« Адамгершілік қасиетті бала бойына дарыту»

53

Бастауыш сынып мұғалімі:Океева Ая Қайыркенқызы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Жарлы ауылы №9 орта мектеп

Тақырыбы: « Адамгершілік қасиетті бала бойына дарыту»

Мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін бір жүйеге келтіру, толықтыру,

сыпайы сөздерді орнымен қолдануға үйрету.

  1. Үлкендерді сыйлауға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, суреттер: Әбу Насыр Әл-Фараби.

Барысы: І. Кіріспе сөз (топпен отыру)

Тәрбиенің негізгі міндеті қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, қадір-қасиет сияқты биік адамгершілік стимулдарына айналдыру. Қазіргі танда әсіресе көп көңіл бөлетін мәселе – адамгершілік тәрбиесін күшейту. «Адамға ең бірінші тәрбие беру керек» — деп Әбу Насыр Әл-Фараби айтқан.

  • Адамгершілік дегенімізге қандай анықтама берер едіңдер?(оқушы пікірі)

 

 

 

ІІ. Топпен жұмыс жүргізу

Өзіміз айтқан адамгершілік қасиеттердің ішіне: әсемдікке, әдемілікке дағдыландыру, кішіге көмек беру, үлкенді сыйлау, өзін-өзі ұстауда кіреді. Осы әдептілік қасиеттерді біле тұра біз әдепсіздікке, тәртіпсіздікке де ұмтыламыз. Енді мектепте, көшеде өзімізді қалай ұстауымыз керек ережелерін жазамыз:

1 тапсырма: І топ: Мектепте (ереже) 1,2,3,4

ІІ топ: Көшеде (ереже) 1,2,3,4

Мектепте, көшде жүру ережелерін оқып беремін.

 

2 тапсырма: Жұмбақ әңгіменің шешуін табу

І топ: Қарт адам туралы

ІІ топ: Автобуста

Мен оқимын балалар жауабын айтады.

 

3 тапсырма: Сиқырлы сөздер (екі топқа бірдей)

 

4 тапсырма: Көрініс көрсету

І топ: Сыныпта

ІІ топ: Көшеде

 

5 тапсырма: Екі топқа бірдей «Не деу керек?» өлеңін еске түсіру (бір-екі шумағын)

 

6 тапсырма: Тәрбиенің, адамгершілік қасиеттің тағы бір түрі тиымдар, ырымдарды еске сақтау: екі топ өздері білетіндерін қағазға жазу.

III.Қорытынды  Е.Өтетілеуовтің «Нағыз адам боламын» атты  өлеңін оқу

Мұғалімнің сөзі:Сендер мейрімді,ақылды,адал,нағыз адам болып өсуге талпыныңдар.