Аяулы күз, алтын күз сценарий

6969

СЦЕНАРИЙ

С.Мадина:
Шөп сарғайып ,
Өңі тайып.
Дала сұры қашады
Бой жаза алмай,
Денең мұздап тоңады
Айтшы Абзал
Бұл қай кезде болады?

 

Абзал:
Қазан болды молшылық
Дәулет қорын қалады
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады
Бұл құбылыс Мадина
Күзде ғана болады.

 

С.Мадина:
Көк аспаным мөлдіреп,
Шуақты көзім елжіреп
Асыр салып жүретін
Сары көйлегім желбіреп,
Айтшы Абзал
Бұл қай мезгілдің келгені.

 

Абзал:
Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз,алтын күз
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқар күз
Мадина,  бұл Алтын күздің келгені.

 

Мадина:
Армысыздар Қымбатты мырзалар мен ханымдар!
Абзал:
Қайырлы күн,Ұлағатты ұстаздар, жалынды да жігерлі достарым.
Берекелі де мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Мадина:

Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз

Ортаға себет толы жемістері бар Күз-Қалима  келеді. (қол соғып қарсы алу)

 

Күз-Қалима:

Сәлем өрен достарым

Өмірге көп қосқаным

Қымбатты сый алыңдар

Молайтыңдар шаттықты

Ән айтыңдар бақытты..

 

Абзал:

Астық жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды

Ардақты күз мың алғыс

Алдық өнім сыйыңды

Хормен: Ардақты күз мың алғыс.

 

Күз-Қалима:   Мен күзбін, өте еркемін, сәл нәрсеге ренжіп бұртиып, қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп- төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақкөңілділігім үшін бәрі де ұнатады.

 

С.Мадина:   Иә, біз сізді дархан алтын күз деп байлық, молшылық, дархан алтын күз деп білеміз.Біздің сізге арнаған сыйымыз бар .Ұлдарымыз сізге арнап өз өнерлерін көрсетпек.

 

Абзал:

Көбейді құт- береке

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке

Алтын күзді тойлаймыз.

 

Күз-Қалима:

Барлығыңды қимаймын

Барымды мен сыйлаймын

Бір айға бір демім

Өздеріңмен біргемін.

 

Мадина:   Алтын күз, төрге шығыңыз.  Әділқазылар алқасының қасына отырғызу. Абзал Қалиманы қолынан ұстап, әділқазылар алқасының қасына отырғызады.

 

Сыттан-Ермек:

Уа, халайық, халайық!

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың,

Алтын күзді бастайық

Алтын күзге арналған

Сайысты біз бастайық.

 

Абзал:   Құрметті халайық бүгінгі өткізгелі отырған байқауымыздың негізгі мақсаты жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге сезімталдыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады.
С.Мадина: Олай болса, бүгінгі «Аяулы күз,Алтын күз» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

 

Автор-Айжан:

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде  Смирнов ауылында, Смирнов №3 орта мектебінің АКТ залында хан және ханшайым өмір сүріпті. Олардың жан дегенде жалғыз қыздары болыпты. Хан өзінің жасының ұлғайғанына байланысты Орданы басқаруға ханзада  сайламақшы, соған орай өзінің үкімін шығарады.

 

ХАН-Қайыргелді: — Ия, жасым болса келіп қалды, менің орнымды басатын, қызыма серік болатын ханзада іздеу керек.

 

ХАНШАЙЫМ-Айжан:  — Өз орныңды басқаруға кез-келген адамды сайламайсың ғой?

 

ХАНШАЙЫМ -Айжан: — Ол үшін сайыс ұйымдастырайық, кімде-кім сайыстардан сүрінбей өтсе, сол баланы ХАНЗАДА етіп тағайындайсың.

 

ХАН-Қайыргелді: — Жақсы, ол бір табылған ақыл екен. Онда шақырыңдар ұйымдастырушыларды.

