Ерлік–мәңгілік

55

Сабақтың тақырыбы: Ерлік–мәңгілік

Сабақтың мақсаты:   Ауған соғысы жылдарындағы сұрапыл                қан төгіс   және ерелі еңбектері туралы айтып түсіндіру.

 

 

Тәрбиелік мәні:            Студенттерді  патриотизмге, Отанды қорғауға елін сүюге, ерлікке толы оқиғаларды айта отырып     тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Безендіру (газет). Үнтаспа, домбыра, телевизор (DVD, CD магнитафон), плакаттар, стенд.

 

 

 

Сабақтың барысы:       1. Кіріспе

  1. Көрініс «Бозторғайдың ұясы»
  2. Сұрақ-жауап
  3. Мәнерлеп оқу
  4. Қорытынды

 

 

 

 

Фанфар:  (музыка)

 

І- жүргізуші:   Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен студенттер, бүгінгі «Ерлік–мәңгілік» атты кешіміздің мақсаты жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриотық рухани адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу. Болашақ Қазақстан Республикасының келешек қорғаушылары сіздер мен біздер боламыз.

 

 

ІІ-жүргізуші:    Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар Ауғанстан Республикасының Кеңес әскерлерінің шығарылуының 20-жылдығына орай «Ерлік–мәңгілік» атты өткізіліп отырған ашық тәрбие сағатымызды ашып беруге,

 

Колледжіміздің директорын ортаға шақырамыз.

 

Ән:     Қазақстан Республикасының мемлекетік әнұраны

 

 

І- жүргізуші:

Еске алайық құрметтейік, құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға толсын суық көр де жылысын.

Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,

Мәңгі-бақи тірісіңдер, тірісің.

Жеңіс…, Жеңіс…. Ия, ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды тілектері    орындалды.

 

 

ІІ- жүргізуші:    Бірақ, сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жауымен аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңдер:   (Мәнерлеп оқу).

 

  1. «Ауған саздары»

 

Армысыңдар ауғандық жауынгерлер?

Жырым бар жараланған жаныңды емдер.

Өлгендердің жәннатта болсын жаны,

Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер.

 

Ерлік қылған аталарым аспан асты, ер үсті,

Біз сәндікке кимейміз деп,– шалбар менен бөрікті.

Отан-ана алдындағы өтеймін деп,– борышты,

Аттаныңдар, атқардыңдар соғысты.

 

Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып,

Әндететін кездеріңде ауылыңда төс керіп.

Жаудың оғы сом мүшеңді төрт бөліп,

Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.

 

Жау дейміз-ау қолдан жасап жауыңды,

Саясаттың сайқалдығы-ай  уландырған тамырды.

Бауырыңа бауыздатып балдай ішкен қаныңды,

Заманы еді кеңестің ол сұрапылды дауылды.

 

Құдай өзі бере жатар жауыздықтың жазасын,

Қыран ерлер, ардагерлер сендер түгел тазасың.

Қасқыр мінез, қайсар жандар жалап жазған жарасын,

Жандарыңның жараларын қай мықты бар жазатын.

 

Сендер бірақ Отан үшін оққа тостың кеудеңді,

Ерлігіңді, өрлігіңді ел көрді.

Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді,

Жебейді олар аруағымен сендерді.

 

Еске алайық құрметтейік, құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға толсын суық көр де жылысын.

Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,

Мәңгі – бақи тірісіңдер, тірісің.

Ән:  Сарбаздар

 

 

І- жүргізуші:   Кинодан үзінді

 

 

  1. «Құндыз»

 

Қанша ұйықтасам кірмеп еді түсіме,

Кім ойлаған, бұл сұмдықты көрем, – деп.

Қауқарың жоқ, сене алмайсың күшіңе,

Отырасың енді мынау елеңдеп.

 

Алғашында бәрі қызық тамаша,

Айырмасы алты ғасыр, санаса.

ХХ-шы ғасырдан кеп он төртке,

Түстік келіп, айналаға қарасақ.

 

Бұл жер ылғи мұсылмандар тұрағы,

Күн әрқашан ыстық болып тұрады.

Сол күндері тау-таспенен жүгірген,

Алдыңда тұр жаяу әскер мұраты.

 

Айырмасын жақсы – жаман арасын,

Араладың Ауғанның тас даласын.

Ойландырмас  қай қазақтың баласын,

Ажалға айдап өміріңді барасың.

 

Айлар өтер, жылдар өтер жылыстап,

Өткен күндер мүмкін ұмыт болмас та.

Ал бірақ та жер-анаға тапсырған,

Ұмытылмас қаза болған жолдастар.

 

 

 

 

 

 

Көрініс:         Мархабат   Байғұт ағамыздың  «Бозторғайдың ұясы»

 

Қатысушылар:

 

Серікжан  Елубаев,

Нұржан Нысанбаев,

Мейірбек Бексейтов,

Айгүл

Алтай

 

Сахнада музыка үні

 

(Сазды оркестрдің орындауындағы қазақ ұлттық әуені ұлы табиғат үніне айналып, соғыстың сұрапылын сездіретіндей құбылыстар беріледі).

Найзағай ойнап, күн күркіреп, жарылыстай болғандай, аспан әлемі алапат күй кешеді.

 

Серікжан   (тізерлеп отыра кетеді): ойға шашылып

Айгүл:         (Еркелеп жүріп келеді)

Серік … Серікжан, сені әскерге алайын деп жатқаны рас па?                      Шынымен-ақ әскерге  кетесің бе? Мені таста – а – а – ап  кете бересің бе?

 

Серікжан:   Әскерге шақырып жатқаны рас, әкетіп қалуы да мүмкін.

 

Айгүл:         Шынымен айтасың ба?

 

Серікжан:   Енді, әскерге барасың  десе, қашып кете алмаймын ғой,  бармаймын деп қалай айтам.

 

(музыка  үні сахнада жай ойнайды қыз бен жігіт сахнадан тербеле жай шығып кетеді).

 

Диктор немесе автор сөзі: 1978 жылғы 27-сәуірде Ауғанстанда революциялық төңкеріс болды. Әскери – революциялық кеңес өз билігін революциялық кеңеске өткізді. Революциялық кеңес құрамына 40 адам кірді. Оның бесеуі Ауғанстан қарулы күштерінің өкілі еді. Бас хатшылыққа Нұрмұхамед Тараки сайланды, ол үкімет басшысы да еді. Таракидің  орынбасары Бабрак Кармаль болды.

Революциялық кеңес 30 сәуірде елді Ауғанстан Демократиялық Республикасы деп жариялады. Осыдан кейін-ақ Ауғанстанға Американдық көмек сап тиылды. АҚШ барлық қызметшілері мен мамандарын кері шақыртып алды.

1979 жылы желтоқсанның соңына таман 100-ге жуық бірлестіктер Ауғанстанға кіріп, соғысуға дайын тұрды.

(қырғын соғыс, жарылыс, гүріл-сарыл)

(Сахнаға 3-жігіт солдат  шығады шаршап-шалдыққан)

 

Серікжан:    Біржарым жыл зу етіп өте шыққан сияқты.

 

Нұржан:    Серікжан, өзің де білесің ғой, не көрмедік? «Соғыс болмайды,           жай ғана сақтық, қорғау және қорғаныс шараларына қатысамыз»,– еді. Не болды енді? Не болдық ? Қаншама достарымыз қыршынынан қиылды… Бір отрядтан отыз бес адам шейіт бопты…

 

Мейірбек:    Біздің Сайрамнан да бірер бала бақилық болды, Түркістаннан да      екі баланы естідім.

Нұржан:     Ия…Ия небір боздақтар кетті … Алла қаласа, бүгін – ертең орныңа адам келсе, бірер күнде үйіңде боласың.

 

Серікжан:    Оны Алла біледі.

Құдай-ау, қайда сол жылдар,

Махаббат қызық мол жылдар?

Ақырын-ақырын  шегініп,

Алыстап кетті-ау.

 

Алтай:          (Сахнаға жүгіріп келеді)

Жігіттер, – Алтай бауырымыз пәренжі жамылып келе жатқан       біреуге: «Қарындас, су алуға көмектесейін. Сізбен танысуға бола ма?», – деп, орнынан тұра бергенде, пәренжінің ішінен тарс еткізіп атып салыпты…

 

Серікжан:   Қайран бауырым бақилық бол.

