Әлеуметтік зиянды әдеттерден аулақ болайық

143

Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік зиянды әдеттерден аулақ болайық

Мақсаты: Оқушыларды қоршаған ортада болатын түрлі зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Есірткі,темекі,ішімдік т.б. зиянды заттарды пайдалану адам өміріне қауіпті екенін ұғындыру. 1 желтоқсан Бүкіләлемдік АҚТҚ-ға күрес күні екенін таныстыру. Оны болдырмаудың жолдарын,сақтану әрекеттерін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.Денсаулық туралы ұғымдарын кеңейту.

 

Әдісі:   Сұрақ-жауап,түсіндірмелі тест түрлері,топтау әдістері,пікірталас,ассосация,көрініс,жарнамалар.

 

Көрнекілігі:Денсаулық туралы нақыл сөздер.плакаттар,маркер,интерактивті тақта,суреттер.

 

Түрі: Диспут сабақ

 

 Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушыларын түгендеп,балаларды 4 топқа бөліп отырғызу.Бүгінгі сабақтың мақсатын  түсіндіру.

 

    «Есірткі алып келгені және таратқаны үшін берілетін жазаны қатаң күшейту керек»

                                                                                                             Н.Ә.Назарбаев.

 

2.Әлеуметтік зиянды әдеттерге нелер жатады? Оқушылар пікірлерін тыңдау.

 

  1. Топ бойынша дайындап келген түрлі тақырыптағы көріністерін тамашалап,оқушылар пікірін ортаға салып тыңдау.

 

  1. 4. Ситуациялық сұрақтар қою. (әр топқа)

 

  1. Жасөспірімдер зиянды әдеттерге қандай жағдайларда ұрынуы мүмкін?

 

І.Әуесқойлық

ІІ. Сырттағы топтың қысым көрсетуі

ІІІ. Түрлі мәселелерді өз бетінше шешуге тырысу

ІҮ.Өзінше жаңалық ашу.

Ү.Бос уақытты тиімді пайдалана алмау

           

  1. Есірткі пайдалануда болатын қауіп-қатерге байланысты тест сұрақтарын дайындап алу.

 

  1. Зиянды әдеттерге қарсы көзқарастар қалыптастыру.

Оқушылар топ бойынша зиянды әдеттерді әшкерелейтін жарнамалар ұйымдастырады.

 

  1. 8. «ТИ» кестесі арқылы «келісемін», «келіспеймін» айдары бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың қоғамда кездесетін проблемалық мәселелер төңірегінде көзқарастарын білу.

 

  1. Осындай зиянды әдеттермен айналысу туралы досың кеңес берсе,қалай қарсы пікір айтып қорғана алар едің?

Оқушылар пікірін тыңдау.

 

  1. Ой қорыту.

І.Мен үшін өмірдегі ең құнды нәрселер мыналар болып табылады…

ІІ. Нашақорлықтың алдын алу үшін қандай ұсыныс айтар едің..?

Оқушылар пікірін тыңдау.

 

11.Сандар сөйлейді:

 

  1. Жылқыны сеспей қатыру үшін 7-8 тамшы никотин жеткілікті.
  2. Егер адам күніне 1 қорап темекі тартса,бір жылда оның өкпесіне 1 литр смола жиналады екен.
  3. Дүние жүзі бойынша темекі зардабынан күніне 10 000 немесе 3,5 млн адам қайтыс болады.
  4. Ішімдік адам өмірін 10-15 жылға қысқартады.
  5. Балаларға 10 г арақ,жасөспірімдерге 40-50 г арақ өлімге душар етеді.
  6. Маскүнемдердің балаларының 38 % кемтар болады.
  7. Нашақор адамның өмірі өте қысқа,нашаның 0,5 грамын иіскесе,0,1 грамын тамырға ексе сананы улай бастайды.
  8. Елімізде СПИД-пен ауыратындардың 85 % -нашақорлар.

 

 

  1. Қорытынды.

 

Салауатты өмір салтын қолдайық!

Әдеттен жаман әрқашан аулақ болайық.

Өз өмірің өз қолыңда,ей,жастар!

Су ішпеген гүлдей болып солмайық.

 

Сабақ соңында белсенді оқушылар,ұйымшыл топтар мадақталып, бағаланады.