 

Нұрым:     Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Хан сарайында үкім шықты.  Хан өзінің орнына жас ханзада тағайындамақшы. Соған байланысты әр түрлі сайыстар өткізеді. Сайысқа қатысамын деушілердің, күштерін сынап, тапқырлығын байқап, ақылдылығы мен шапшаңдығын салыстырып көрмекші. Келіңіздер, көріңіздер.

 

Ханшайым-Айжан:     Бүгінгі «Алтын күз» мерекесінің сайысқа түсуші ханзадалар. Жаңа ғана Ханның қаулысын тыңдадыңыздар.

Ендеше уақытымызды созбай, мерекелік кешімізді және сайысымызды бастайық.

Біздерде ойын сауық басталады,
Тамаша күй тартылып ән салады.
Қошеметтеп қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күні бойы шаршағанды!!!
Хан-Қайыргелді:   Құрметті ұстаздар мен оқушылар!  Біздің бұл байқауға жиналып отырған мақсатымыз: бүгінгі Күзгі бал сайысының Ханзадасын іріктеп шығару.

 

Ханшайым-Айжан:
Әділқазы , ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!

Хан-Қайыргелді:   Әділ – қазылар алқасының төрайымы:  Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Жайнагүл Макенқызы Умбетова

Ханшайым-Айжан:   Оқушыларының жан -күйін түсініп, қиын жағдайда көмек беретін психологымыз – Еркін Тапаұлы Альжанов

Хан- Қайыргелді:  Өнер десе ішер асын жерге қоятын мектебіміздің әншісі, қолынан өнер тамған сегіз қырлы бір сырлы ұстазымыз- Даулет Бәшімұлы Балтабаев.

Ханшайым-Айжан:   Кешіміздің құрметті қонағы – «Алтын күз»

 

Хан- Қайыргелді:
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!

Ханшайым-Айжан:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін ханзада атанбақ! – дей отырып, ортаға «Күз ханзадасы» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар!

(Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)
1-ші сайыскердің тақтадан фотасы көрсетіледі.

Хан- Қайыргелді:

Өнер қуған жасынан

Өнері судай тасыған

Келесі біздің  Саятжан

Көрінген күштің басынан.

 

2-ші сайыскердің тақтадан фотасы көрсетіледі.

Ханшайым-Айжан:

Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті, батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей- Нияз

 

3-ші сайыскердің тақтадан фотасы көрсетіледі.

Хан- Қайыргелді:

Арман бар биік шыңға шықсам деген
Қыран боп көк әлемге ұшсам деген
Бүгінгі сайыста жеңіп шығып
Кең сермеп қанатымды ұшсам деген, ол- Әділ

 

4-ші сайыскердің тақтадан фотасы көрсетіледі.

Ханшайым-Айжан:

Еңбексүйгіш таудай талап бойында,

Барлық істі тындыру бар ойында

Ансар деген жігітті

Шақырайық қошеметпен  ортаға.

 

5-ші сайыскердің тақтадан фотасы көрсетіледі.

Хан- Қайыргелді:

Спортпенен білім жағын бір қосқан

Кем қалмаған, талантпенен табысқан

Қараңыздар, Сабит бүгін ортада

Тауды бұзар, шын кіріссе намыстан.

 

6-ші сайыскердің тақтадан фотасы көрсетіледі.

Ханшайым-Айжан:

Біледі ол жақсы менен жаманды

Өнерменен тамсандырған адамды

Қошеметпен шақырайық ортаға

Данияр атты  жігітті

 

Хан- Қайыргелді:
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен  таныстырып өтейік.

Байқау бағдарламасы:
1.«Таныстырсам өзімді». (таныстыру) – 1-2 мин.
2.«Сегіз қырлы, бір сырлы» (өз өнерлерін көрсету) – 3 мин.
3.«Құралайды көзге атқан.» — нысана көздеу
4.«Сұрақ бізден, жауап сізден» (суретке қарап жауап беру)
5.«Әнді сүйсең, менше сүй» (күз туралы музыкасымен  ән) – 3 мин.

