Наурыз думан

75

Сабақтың тақырыбы: Наурыз думан

Мақсаты: Оқушылардың наурыз мерекесі жөніндегі білген – түйгендерін толықтыру, мерекедегі айтылатын ұлағатты салт – дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: « Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!» мақал – мәтелдер,жұмбақтар,ұлттық киімдер,құрақ көрпеше, бесік.

 

Жүргізуші: Құрметті оқушылар! Наурыз мерекесі құтты болсын!Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді.Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп,оны ақ тілекпен,ақ ниетпен қарсы алады.

 

1 –оқушы: Бүгін күн – түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Соны тойлар ел енді.

 

Жүргізуші: 22 наурыз күн мен түн теңелетін күн. Ендеше күн мен түннің әңгімесін тыңдайық.

 

Күн: Сәулесі мол күнмі

Түн : Жұлдызы мол түнмін.

Екеуі: Бірдей болып бізде

Теңелеміз бүгін

 

Түн: Ал ертен күн ұзақ

Күн: Түн қысқарар бірақ

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек жылап

 

2 – оқушы: Өмір бағы жайнасын,

Бақта бұлбұл сайрасын

Өркендесін тіршілік,

Өсіремін бір шыбық

 

3 – оқушы: Тыныш болсын даламыз,

Таза болсын ауамыз!

Түгел болсын нуымыз,

Тұнық болсын суымыз.

 

Би:  Келді наурыз жар салып,

Би билейік, ән салып

Жылда келсін Ұлыс күн

Тұрайық есен қарсы алып.

 

 

Хор: «Жау, жау, жаңбыр»

 

Жүргізуші: Тойды одан әрі « Бесікке салу» ырымымен жалғастырсақ деген тілек бар.

 

Үйдің ішінде дастархан жаюлы.Қыз – келіншектер кәде – жораларым, шашуларын алып келіп жатыр.                                                                                                                       Келгендер: Сәбидің бауы берік болсын!

Үйдегілер: Төрлетіңдер, төрлетіңдер!

Дастархан басындағы әңгіме:

Апасы: Баланы бесікке салайық.Баланы алғашқы бөлеу ұрпақ өсірген үбірлі – шүбірлі қадірмен апаға тапсырылатын ырымы бар.Ендеше Гүлназ апа сіз көпті көрген, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қадірменді апасыз. Бесікке сіз салыңыз, мына қыз – келіншектерге сіздің жолыңызды берсін.

 

Гүлназ апа: Кәне, бесікті әкел.Бесік — өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы,оны ер      жеткенде ардақ тұтар асыл бұйымы,мұны білген абзал.

 

Балалар: Апа мына бесік тесік қой.

Жамал апа: Ол әдейі жасалған тесік. Бұл тесік балаларға алаңсыз ұйқы сыйлайды.Алдымен тыштырма жасайық./ тыштырма ырымы түбектің тесігінен «тышты ма?» деп тәтті тағамдар өткізіп, балаларға үлестіріледі/Бұл жас нәрестенің ішкі ағзалары ауырмасын дегендігі.

 

Гүлназ апа енді отқа табыну ырымдары бар деп, от жағып бесікті бәле — жәледен аластайды.Аластап болғаннан кейін, нәрестені бесікке бөлейді.

 

Әжесі: Ал Гүлназ мынау сенің сыйың.Гүлназ апаға және оның немерелеріне  көйлек жабдық сияқты сый тартылады.

 

 

Әжесі бата береді:

 

Сәбиіміз сүйкімді болсын,

Өнер білімге икемді болсын,

Бәйтеректей бойшаңданып,

Өрен, өршіл,өркенді болсын!

Жақсы жолды таңдасын,

Жамандықтан тәлім алмасын!

 

Апасы: — Ал енді, қызым бесік жырыңды айтып,сәбиіңді ұйықтата қой.

Гүлназ апа: Сәби бесікте жатқанда анасының ұлағатты әнін естіп бойына тәрбиелік , рухани ана тілінде қабылдайды.

 

Қыз – келіншектер: Рахмет сіздерге . Бүгін біз сіздерден көп нәрсе үйрендік.

 

Әжесі: Біз сіздерге көп нәрсе үйретеміз,сіздер балаларыңызға үйретіп отырыңыздар.Сонда ата – бабамыздың қалған қазақтың әдет – ғүрпы,дәстүрі,мәдениеті,тілі өлмейді.

 

Ал балалар! Біз бүгін көп дүниені білдік.

 

 

Хор: « Ақ дидарлы анашым»

 

Ойын ұйымдастыру.

 

 

Жүргізуші: Құрметті көрермендер, бүгінгі біздің кешіміздің мақсаты- Ұлтымыздың салт – дәстүрін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғарту.Осымен ұлыстың ұлы күніне арналған Наурыз думан атты кешіміз аяқталды. Жылдан жылға аман – есен жете берейік! Келіп тамашалағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар.