Ұстаздық еткен жалықпас…

87

Тақырыбы: Ұстаздық еткен жалықпас…

Мақсаты: оқушыларға ұстаздар, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.

Міндеті: оқушы санасында ұстазды тұлға ретінде қалыптастыру және ұстаз еңбегін дәріптеу.

Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, жиналған қауым, ұстаз,

Күні бүгін ұстаздардың мерекесі.

Құтты болсын мереке баршамызға,

Жүріңіздер үнемі сіздер, алда!

2-жүргізуші:  Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер,

Жемісті біздер үшін, елге еккендер.

Адамзат ұрпақтарын тәрбиелей,

Зердесін болашақтың зерлеткендер!,-дей келе барша ұстаздар қауымы, сіздерді 2 қазан-«Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтаймыз.  Әр ұстаздың еңбегіне нұр, шығармашылық табыс тілейміз. Ұстаз-ол ұлы тұлға. Ұстазға ғалым да, шахтер де, дәрігер мен ұлы ақындар да таныбынып, бас иген, ұстаз алдынан тәлім алған, әрі тәрбие көзін қабылдаған. Ұстаздар мерекесі қарсаңында 10-сынып оқушыларының дайындауымен «Ұстаздық еткен жалықпас…» атты ашық тәрбие сағатын ұсынбақпыз. Тәрбие сағатына мектептің барша ұстаздары қатысып, өз білімдерін, біліктіліктері мен талап-таланттарын алдарыңызға танытпақ.

 

Сайыстың бөлімдері:

  • Сәлем-сөздің бастауы (таныстыру)
  • Өнеріңді таныт, халқыңа! (ән, би шашу)
  • Білім мен біліктілігіңді қатар ұстан! (викториналық сұрақтар)
  • Шынықсаң, шымыр боласың (спорттық жарыстар)
  • Сән әлемінде (сән үлгісін көрсету)

Сайысымызға екі топ қатысады. Оларға қазылық ететін қазылар алқасы сайланады.

1-жүргізуші:    Армысыздар ұстаздар, нұрлы жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Іздерінен еріп жүрген түлекпіз,

Бас иеміз, әрқашан да тірексіз!,-деп  басымызды ие отырып ұстаздарымызда ортаға шақырамыз.

 

2-жүргізуші:    Мектепті біздің басқарып,

Ұстаздықты да атқарып

Әріптестеріне басшы атанған,

Директорымыз Рымтай апай

Шықсын өнерімен ортаңыздан.

 

 

1-жүргізуші:   Бар өмірі арналған жеткіншектерге

Гүлбала апайды ардақтамас жан бар ма?

Ол мектепте қысы-жазы, бүгін де

Жемісі де оның жердің жүзін шарлады.

2-жүргізуші:   Қатаңдау жанар, қатқыл мінез, қаттылық,

Шәкірттер көрсетпес оған жат қылық.

Географияны зерттер жан-жақты Айткүл апай

Тәрбиені қатар ұстап, деген әркез «сақтылық».

1-жүргізуші:   Шәкіртін сүйген жұдырықтай жүрегі,

Тым еңбекқор, олар жан-жүрекпен әдемі.

Үйретсе Гүлзат, Айсұлу қазақ тілін

Бақытжан апай мен Алтынгүл санамызға,

Тоқытты өрнегін шетел тілдің.

2-жүргізуші:    Айұр мен Сәуле апай,

Сабақ бойы тыным таппай.

Теорема, формуламен

Есі шығар кірпік қақпай.

1-жүргізуші:   Сурет салып сыздырар,

Өнерін ол үйретер,

Қос қолынан бал тамған,

Дәмежан апай-ол біздің,

Көрсен жандар тамсандырған.

2-жүргізуші:   Әріптері үйреткен,

Көркемдейді серік еткен

Бастауыш сыныпқа білім берген

Әлия, Зеркүл апай біздерге

Ботакөз, Құндыз сіздерге

Тамсандырмақ өнермен

Қарсы алайық, көрермен.

1-жүргізуші:   Спортты ермек  етіп таңдапты,

Секірту мен жүгіртуден нәр татты.

Біржан мен Асқар ағай мақсаты,

Спортшы қылмақ салмақты.

2-жүргізуші:   Би билетті самғата,

Ән шырқатты шырқата.

Айгүл апай өзі де,

Домбырасын сыңғырлата.

1-жүргізуші:   Сайысымызды бастайық,

Сахна өрнегін ашайық.

Таныстырып өзді-өзі,

Танытсын ашылмаған өнерді. Сайысымыздың алғашқы кезеңі «Сәлемсөздің бастауы» (таныстыру) кезеңін бастайық.

Карибаева Самалдың қазақ биін тамашалайық.

 

 

2-жүргізуші:   Біз білмеген, көрмеген,

Бар екен қандай өнерің.

Тамашалайық, қане, баста,

Өнеріңді  таныт, отырған  мына халқыңа! (ән, би шашу) кезеңі.

Оспанов Ернардың орындауындағы «Ұстазым» әні.

1-жүргізуші: Білім берген шәкірттерге,

Қуанамыз кей сәттерде.

Мұңаямыз, тағы біз,

Оқымаса шәкіртіміз.

«Білім мен біліктілігіңді қатар ұстан!» викториналық сұрақтар кезеңінде екі топқа тапсырма беріледі. Тапсымада сөйлем жасырылған, екінші топ сол  қимылды сипаттап мағынасын ашуы керек.

№1

-Мұғалім, кешіріңіз! Мен бүгін сабаққа дайын емеспін!

-ах, ах! Саған енді не істеу керек?

№2

-апа, маған, Нұргүл апай екі қойып берді. Барып ұрысшы!

-Ой, ботақаным-ай, ертең-ақ жойып аларсың, демала ғой!

№3

-апай, кешіріңіз, кіруге болады ма? Ұйықтап қалыппын.

-сабақтың басталғанына жарты сағат өтті.

-кешіріңіз, кеше түні бойы «Ну, погоди»  көріп едім.

№4

-Ата, ата! Мына күнделікті бұрышқа қойшы.

-Балам, неге?

-Өйткені ол, қазақ тілінен екілік алды.

2-жүргізуші:   Жүгір, жүгір, шынық,

Болар денең шымыр.

Кедергіден өтеміз,

Жүгіреміз, секіреміз.

Асуға біз жетеміз,

Қаптарға да түсеміз.

Күтіп алар алдымызда,

Суға толы қасық та.

Құяды оны шелекке,

Әрбір тамшы есепте!,-деп әр тамшы суды есепке алатын,  әр қадамың  жеңістің туын желбірететін жарысымыз «Шынықсаң, шымыр боласың!» кезеңіне келіп жеттік.

Көрермендермен жұмыс: «Менің алғашқы ұстазым» сұхбат алу.

1-жүргізуші:    Сәннен де біз қалмаймыз,

Сәнді бұйым таңдаймыз.

Сәнінменен киініп,

Көркімізді сайлаймыз. Сән үлгісіне кезек беріп, сән бағасын береміз.

 

2-жүргізуші:   Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.

Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,

Өздеріңмен бастау алар әр арман.

1-жүргізуші:   Ұстаз мейірімі-Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар.

Көп жасаңдар, өмірге шуақ болып,

Бас иеміз, ұлағатты ұстаздар!

1-2-жүргізушілер: «Ұстазым-бір өзіңе бас иіп өтеміз!» ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік кешіміз мәресіне жетіп, сіздермен қоштасамыз.