  1. «Көңілді аспазшылар». (күзгі салат дайындау)
  2. «Ескірмейтін есті сөз» -танымдық сұрақтар
  3. Музыка ырғағына билеу -би сайысы

Хан- Қайыргелді:   Менің орныма қалатын ханзада мықты, елін, жерін жаудан қорғай алатын болу керек. Бағалауда қатысушылардың өз – өзін ұстауы, әртістік өнері, киім үлгілері, сөйлеу мәнері ерекшелігі мен маңызы ескеріледі.

 

Ханшайым-Айжан:

Сайысымызды бастамас бұрын, сайыскерлеріміз орындау кезегін таңдап алсын.

Сандар жазылған жапырақтарды таңдап алады да, рет-ретімен тұра қалады.

 

Құрметті көпшілік көрерменім
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім
Ақжол тілеп үкілі үміттерге
Таныстыру шартына кезек бердім.
Хан- Қайыргелді:

Ақыл – көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді.-

— Ендеше, бірінші шартымыз «Таныстырсам өзімді» үміткерлеріміздің өздерін таныстыруы.

Бірінші номерлі______________ ханзадамызды шақырамыз.

Сайыскерлер өздерін таныстырып өтеді

Ханшайым-Айжан:   Құрметті әділқазылар алқасы, ұпай сандарын көрсетсеңіздер.

Бірінші болып өзін таныстырған:———————

Екінші болып таныстырған:—————


Хан- Қайыргелді:
Таныстырды жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.
Ханшайым-Айжан:

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты,- дей отырып, сайысымыздың «.«Сегіз қырлы, бір сырлы» бөлімін бастаймыз.

Өз өнерлерін көрсету.


Ханшайым-Айжан:   Құрметті әділқазылар алқасы, ұпай сандарын көрсетсеңіздер.

Бірінші болып өзін таныстырған:———————

Екінші болып таныстырған:—————

 

Хан-Қайыргелді:

Би болатын жігіттің

Төбеде болар жұмысы

Мерген болар жігіттің

Мергендік болар жұмысы-егендей ендігі кезекті жігіттеріміздің мергендігін сынау мақсатында «Құралайды көзге атқан…»нысана көздеу шартына береміз. Нысанаға бір рет лактырамыз.Ортаға 1-ші номерлі жігітімізді шақырамыз.

 

Ал енді,жігіттер, өздеріңіз атып алған жемістерді қолдарымызға аламыз және  тез арада жеп  бітірулеріңіз керек. Кім бірінші жеп тауысады, сол жоғары ұпайға ие болады.

Ханшайым-Айжан:   Құрметті әділқазылар алқасы, ұпай сандарын көрсетсеңіздер.

Бірінші болып өзін таныстырған:———————

Екінші болып таныстырған:—————

 

Хан- Қайыргелді:
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Сұрақ бізден, жауап сізден» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз.

 

Қандай ағаштың жапырағы екенін табу.

 

Ханшайым-Айжан:   Құрметті әділқазылар алқасы, ұпай сандарын көрсетсеңіздер.

Бірінші болып өзін таныстырған:———————

Екінші болып таныстырған:—————

 

Хан-Қайыргелді:
Баршаға өнер сүйер жар саламыз,
Үкілі үміттерді қарсы аламыз
Күйге енейік баршамыз ерекше бір
Сіздер үшін би билеп, ән саламыз.

Құрметті көрермендер ендігі кезекте үміткерлеріміздің үйде дайындап келген өнерлерінің куәсі болуға шақырамыз.   «Әнді сүйсең менше сүй» сайысы

1-ші сайыскерімізді ортаға шақырамыз.

 

Ханшайым-Айжан:   Құрметті әділқазылар алқасы, ұпай сандарын көрсетсеңіздер.

Бірінші болып өзін таныстырған:———————

Екінші болып таныстырған:—————

 

Ханшайым-Айжан:

Көрсетіп өнер әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.