 

Диктор:    Ауған соғысында  1979 жылы Қазақстаннан 4 адам, 1980 жылы    176 адам, 1981 жылы – 78 адам, 1982 жылы – 146 адам қаза  тапты…

(Қырғын соғыс, айқас-шайқас, гүріл естіліп жатқанда жауынгерлер соғысып жүрген сияқты).   (Жерге жауынгерлер құлайды).

 

Қобыздың үні.

 

Диктор:     Сол түнгі шайқаста Серікжан Елубаев, Нұржан Нысанбаев, Мейірбек Бексейтов шалажансар күйлерінде госпитальға жөнелді.

Серікжан Елубаевтың әскерде Ауғанстанда қызмет ету мерзімі төрт ай бұрын айақталып, әлде қашан елге қайтуы тиіс еді. Амал қанша… Ал Нұржанның қолы мен аяғы ғана табылды.

 

Әр тағдырды таразылап тең безбен,

Құсни дүние–ай, ұшқаның ба сен көзден?

Ер едім ғой еңселігім екі елі,

Енді міне елеспін мен ел кезген.

 

О, жалған–ай, жалған дүние-ай, жалған–ай,

Жанбай өшкен жабығулы арман–ай,

Жүрегімнің тұншып қана қалғаны –ай,

Сәулешімнің сыңсып дауыс салғаны-ай.

Еске алайық боздақтарды!

Бозымдардың бозторғай жанын…Еске алайық, тірілер… Ауған соғысында қаза тапқан қыршындарды…      Еске түсірейікші бір мезет…..

 

І- жүргізуші:  Оқушылар! Сол бір ауыр жылдары Ауғанстан жерінде еліміздің  түкпір-түкпірінен жастар өздерінің адал борышын атқарған. Солардың ішінде біздің колледжіміздің де түлектері болған.

 

ІІ- жүргізуші:  Осы колледжді (ол кездегі автомеханикалық техникумды)         1987 жылы үздік қызыл дипломмен бітіріп, онан соң жолдамамен Саратов қаласындағы автомобиль жолдар Институтына оқуға түсіп, сол 1987ж желтоқсан айында кеңес одағының әскер қатарына шақырып, Ауғаныстан жерінде өздерінің интернациионалдық борышын атқарған колледжінің түлектері.

  1. Егенбердиев Ғалымжан.
  2. Шыңғысбаев Мақсат.
  3. Сахыметов Қайрат.

 

І- жүргізуші: Жаңағы аталған түлектеріміздің ішінде Егенбердиев Ғалымжан ағамыз сол бір кезекті шайқаста машинасы минаға жарылып ауыр жараланып 1988 жылдың  1 маусымында ерлікпен қаза тапты. Осы ерлігі үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталып туған жеріне жерленді.

ІІ- жүргізуші:  Ғалымжан ағамыздың әкесі Егенбердиев Жұлдызхан ағамыз осы колледжіміздің аға оқытушысы, экономика және бухгалтер және есеп кафедрасының  меңгерушісі болып қызмет жасады.

 

І- жүргізуші:  Ал енді Ғалымжан ағамызбен осы жерде бір топта оқып, өмір жолдарын бірге бастаған, Ауғанстан жерінде бірге шайқасқан жан достары Қайрат пен Мақсат  ағаларымыз бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың қадірменді қонақтары араларыңызда отыр. Сол ағаларымызды сахна төріне шақырсақ.

 

Сұрақ-жауап:  Ағаларыңа қоятын сұрақтарың болса, қоюға

болады.

  1. Сіздер Ауған жерінде болдыңыздар, сол кездегі душмандар деген кімдер?
  2. Ағалар!Сол соғыста өз мамандықтарыңыз бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік болды ма?
  3. Ғалымжан ағамыз қаза тапқанда сіздер қасында болдыңыздар ма? Ол хабарды сіздер кімнен естідіңіздер?
  4. Апайларымыз бен ағайларымыз сіздерді жақсы ән айтатын дейді. Әскер қатарында жауынгер болып жүріп айтқан өлеңдеріңіз болса айтып берсеңіздер?
  5. Осында отырған өздеріңізден кейінгі жастарға не тілек айтар едіңіздер?

 

ІІ- жүргізуші: Ендеше басқа сұрақтарың болмаса, онда сіздердің       аттарыңнан колледж ұжымының атына алтын уақыттарыңызбен санаспай бізбен жүздесіп, сұхбаттасуға келгендеріңіз үшін үлкен рахметімізді айтамыз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға аманшылық тілейміз.

