдадым.

Айсұлу: Жігіттер ауыл шаруашылығын қолдап жатыр екен, енді елдің мәдениеті де жоғары деңгейде болу керек емес пе? Сабыржан екеуміз өнер жолына бет бұрдық.

Жансұлу: Ал, мен мұғалім болуды мақсат еттім.

Күнсұлу: Бәрің де өз арман-қиялдарыңды айтып, ішкі жан-сырларыңды ашып жатырсыңдар. Менің арманым – дәрігер болу. Қазіргі қоғамда балалар мен жасөспірімдер арасында кең етек жайған нашақорлық, темекі, арақ тағы да басқа біздің санамызды улап жатқан зиянкестермен күрессем деген сөзді көкірегіме арман етіп алдым.

Ерболат: Қыздар, жігіттер, жүріңдер дастарханға отырайық.

Бәрі шығып кетеді.

ІІ эпизод

Сахна төрінде қыздар, жігіттер темекі тартып, ине тығып, арақ ішіп, әр түрлі іс-қимыл жасап жатады. Сахнаның шетінде Жанболат пен Айнұр, екеуі екі шетінде телефонмен сөйлесіп тұрады. Көңілсіз музыка ойнап тұрады.

Жанболат: Ана әйел әлі жіберген жоқ па товарды?

Көмекшісі: Үш күн болды, әлі жоқ, клиенттер бізден кетіп жатыр.

Жанболат: Қазір телефон соғып білеміз. Егер болмаса, көзін құрту керек ол әйелдің. (Телефонын алып) Алло, Айнұр, товарды қашан жеткізесің? Үш күн болды ғой. Клиенттер күтіп қалды.

Айнұр: Енді ашуыңды басып, бір шешімге келейік.маған да оңай емес таможнядан алып шығу.

Жанболат: Мен ешнәрсені білмеймін, бүгін жеткізе алмасаң бұл өмірмен қоштаса бер. Біз келіскенде осылай шартқа отырғанбыз.

Айнұр: Жарайды, бүгін соңғы күн, қанша килограмм деп едің?

Жанболат: 30 кг, бар болса одан да көп, үстіндегі ақшасын келісеміз.

Айнұр: Бәсе, осылай сабаңа түссеңші, адамға дікеңдемей. Мен мен жіберген қызға дозасын беріп, алып қалыңдар, кері жібермеңдер. Ол қызбен келісім шарт біткен. Әйтпесе біреу-міреулерге тіс жарып айтып қояр.  Өзі де білмейді не істеп жүргенін.

Жанболат: Ол жағынан қам жеме, өзіміз қатырамыз.

Әсіресе, анау отырған қызға дозасын көбейтіп салыңдар.

Музыка көтеріліп жіберіледі де, сәлден кейін бәсеңдетіледі.

Көмекшісі: Жәке, товар келді. Сен мыналарды дайында. Мына қыздың көзін байла.

Балсұлу: Айуандар, жіберіңдер, жіберіңдер.

ІІІ эпизод

Көмекшісі: Жәке, тағы бір клиент келді. Өзі сондай сүйкімді қыз.

Жанболат: Кіргізіңдер, көрейік сүйкімді қызды. Мыналарды алып кетіңдер.

Күнсұлу: Сәлеметсіз бе?

Жанболат: Адасып жүрген қандай адамсыз?

Күнсұлу: Мен бе? Мен сіздің арам ой, сорақы қылықтарыңызды әшкерелеп, сізді дұрыс жолға салуға келдім.

Жанболат: Ол қандай жол? Күнсұлу? Күнсұлу сен мұнда қалай келдің, жоқ, жоқ, бұл мүмкін емес.

Күнсұлу: Иә, Жанболат, сенің тәтті арманың қайда? Осы ма еді арманың. Сен өзің қандай жолға түсіп кеткенсің. Сен өзі не істеп жүрсің. Сенің миың уланған. Сен қазір ешкімді танымайсың, көрмейсің.

Жанболат:  Жоқ. Күнсұлу, сен олай деме, мен де адам баласымын ғой, мен…

Күнсұлу: Мен, мен дегеніңді қой. Сен алдымен қармағыңа түскен адамдарды анықтап біліп ал. Есіңде ме? Мектеп бітірушілер кешінде бәріміз арман-қиялдарымызды айтып, көңілді кеш ұйымдастырғанымыз.

Жанболат: Иә, Иә, есімде бәрі, есімде. Қандай күш мені осындай халге жетелегенін білмеймін.

Күнсұлу: Балсұлу құрбын он бір жыл бірге оқыған. Сол қыз қазір сенің қол астында, қармағына-есіртеі арбауына түскен. Саған товар жеткізіп беріп жүріп қалып қалған. Әрине, бұл жерге өзі қалмаған, сендердін күштеулерінмен.

Жанболат: Күнсұлу, сен мұнын бәрін қайдан білесін?

Жанболат: Иә Күнсұлу. Ол арманға жете алмай осындай жолға түстім. Өзмде білмеймін тағдыр мені қандай холға түсірген.

Күнсұлу: Ендеше есінді жи, сен алдымен өзінді емес,бірнеше болашақ жас ұрпақты улап отырсын. Сенің осы уыңмен бүдкіл халық улануда. Есірткі, темекі, тағы да басқа  улы заттар сенің қолында. Ол адам ағзасын улап, есенгіретіп өз санасын билей алмай отыр. Сен бұл ісіңді таста, менің саған айтар ақылым.

Жанболат: Жоқ, Күнсұлу, мені енді  бұл жолдан тайдыра алмайсын, сен мені көрмеген адамдай кеоген жолыңмен кері қайт.

Күнсұлу: Мен келдім. Мен сені, Балсұлуды және басқа  қүрбүларымды құтқару үшін келдім. Маған Балсұлуды көрсет.