Меркелік ас мәзірін жасайды,

Ұлдарымыздың бармақтары майысып- дегендей  ендігі кезекте «Көңілді аспазшылар» сайысы. Бұл сайыстың шарттарымен таныстырып өтсек, сайыскерлеріміз күз байлығын көрсету мақсатында  алдына қойылған тағамдардан бір күзгі тағам дайындауы тиіс.

 

Сайыскерлер күзгі салат дайындағанша көрермендермен ойын өткізу.

Хан-Қайыргелді:

             Көзінің оттарын ұғындырып,

Көрсетер көп іздеген мығым қылық.

Келесі бұл сайыстың жоспарында,

Түседі бәсекеге білімділік.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын, — дегендей келесі сайысымыз:  «Ескірмейтін есті сөз».  Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін, ақындылығын тексереміз.

 

Хан-Қайыргелді:

Берілген сөздерден күз мезгілі туралы бір шумақ өлең жолдарын шығару.

                                     

Ханшайым-Айжан:   Құрметті әділқазылар алқасы, ұпай сандарын көрсетсеңіздер.

Бірінші болып өзін таныстырған:———————

Екінші болып таныстырған:—————
Хан-Қайыргелді:

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- келесі сайысымыз- Би сайысы.

Музыканы таңдап аласыздар да сол ырғаққа билейсіздер.

 

Ханшайым-Айжан:   Құрметті әділқазылар алқасы, ұпай сандарын көрсетсеңіздер.

Бірінші болып өзін таныстырған:———————

Екінші болып таныстырған:—————

 

Хан-Қайыргелді:
Осымен, «Күз ханзадасы» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша оқушыларымыздың әсем биін қарсы алыңыздар.
О ПА ГАНА СТАР
Ханшайым-Айжан:
Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!
Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған ханзадалар  сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне  тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Ханзадасы деп Күздің жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.
Хан-Қайыргелді:

Келешекте әрі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар
Өнерлілер көбейсін күннен –күнге
Өмір күрес әлі талай жарыстырар- дей отырып , «Аяулы күз, Алтын күз» кешіміздің «Күз ханзадасы -2013 » байқауының нағыз ханзадасын жариялау үшін ортаға әділ қазылар алқасын шақырамыз.

 

ӘДІЛҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ   ҚОРЫТЫНДЫСЫ, МАРАПАТТАУ

Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады.

  1. Бас жүлде – «Күз ханзадасы»
    2. «Мерген жігіт»
    3. «Ақын  жігіт».
    4. «Өнерлі  жігіт»
  2. «Супер аспазшы жігіт»
  3. « Биші жігіт»

Абзал:  Осылай хан қызына Орданы басқаратын ханзаданы іріктеп алып, отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап, мұратына жетіпті.
«Жүзден – жүйрік» күшімен,
«Мыңнан – тұлпар» шықты шың
Жігіттердің ішінен шыққан ———— мықтысын!
Құттықтайық  ал енді
Ханзада  болған баланы
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.

 

С.Мадина: (Күзге қарап)

Алтын күз, бізбен бірге болғаныңыз қандай жақсы!

 

Алтын Күз-Қалима:

Рахмет, балалар өнерлеріңе

Уақыт өтпес бірліксіз

Бақыт келмес тірліксіз.

Талмай еңбек етіңдер

Қыстан аман өтіңдер!

Жарайды мен енді қайтайын. Келесі жылы келермін.Мені қуандырып қарсы алдыңдар, риза етіп шығарып салыңдар. Қош сау болыңдар, келесі жылы амандықпен кездесейік!

 

Абзал-С.Мадина: Қош сау болыңыз, Алтын күз!

 

Абзал:

Күздің соңғы қызығын

Өстіп, достым, қарайсың.

Қурайлардың ызыңын

Марш – күйге балайсың.

 

С.Мадина:

 

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.

 

Құрметті қонақтар, Жеңісті күндерде кездескенше!           МУЗЫКА