Ән:    «Ауғанстан»

 

Өлеңдер:      (Мәнерлеп оқу)

 

«Елбасымыз тыңдарма екен»

 

Жылдар өтер, зырлап өтер,

Уақытыңды ұрлап өтер.

Өткен қолын бұлғап өтер,

Ал сен болсаң тұрма бекер.

 

Шығам десең шың да жетер,

Қолдан келсе ту да көтер.

Майыспағын, қайыспағын,

Болмашыға бома бекер.

 

Жылдар өтер сын да жетер,

Шырмауықтай шырмап өтер.

Су құйғандай құмға бекер,

Жаратылыс жұмбақ екен.

 

Қысылғанда қылдан өтер,

Кесіп айтар тұлғаң екен.

Топ бастасын, тот баспасын,

Алмаш қылыш қында бекер.

 

Жағымпаз жоқ жылмаң  етер,

Жүрген жерін былғап өтер.

Ескермейтін ерлігің бар,

Кейінгі ұрпақ  жырлап өтер.

 

Қарға емеспіз шулап өтер,

Кеттік десе ым да жетер,

Ертаевтай ері барын,

Елбасымыз тыңдар ма екен?

 

 

 

 

 

«Мұсылман батальон»

 

Машиналар жанған,

Миналанған жолдар.

Есімде сұрапыл айқастар,

Сұрапыл айқаста,

Екінші батальон шайқасқан.

 

Мұсылман батальон,

Аралап Ауған даласын.

Көрсеткен ерлікпен,

Кім екенін қазақ баласын.

 

Комбат бастап алға,

Ажал күткен тауға.

Көтерілді екінші батальон,

Күтіп алды дұшпан,

Сол жерде қазақтар, Оққа ұшқан.

Тауда құлап тастар,

Сұр бұлт басқан аспан.

Снаряд ысқырып зулаған,

Талай  боздақ  жастар.

Жер жастанған тастан,

Сүйегі сұраусыз қураған.

 

Не күтеді алдан?

Бізде бұйрық–заң бар.

Біз алдық Отаннан  тапсырма,

Артта қалар Ауған,

Тірі қайтып сау бар,

Туған ел, біздерді жатсынба.

 

 

«Ауған соғысы» 

 

Армысың қаны қазақ қаһармандар,

Одақтың солдаты боп аттанғандар.

Кеңестік өкіметі кездерінде,

Досы мен жауы бір боп маталғандар.

 

Советтің саясаты өз алдына,

Ау, жұртым бөлек сөзге апармаңдар.

Бұйрық бұлжығанын сатқын деген,

Ол кезде КСРО-да қатал заң бар.

 

Мұсылманның жерінде амалсыздан,

От кешті ерің солдат қып апарғаннан.

Он сегіздегі сарбаздар сол кездегі,

Бүгін таяп елуге сақалданған.

 

Содан бері 25 жыл да өтті,

Жас сарбазға егделік тақалды алдан.

Өмірге тәлім берер ардагерге,

Көзді жұмып жөн болмас мақауланған.

 

Қолға тірі түспес үшін соңғы оқпен,

Солдатқа өзін-өзі атар заң бар.

Жанын қиып опат боп кеткендер бар,

Тірісі үміт күткен атар таңнан.

 

Кейбірі аяқ-қолсыз боп оралды,

Соғыстың зардабынан қаһарланған.

Арысынан айрылып  арамызда,

Көзіне көлдей қылып жас алған бар.

 

Ардақты ағайындар, ардагерлер,

Құдайым жебеп жүрсін қашан да алдан!

 

 

І- жүргізуші.    Шалқытып мерекеде ән салайық.

Өнерпаз өркендерге тамсанайық.

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Әншілер өз өнерін көрсетуде.

 

Хор:  «Бейбіт  күн»

 

ІІ- жүргізуші:   Ешқашан соғыс болмасын!

Аспанымызда соғыс бұлты торламасын.

Бұл әлемде бейбітшілік орнасын!

 

І- жүргізуші:     Қоштасатын, мінекей, кезде келді.

Еске алармыз тамаша осы кездерді.

Сағынышпен көріскенше көрермен

Қуанышқа бөлеп әркез сіздерді.

 

ІІ- жүргізуші:  Тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!       Сіздермен келесіде     кездескенше             сау-саламатта болайық.