Жанболат: Шынымен сол қыз Балсұлу болса, бетіне қалай қараймын? Адам танымайтын хәлге жеткенім бе? Мүмкін емес.(орнынан тұрады)

Күнсұлу: Ендеше сол қызды осы жерге алдырт, сонан соң көреміз.

Жанболат: (көмекшілерге) Өткен жолға қызға алып келіңдер(өзі теріс қарап тұрады)

Көнілсіз музыка қосылады. Көмекші қызды әкеледі, үсті лас, шашы жалбыраған, қолдарында коп ине орындары қалған.

Күнсұлу: (Балсұлуды құшақтап) Балсұлу, Балсұлу, есінді жи, мені танимысын, мен Кунсұлумын.

Балсұлу: Жоқ (Былқ-сылқ әлсіз күйінде)

Күнсұлу: Балсұлу, саған не болған?(Жанболатқа қарап) міне сен өзіңді-өзің танымағанмен бірдейсін. Балсұлу Қандай қыз еді. Әлде қыздардын сұрауы жоқ деймісін.

Балсұлу: (Есегіріп)маған, маған ине, денем толқып, басым айналып барады.(Айқай, өзін-өзі қояр жер таппай жүреді)

Күнсұлу: Жанболат, бір амалын тапсаншы.

Жанболат: Күнсұлу, Балсұлуды көріп енді есімді жинағандай болдым. Күнсұлу, сен енді түсін, қыз баланың организмі әлсіз келеді, есірткі уынан есін жинай алмай отыр.

Күнсұлу: Ендеше мен осы Балсұлуға, саған және басқалар үшін айтарыи. Медицина тілінде нашақор- есірткіге құмар, ауру адам. Нашақорлық- халықтың денсаулығына, имандылыққа, эканомикаға нұқсан келтіретін әлуметтік зиянды құбылыс.

 

ІҮ бөлім

2-жүргізуші: 1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні. Бұл күн жапа шегушілердің қайғы-мұңына, осы жұқпалы дерттің әлем бойынша қауіптілігін түсінетін ниетке толы.

 

1-жүргізуші: СПИД пандемиясы аумақты, ұлтты, жалпы адамзатты жынысы мен жасына ажыратып жатпайтын, бүкіл жер шарына қаһарын төгіп, бүкіл қоғамды зардаптайтын дүлей күш.

 

Мұғалім: Біз бүгін темекі, арақ, есірткі жайында сөз қозғадық. Жалпы ғасыр дерттерінің қатарында осы үшеуімен қатар СПИД дерті бар. «СПИД – ХХІ ғасыр дерті» деген тақырыпта сіздер 5-сыныпта ашық тәрбие сағатын өткізілгенін білетін боларсыздар. 6-сыныпта осы тақырып төңірегінде шығармашылық жұмыстар орындалды, сынып оқушыларының арасында сауалнама алынды, суреттер салынды. Енді біздерге ол тақырыпты қайталап айтып жатудың қажеті болмас деп ойлаймын. Барлығыңыздың ол туралы білімдеріңіз қаланып, қалыптасты.

            Енді тақтадағы схемадан СПИД-тің зардабына шолу жасап өтейін.

 

2-жүргізуші: 1) Бүгінгі конференцияда көтеріліп отырған ғасыр індеттері темекі, арақ, нашақорлық, СПИД туралы өз ойларын ортаға салу үшін дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері Арман ағай мен Мұрат ағайларға береміз.

 

2) Ортаға талқыға түсіп отырған мәселелер төңірегінде өз ойын ортаға салу үшін сөз ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер ісі жөніндегі қызметкері Оралхан ағайға  береміз.

 

1-жүргізуші: Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Елімізде ғасыр індетіне айналған жат қылықтарды жасөспірімдер бойынан алшақтату әр адамның өз еркіне, біліміне байланысты.

 

2-жүргізуші: Жер үстіндегі байлық – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы қоршаған орта мен дос-жолдастарына байланысты.

 

1-жүргізуші: 29 қазан дүниежүзілік алкогольден бас тарту күні. Биылғы 29 қазанда баспасөз беттерінде жарияланған деректерде былай делінген: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі жанындағы нашақорлық, психиатерапияның республикалық ғылыми тәжірибелік орталығының мәліметтеріне жүгінсек, бүгінде еліміздегі нашақорлықты емдеу ұйымдарының диспансерлік және кеңестік есебінде 245 716 адам тіркеуде тұр. Ал дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіштері спиртті ішімдік тәуелділігінен әлемде жыл сайын 2,3 миллион адам көз жұматынын көрсетіп отыр», — деп жазылыпты.

 

2-жүргізуші: Елбасы өзінің халыққа жолдауы «Қазақстан 2030» бағдарламасында «Салауатты өмір салты» туралы нақты айқындап көрсетіп берді. Болашақ Қазақстанның жастары салауатты да, тәрбиелі, шыныққан да шымыр, экологиялық сауатты, ауасы таза көк желекті дамыған елде тұруы керек.

 

1-жүргізуші: Бүгінгі конференциямыздың қорытынды сөз кезегін мектебіміздің директоры Таласова Бағдаш апайға береміз.

 

2-жүргізуші: Адам!

Адам!

Бөлісіп уайымды –

Болашаққа болыңдар дәйім-үлгі!

Бір-біріңе болыңдар мейірімді,

Бір-біріңе болыңдар қайырымды,

Дерт шалмасын,

Ешқашан өрт шалмасын,

Алып емен, ақ балтыр қайыңымды.

Бір-біріңе болыңдар қайырымды, —

дей отырып, бүгінгі конференциямызды аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп қатысқандарыңыз үшін көптен көп рахмет.